140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні

15.05.2018

img22033391

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні

Мамыр айының әрбір үшінші демалысында дүниежүзінде ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күні адамдар өздерінің ЖИТС-тан қайтыс болған туған-туыстарын, жақын адамдарын, таныстарын еске алады. 2018 жылы бұл күн мамырдың 20-на келеді.

Халықаралық ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күнін өткізу мақсаты АИТВ/ЖИТС-тың таралуы, АИТВ-жұқпасы бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару болып табылады.  2018 жылғы Халықаралық еске алу күні «Есімізде, білеміз, жеңеміз!» ұранымен өтеді.

Алғаш рет еске алу күні 1983 жылы америкалық Сан-Франциско қаласында ЖИТС мәселесімен бетпе-бет келген және терең ойланған адамдар тобымен ұйымдастырылды. Бірнеше жылдан кейін осы ауруға қарсы қозғалыс символы пайда болды. Бұл өмірден өткен көптеген адамдарды еске алу туралы киімге тағылатын қызыл лента, сондай-ақ түрлі түсті маталар – матаның қиықтарынан тігілген квилттер болды. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік ЖИТС-тан зардап шеккендерді еске алу күніне акция белсенділері мен қарапайым оған қатысқан адамдар өз киімдеріне қызыл лентаны түйрейді.

ЮНЭЙДС бағалауы бойынша 2014 жылы жер шарында адам иммунтапшылығы вирусын жұқтырған 36,9 миллион адам өмір сүріп жатыр. Шамамен 2 миллиондай адам қайта АИТВ жұқтырған, ал 1,2 миллиондай  адам ЖИТС-пен байланысты аурулардан қаза тапты.

Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні шеңберінде халық арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға төзімділікпен қарауды ұсынады. Тұрғындарды АИТВ-ға тестілеуге шақыруға ерекше назар аудару қажет.

Байланыс телефоны: 8 (718)2 32-98-76 

Апаева Роза





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа