140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодар облысында жоғары технологиялар күні

2017 жылғы 06.05

IMG_9054

2017 жылғы 5 мамырда «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» базасында  «Жоғары технологиялар күндері» республикалық акциясы өтті.

Акция шеңберінде «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» мамандар тобы келді, құрамында:

  • Мұрадым Оралбайұлы Мұрзағалиев– №2КХО кардиохирург дәрігері;
  • Әлихан Нұрполатұлы Байдәулетов–интервенционды аритмолог дәрігері;
  • Ғалия Мұхтарқызы Тұрғанбаева — кардиолог дәрігері.

 «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» директоры О.С. Мұқашев аталған акцияны өткізу мақсатына түсініктеме беру үшін және күтілетін нәтижелер туралы БАҚ өкілдерін шақыртумен, мамандардың қатысуларымен конференция өткізді.

Аталған шараны өткізу барысында облысымыздың созылмалы жүрек ақауы, жүректің ишемиялық ауруы, қақпақшалар патологиясы, жүрек ырғағының бұзылысы, артериялық гипертензия пациенттерін қабылдау кеңесі өткізілді, әрі қарай емдеу үшін ұсыныстар берілді.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа