140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодар облысында жоғары технологиялар күні

2017 жылғы 05.05

htech2

Біріктірілген жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында және аймақ тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету үшін, кардиохирургиялық науқастар және жүрек ырғағы бұзылған науқастарға арналған «Жоғары технология күндері» республикалық акциясы өтіледі.

 Акция шеңберінде мамырдың 5-6 күндері «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» мамандар тобы келеді, құрамында:

  • Мұрадым Оралбайұлы Мұрзағалиев– №2КХО кардиохирург дәрігері;
  • Әлихан Нұрполатұлы Байдәулетов–интервенционды аритмолог дәрігері;
  • Ғалия Мұхтарқызы Тұрғанбаева — кардиолог дәрігері.

2017 жылғы 05 мамырда сағат 11.00-де «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» базасында біздің облысымыздың пациенттерін қабылдау кеңесі өткізілетін болады, созылмалы жүрек ақауы, жүректің ишемиялық ауруы, қақпақшалар патологиясы,жүрек ырғағының бұзылысы, артериялық гипертензия.

Облыстың медициналық ұйымдары жоғары кәсіби мамандарының келетіндері туралы хабардар етілді.  Емханаларда хабарландырулар ілінген, кеңесті қажет ететін, жүрек аурулары бар науқастарды қабылдау ұйымдастырылған. Мамандардың жұмыстарын жария ету үшін облыстық «Звезда прииртышья» газетінің журналисті шақырылды.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа