140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодар қаласы ЖИТС орталығындағы ашық есіктер күні

13.04.2018

IMG_32701

Сәуірдің жетісі күні Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы және оның Ақсу, Екібастұз қалаларындағы бөлімшелері Дүниежүзілік денсаулық күніне ұштастырылған Ашық есіктер күнін өткізді.

Бұл күні үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді: ЖИТС орталығымен қоғамның, халықтың маңызды бөлігін салауатты өмір салтын ұстануға назарын аудару мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді.

Медицина қызметкерлері физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі әлемде қайтыс болудың төртінші маңызды факторы болып табылатынын атап өтті, бұл жыл сайын 3,2 миллион адамның өліміне әкеп соғады. Физикалық белсенділік денсаулық үшін маңызды артықшылықтарға ие және ол аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Осы акцияның айрықша ерекшелігі – әрбір адамның белсенді жаттығулардың қажеттілігін түсіну. ЖИТС орталығы мен оның бөлімшелерінде келушілерге АИТВ-ның, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу, екпе, жарақаттардың алдын алу, жыл сайынғы алдын алу қараулардын өту бойынша ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

Акция аптаның соңында қызметкерлердің кең ауқымды қала акцияларына қатысумен аяқталады





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа