140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы «Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында Павлодар медицина жоғары колледжінің оқытушыларын құттықтайды

2017 жылғы 29.09

Жақсылық, мейірімділік және кәсібилік жолымен

tontaeva

Мектепті бітірген әрбір түлек алдынан еліміздің кең байтақ мүмкіндіктерін көреді. Біреу кәсіп таңдауын өзі жасайды, кейін ол болашағын анықтауда шешуші болып жатады. Атап айтсақ, өз таңдауын өзі қалаған жас қыз, Құралай  Байтұрғановна, 1977 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түседі. Дәрігер- емдеуші  біліктілігін алған ол Павлодар медициналық  училищесіне  жұмыс істеуге келіп, 34 жылдан астам  болашақ медицина қызметкерлеріне осы күрделі де, ізгілікті кәсіптің даналық қасиеттерін оқытып үйретіп келеді.

Жұмыс істеген осы уақыт ішінде ол өзін  жоғары білікті, сауатты маман ретінде көрсете білді.Оның жұмысының негізгі бағыты білім алушыларына өздік және шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.

Тонтаева Куралай Байтургановна – тәжірибелі, шығармашылықпен істейтін ұстаз, арнайы пәндер оқытушысының  жоғары  біліктілік санаты бар.

 Оқу сабақтарын жоғары әдістемелік деңгейде  өткізеді,  жеке-бағдарлы  оқыту, АКТ, проблемалық-бағыттаушылық және симуляциялық оқыту сияқты замануи педагогикалық технологияларды қолданады. Оқытудың дәстүрлі және жаңашыл әдістерін білуі және сауатты қолдануы  оқушыларының бағдарламалық материалдардың міндеттерін тиімді шешуге  мүмкіндік береді.

Оның студенттері халықаралық және республикалық конкурстардың  жүлдегерлері:

Вергелесова Е., «Емдеу ісі» мамандығының 4 курс студенті, «ЭКСПО 2017», арналған, «Фельдшер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының бітіруші курс студенттері арасындағы «Ақ барыс» атты  шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі халықаралық конкурстың «Мен – Менің колледжім-Менің қалам- Менің кәсібім» шығармашылық турында  жүлдегер атанды (2 орын), Қостанай қ.

Хамзина А., «Медбикелік іс» мамандығының 4 курс студенті,  0302000» Медбикелік іс» мамандығы бойынша «2017 жылғы- Қазақстан Республикасы  медициналық колледжінің үздік түлегі» атағына «Менің кәсібім- рухани құндылықтарға арналады» медициналық колледждер студенттері арасындағы Республикалық конкурста жүлдегер атанды (3 орын), Астана қ.

Біліктілікті арттырудың курстарында, семинарларда, мастер-класстарда оқи жүріп, өзінің  кәсіптік  деңгейін  үнемі арттырып отырады.

 Куралай Байтургановна тәжірибелі бөлімше меңгерушісі.  Лауазымдық қызметін жаңадан бастаушы бөлімше меңгерушілеріне, сынып жетекшілеріне үнемі әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Әсіресе студенттеріне жауапкершілік, жоғары мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруына  ерекше көңіл бөледі

Құралай Байтургановнамен орта буын медицина қызметкерлерінің  тұтас шоғыры тәрбиеленді. Оған – белсенді өмірлік ұстаным, зор еңбекқорлық, адамдарға деген кішіпейілділік пен сыйластық қатысымы сияқты қасиеттер тән, әріптестері мен студенттері арасында бедел мен құрметке ие. Біздің оқу орнымыз, оның  қалыптасуына зор үлес қосқан  дәрігер- ұстаздарымен әйгілі, бұл адамдар үнемі шығармашылықпен шұғылданған, біртума ойлау қасиеттері бар, ісіне берілген, кәсібінің үлкен әріптегі,нағыз шеберлері. Солардың бірі  -Тонтаева Құралай Байтұрғановна.


Басқарушымыз – іс адамы

sitkazinova

Бүгіндері  медициналық колледждерде еңбек етуші әр адам  болашағы үшін істейді  және де сол үшін де болашағы  жауапты.

Әсіресе, ұжымына қызығушылық, сүйіспеншілік, әрине осы сүйспеншілікке толы білімді дарыта  білген басшыны кезіктірген  адам өз тағыдырын  бақытты деп есептейді.  Бүгінгі күні, біз  директорымыз  Ситказинова Гульнара Кинжитаевна туралы айтқымыз келеді. Оған нағыз ұйымдастырушыға тән: дарын, сыртқы келбет, ақыл,  кішіпейілділік, төзімділік және шексіз қажыр-қайрат сияқты қасиеттер бар.

Гульнара Кинжитаевна – жоғары санатты «Денсаулық сақтау ұйымдастырушысы», «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, арнайы пәндердің жоғары санатты оқытушысы, практикалық денсаулық сақтау саласында істеген үлкен жұмыс тәжірибесі бар, жоғары кәсіби шеберлігімен, өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасымен, шығармашылығымен, толеранттілігімен  сипатталатын  замануи  басшы.

Гульнара Кинжитаевна басшылық жасайтын колледж Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйесіндегі басты оқу орындарының  бірі.

Оның басшылық жасауымен қоғамның перспективалық талаптарына сай медицина саласындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бойынша сапалы білім беру қызметтерін  ұсыну жөнінде мақсатты тиімді жұмыстар жүргізілуде.

Гульнара Кинжитаевна білім беру саласын сүйемелдеу және кеңейту мақсатында инновациялық оқу технологияларын енгізу, материалдық-техникалық базаны жақсартуда колледждегі жұмыс үшін ұтымды  жағдайлар жасайды. Әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтасу саласын кеңейту жөнінде тиімді шараларды жүзеге асырады.

Колледж сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандартына сәйкес  жұмыс жасайды. ISO 9001:2008, TUV Rheinland Cert GmbH талаптарына сәйкес 2015ж.03.07 берілген № 01 100 1518810халықаралық сапа  сертификаты бар.

 Қазақстан Республикасының медициналық білімінің реформалануына байланысты 2016-2017 оқу жылы  Павлодар медицналық колледжі- Жоғары колледж дәрежесін алды.

ҚР білімін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру бағдарламалары мен колледж қызметі сапасын бағалау мақсатында колледж бес мамандық: 0301000-Емдеу ісі, 0302000- Медбикелік іс, 0304000-Стоматология, 0306000-Фармация, 0307000-Ортопедиялық стоматология бойынша 2016 жылғы мамырдың 16 мен 20 аралығында облыста алғашқылардың бірі болып институционалдық және  мамандандырылған  аккредиттеуден  өтті.

Орта буын медицина және фармацевтикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру және қайта даялау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандарды симуляциялық технологиялар көмегімен медициналық оқып-үйрету, тестілеу, аттестаттау және кәсіби даярлығын әділ бағалау және  біліктілігіне сәйкестігін растау бойынша үздіксіз білім беру және және симуляциялық  оқыту орталығы жұмыс жасайды.

Өзара ынтымақтасу аясында Финляндияның Қолданбалы ғылымдар университетімени «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс  жалғастырылуда.

2016-2017 оқу жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында институционалдық реформалар жүргізу және технологияларын беру» Дүниежүзілік банк Жобасын  жүзеге асыру аясында, пилоттық режимде «Медбикелік ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың жеделдетілген  білім беру бағдарламасы енгізілді.

ҚР денсаулық сақтау секторында  технологияларды беру және  институционалдық реформа  жүргізу  жөніндегі  Жоба шеңберінде Колледжге келген Дүниежүзілік банк Миссиясының өкілі Dan Ovidiu Ava  қолданбалы бакалавриаттың білім беру  бағдарламасының жүзеге асырылуына  жағымды баға  берді.  Сондай-ақ онымен   колледж туралы түсірілген  бейнеролик бүкіл әлем телеарналарында көрсетіле бастады.

2016-2017 оқу жылы халықаралық ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды дамыту мақсатында ПМЖК Меморандум жасасты: «Гомель мемлекеттік медициналық колледжі» УО (Беларусь Республикасы) және «Қазан  медициналық колледжі» ГАОУСПО (Ресей Федерациясы).

Гульнара Кинжитаевнаның басшылық етуімен колледж студенттері мен ұстаздары халықаралық, республикалық, облыстық конкурстарға, жобаларға, олимпиадаларға, жарыстарға, спартакиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысып, жеңімпаздары атануда:

Айменова А., «Медбикелік іс» мамандығының 4 курс студенті –халықаралық қатысуымен, «2017-Медициналық алдын алу» аймақаралық ашық ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпазы (1 орын), Москва қ. Ресей Федерациясы

Вергелесова Е., «Емдеу ісі» мамандығы 4 курсының студенті, «ЭКСПО-2017» арналған «Фельдшер» біліктілігімен, «Емдеу ісі» мамандығының бітіруші  курс студенттері арасындағы «Ақ барс»  атты шұғыл  медициналық көмек көрсету бойынша «Мен-Менің колледжім- Менің қалам- Менің кәсібім» шығармашық турда  жүлдегер атанды (2 орын), Қостанай қ.

Хамзина А., «Медбикелік іс» мамандығының 4 курс студенті, 0302000 «Медбикелік іс» мамандығы бойынша «2017 жылғы- Қазақстан Республикасының медициналық колледжінің үздік түлегі» атағына «Менің кәсібім рухани құндылықтарға арналады» медициналық колледждер түлектері арасындағы  Республикалық конкурста жүлдегер атанды (3 орын), Астана қ.

Алимуханова Б. Н., арнайы пәндер оқытушысы –ҚР медициналық колледждері арасындағы «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша оқу сабағының үздік әдістемелік өңдемесі» Республикалық конкурста жеңімпаз атанды (I орын).

Зеленцова Т. В., педагог – психолог,  психология оқытушысы – «New Opportunities» ЖШС оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары – психологтар, логопедтер мен дефектологтары үшін өткізген «Мен және менің кәсібім»  Республикалық қашықтық конкурсының «Ұстаздық шеберлік»  номинациясында  жеңімпаз атанды (1 орын) , 2017 г., Астана қ.

Гульнара Кинжитаевна біліктілікті арттыру курстарында оқи жүріп, өзінің  кәсіптік шеберлігін үнемі арттырып отырады. Халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға  белсене қатысады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медиициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орт білімнен кейінгі білімнің, жоғары білімнің мәселелері  бойынша  мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі  Жұмыс тобы  құрамына енді.

Талапшы, әдепті, өз ісін сүйе білетін Ситказинова Гульнара Кинжитаевна ұстаздары, студенттері мен олардың ата-аналары арасында  құрмет пен беделге ие болды.  Өз  ұжымына  әрқашанда  зейінді, мейірімді, әділетті. Л. Н. Толстой  айтқан еді- жақсы мұғалімге екі  қасиет те  жеткілікті, ол- үлкен білім мен үлкен жүрек. Осы қасиеттердің барлығы да  директорымызда баршылық.


Уақытты  билеп алған адам

sidorov

Бүгіндері сұранысқа ие болу  үшін бір ғана  тар  мамандықтың кәсіпқойы болу жеткіліксіз.  Өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, икемді әмбебап болып, өз оқу орның үшін қамқорлық білдіру, оның спорттық-сауықтыру жұмысын  ұйымдастыруға және өткізуге  толықтай араласып, өскелең ұрпақты  салауатты  өмір  салтына  баулу қажет.

Сидоров Николай Николаевич- тәжірибелі, шығармашылықпен  істейтін ұстаз,  өз ісінің  кәсіби шебері, дене шынықтыру оқытушысының  жоғары  біліктілік санаты бар

Оның педагогикалық қызметі- студенттердің денсаулығын дене тәрбиесі мазмұнын, нысанын және әдістерін үнемі жаңарту және жетілдіріп отыру жағдайында нығайтуға бағытталған.

Н.Н. Сидоров жыл сайын қала деңгейінде «Сергектік», «Жас Батыр», «Қыздар сайысы» атты аудиториядан тыс спорт  іс-шараларын  қала деңгейінде өткізеді. Николай Николаевич пен оның командасы  өткізетін барлық  іс-шаралары Павлодар қаласының  облыстық  телевидениесінің  ақпараттық-спорттық  блоктарында көрсетіліп отырылады.

Жарияланған мақалалары бар: «Сергектік-2016», «Медицина мен спорт одағы»  «Ұстаздар» газеті, 2017ж.

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі инструктор, қала мен облыс деңгейіндегі барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың басшысы және ұйымдастырушысы.

Спорттың тоғыз түрі бойынша медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиаданы ұйымдастырушы және бас төрешісі. Н.Н. Сидоровтың басшылық етуімен  Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрама командасы бірнеше рет облыстың медицина қызметкерлері арасындағы  кешенді спартакиадасының жеңімпазы атанды.

2016 жылы  ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығын мерекелеу шеңберінде Павлодар медициналық жоғары колледжінің  құрама командасы облыстың медицина қызметкерлері  арасындағы кешенді спартакиадасының абсолютті чемпионы   болды.

Қысқы футбол бойынша облыстық турнир жүлдегері «Медбикелік іс» мамандығының 4 курс студенті Е. Қабиденовты (2 орын) дайындады.

Онымен ұйымдастырылған  спорттық-сауықтыру іс-шаралары: Ирбис, Қазақстан-Павлодар облыстық телеарналарында көрсетіледі, «Қазақстанның футбол федерациясы» сайтында, сондай-ақ халықаралық сайтта: http://rus.azattyq.org/azattyq.org  жарияланады.

Футбол бойынша спорт секциясына басшылық жасайды. Жыл сайын түрлі жарыстарға қатысуы үшін колледждің құрама командасын дайындайды. Футбол бойынша дәстүрлі қысқы және жазғы  турнирлер  өткізеді.

Футболдан жоғары санатты ҚР спортының Ұлттық төрешісі

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа