140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Облыс денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру және байқалған сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесін өткізу туралы

2017 жылғы 19.05

IMG_4087

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы; жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында мерзімдерін қысқартумен мемлекеттік қызметтерді көрсету және шаралардың қайталануын ескере отыра, құжаттар тізімі процесінің барынша оңтайландыру бойынша тапсырмалар қойылды

Мемлекеттік қызметтер толықтай электронды форматқа ауыстырылуы керек және физикалық тұрғыда қызмет алушының  міндетті түрде болуы керек емес.

Мемлекеттік қызметтердің аса көп алуды талап ететіндер денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер. 2017 жылғы 1-тоқсанда облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 1 033 976 мемлекеттік қызмет көрсетілді,  оның ішінде 920 236 мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау саласында, бұл жалпы санның 88,9% құрайды. Оның ішінде тек қана  299 926 қызмет ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде көрсетілген.

Қойылған мақсатты іске асыру – барлық қызметтерді электронды форматқа ауыстыру, облыстың денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті қызметкерлерінің және алғашқы медикалық-санитарлық көмек көрсететін, облыс медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің қатысуларымен жұмыс кездесуі өтті.

Көрсетілген тақырып бойынша сөз сөйлегендер – облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының орныбасары С.Ш. Төлегенова және облыстың мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы А.К. Мұсапирова.

Кеңес барысында келесідей қызметтерді ауыстыру бойынша әрі қарай әрекет ету жоспары әзірленген болатын, 2017 жылдың соңына дейін, барлық АМСК ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйені енгізу және қоғамдық орныдарда автоматтандырылған инфоматтарды орнату жолымен  «Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметтерін электронды форматқа ауыстыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сыбайлас жемқорлық қауіптерімен қатар жүретіндігін ескере отыра, өткізілген жұмыс шеңберінде, облыстың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының басшысы А.А. Балғожин және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаментінің Павлодар облысы бойынша штаб бастығы Г.Г. Найманова баяндамаларымен сөз сөйледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің әріптестері тыңдаушыларды  денсаулық сақтау саласындағы соңғы сыбайлас жемқорлық резонанстарының нәтижелерімен таныстырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндірді, сондай-ақ облыстағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу үшін өткізілген шаралар және акциялар туралы ақпараттандырды.

Кеңес нәтижесі бойынша  осы форматтағы жұмысты тұрақты негізде өткізу шешілді.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа