140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Сандық сауаттылық қызметі

02.08.2018

IMG_7846

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-да цифрлық сауаттылық орны ұйымдастырылды, онда халыққа «DamuMed» мобильдік қосымшасын дұрыс қолдануға және дәрігердің қабылдауына қалай жазылуға болатыны туралы ақпарат беріледі. Емханада орнатылған LED экрандарда  мобильді қосымшаны пайдалану ережелері өте қолжетімді және түсіндіру ақпараты бар бейнероликтер көрсетіледі.

DamuMed мобильдік қосымшасының көмегімен пайдаланушылар дәрігердің қабылдауына жазылуға немесе дәрігерді үйге шақыртуға, жазылған рецептерді және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қарауға, еңбекке жарамсыздық парақтарын жүктей алуға мүмкіндігі бар. «Дабыл нүктесі» қызметі 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына, жүкті әйелдерге және диспансерлік бақылаудың жеке топтары бойынша тұрған емделушілерге бір рет басу арқылы жедел дәрігерді үйге шақыртуға мүмкіндік береді.

DamuMedтің басты артықшылығы —  бұл дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеу. Қосымша өтініштердің нәтижесін алу және нәтижеге жету процесін жылдамдатады, пациенттерге  қолжетімді түрде қажетті медициналық ақпаратпен қамтамасыз етеді және олардың денсаулығына қатысты қажетті шаралар туралы еске салады.

Сондай-ақ емделушілер дәрігердің қабылдауына жазылу үшін тіркеу орындарына 70 43 43  нөмірі арқылы хабарласа алады





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа