140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Рухани жаңғыру. «Туған жер» «Оқу орныннан кейін – туған өлкеге, үйге оралу!»

2017 жылғы 13.10

IMG-20171011-WA0003

Қалыптасып қалғандай, оқуды бітіргеннен кейін түлектер қалаға оқуға келеді, ал білім ордасын бітіргенен кейін, сол жерде жұмысқа тұруға тырысады. Туған өлкеге қайтып келетін мамандар сирек.

Бүгінде, облысқа дәрігер, мұғалімнен басқа өзге маман иелері де қажет, мысалы агроном, инженер, зоотехник. Және де кәсіпорын басшылары арнайы білім алған жас мамандарды жұмысқа қуана-қуана алады.

Оқуларын бітіргенен кейін жастар үйге қайтады. Кейбіреулері «қайда тудым, сонда қызмет етем» деген ұстаныммен шешім қабылдайды. Дәл солай, біздің де Нұржанат Қабиболлақызы Байгоншекова шешім қабылдаған, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін бітіргеннен кейін туған өлкесіне қайтып келіп, ШЖҚ «Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы» КМК-на стоматолог дәрігер қызметіне орналасты.

— Менің бала кезден арманым болатын, дәрігер болып, адамдарға көмектессем деген. Осы емханаға бала кезімде келіп тісімді емдететінмін,- деп бастады өз әңгімесін Нұржанат, мектепті бітіргенен кейін қайда барып, оқуға түсем деген ой болмады, себебі «Стоматология» факультетіне түскім келді. Диплом алғаннан кейін, мен үшін бала кезден ыстық келетін стоматологияда өз еңбек қызметімді бастау бақыты бұйырды. Емханада бірнеше ай қызмет еткеннен кейін, бұл қызметтің маған жол ашатынын түсіндім. Мені тату, ұйымшыл ұжым қарсы алды, ұйымның жұмысы мен шарттары да ыңғайлы. Емханада өз ісіне жауапты, жаны ашитын, бауырмал, ақ пейлді қызметкерлер жұмыс жасайды.

Оқу орнын бітіріп, мамандығы бойынша қызметке орналасқан әр студент жұмыс барысында кейбір қиындықтарға тап болатыны анық. Оқып, білім алу – бір басқа, тәжірибе – бір басқа. Былайшы айтқанда, барлығына қайта үйрену керек.

— Расында солай,- деп келісті Нұржанат, жаныма жетекші бермегенде, қызметті қалай игеріп аларымды білмеймін. Менің жетекшім барлығын тәтпештеп айтып, көрсетіп берді, сол үшін мен оған ризамын. Ал қазір мен өзімді маман ретінде сезінемін. Қызметім ұнайды. Осы мамандықты таңдап, туған өлкеме қайтып келгенім бекер емес деп ойлаймын, осылайшы мен балалардың стоматологиялық саулығына және денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесімді қоса аламын.


kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа