140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Медбике күні

2017 жылғы 12.05

IMG_4084

2017 жылғы 11 мамырда Павлодар №1 қалалық ауруханасы базасында Медбике күніне арналған салтанатты шара өтті. Аталған шарада Павлодар облысының медбикелерінің құрметіне құттықтау сөздері айтылды. Наградтау салтанаты болды:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен — Елена Васильевна Гарник– Павлодар облыстық балалар ауруханасының аға медбикесі марапатталды. Павлодар облысының «Үздік медбике ісінің менеджері» номинациясының жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен:

  • Күләш Алдоңғарқызы Ахметова — Лебяжі орталық аудандық ауруханасының бас медбикесі, Павлодар облысының «Үздік ауыл медбикесі» номинациясының жеңімпазы.
  • Людмила Николаевна Назаренко – Павлодар жоғары медицина колледжінің оқытушысы, Павлодар облысының «Үздік медицина колледжінің оқытушысы» номинациясының жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттарымен:

  • Галина Геннадьевна Купина — Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығы аға акушері, Павлодар облысының «Үздік мамандандырылған медбикесі» номинациясының жеңімпазы
  • Ләззат Жикенқызы Шитова — Павлодар қаласының №4 емханасының учаскелік медбикесі, Павлодар облысының «Үздік АМСК медбикесі» номинациясының жеңімпазы.

Облыс әкімінің құрмет грамотасымен:

  • Күлбану Қайыргелдинқызы Игликова, ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК аға медбикесі;
  • Светлана Юрьевна Мельник, ШЖҚ «Ақсу орталық ауруханасы» КМК гинекологиялық бөлімшесінің аға медбикесі;
  • Елена Борисовна Жемолоцкая, ШЖҚ « Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК ота медбикесі.

Сондай-ақ, Павлодар облысының медбикелері өздерінің қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғандығы үшін Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының, ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Павлодар облыстық кәсіподақ филиалының төрағасымен және «Саламатты Павлодар» Медициналық Қауымдастығы»  қоғамдық ұйымының құрмет грамоталарымен наградталды.

Шараның құрметті қонақтары медбикелер, ардагерлер, Ауған оқиғаларының қатысушылары: Айша Жұмашқызы Үсембаева және Роза Оралбекқызы Қошқарбаева болды.

Шара соңында концерттік бағдарлама және медбике әнұраны айтылды.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа