140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Хирургиялық патологиясы бар науқастарға «Жоғары технологиялар күндері» республикалық акциясы

2017 жылғы 16.05

Medicine doctor hand working with modern computer interface as concept

Бірлескен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында және өңірлердің тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету үшін, хирургиялық патологиясы бар науқастарға «Жоғары технологиялар күндері» республикалық акциясы өткізіледі.

Акция аясында 18-20 мамырда «А.Н. Сызғанов ат. Хирургияның ұлттық ғылыми орталығы» АҚ мамандарының тобы келеді, құрамында:

Б.Б. Баймаханов– Басқарма төрағасы, хирург, травматолог дәрігері, профессор, медицина ғылымдарының докторы;

Ш.А. Каниев– ота бөлімшесінің меңгерушісі, хирург дәрігері;

А.Ж. Маткеримов– көп бейінді бөлімшенің меңгерушісі, қантамыр хирург дәрігері;

Д.М. Құнанбаева- сәуле диагностикасы бөлімшесінің ультрадыбыстық диагностика дәрігері;

Н.М. Абдиев– функционалды диагностика бөлімшесінің эндоскопист дәрігері.

Щедрин көшесі, 63 мекенжайы бойынша орналасқан, ШЖҚ « Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК базасында хирургиялық патологиясы бар біздің облысымыздың пациенттеріне кеңестік қабылдаулар жүргізілетін болады.

Ломов көшесі, 49 мекенжайы бойынша орналасқан, ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК базасында республикалық клиникадан жоғары санаттағы қантамыр хирург мамандарының пациенттерге кеңес беруі өтетін болады.

Облыстың медициналық ұйымдары жоғары санаттағы мамандарының келетіндері туралы хабардар етілді. Емханаларда, хабарландырулар ілінген, хирургиялық аурулары бар және кеңеске мұқтаж науқастарды қабылдаулар ұйымдастырылған.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа