140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК

2017 жылғы 06.10

3422-001

Директор – Күзеков Ардақ Мүбәракұлы

Жеке қабылдау сағаттары: әр сейсенбі және бейсенбі 15.00ден бастап 17.00-ге дейін

Тіркеу орнының телефон нөмірі:

Құрылу жылы:

 

605107; 783806; 606330; 624447

1966 жыл

Өндірістік қуаты: 300 төсек
Іс-қимыл міндеті: Денсаулық сақтау саласындағы іс-қимыл
Негізгі іс-қимыл түрі: Стационарлық, стационар алмастыратын және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету
Тұтынушылар: Павлодар облысының 0-18 жас аралығындағы балалар
Көрсетілетін қызметтердің көлемі 2016 жыл ішінде ОБА стационары бойынша барлығы – 11 098 (2015 жыл ішінде – 10 288 емделді) науқас емделді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 810 жағдайға (на 7,9 %-ға) артық.

Күндізгі стационар бойынша – 2 317 науқас емделді, 2015 жылдың ұқсас кезеңі ішінде – 1 961 емделді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 356 науқасқа (18,2 %-ға) артық.

ЖММК бойынша хирургиялық және травматологиялық бейіндегі – 20 науқас (2015 жылы – 16) емделді, бұл бекітілген жоспарға сәйкес келеді.

Емдеудің орташа ұзақтығы – 8,5 күнді (2015 ж. – 9,2) құрды, төсек айналымы – 37,0 (2015 ж. – 34,3). Төсек жұмысы – 313,7 күн (2015 ж. – 314,8).

Стационарлық көмекті тұтыну деңгейі 496,4 (2015 жылы – 503,1) құрды.

2016 жыл ішінде хирургиялық бейіндегі бөлімшелерде – 3 796, соның ішінде, шұғыл – 2 517, жоспарлы – 1 279 ота жүргізілді, 2015 жыл ішінде 3 454 ота, соның ішінде, шұғыл – 2 297, жоспарлы – 1 157 ота жүргізілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 342 отаға (9,9 %-ға) артық.

Консультативтік емхана бойынша 2016 жыл ішінде – 18 170 адам келді (2015 жыл ішінде – 17 244), бұл 926 адамға немесе 5,4 %-ға артық.

Жарақат пункті бойынша 2016 жыл ішінде – 30 721 адамның келуі тіркелді (2015 жыл ішінде – 25 745), бұл 4 976 адамға немесе 19,3 %-ға артық.

Стационар бойынша 2016 жыл ішінде 16 бала көз жұмды (2015 жыл ішінде – 13).

Стационар бойынша 2016 жыл ішіндегі жалпы өлім-жітімділік көрсеткіші 0,14 %-ды (2015 жыл ішінде – 0,13 %) құрды.

1 жасқа дейін көз жұмғандардың саны 2016 жыл ішінде – 8 (2015 жыл ішінде – 3 бала) құрды.

2016 жыл ішінде 1 жасқа дейінгі өлім-жітімділік көрсеткіші – 0,86 % (2015 жыл ішінде – 0,36 %).

2016 жыл ішіндегі тәулікке дейінгі өлім-жітімділік – 4 жағдай, 2015 жыл ішінде – 1 жағдай.

ҚР ДСӘДМ ДСДРО-ның деректері бойынша 2016 жылдың 6 айы ішінде Қазақстанның облыстық балалар ауруханалары арасындағы рейтингісінде жалпы өлім-жітімділік ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-да ең төмен болып табылады, бұл 0,09%-ды құрайды. Екінші орында жалпы өлім-жітімділігі 0,15%, құрайтын Солтүстік-Қазақстан ОБА-сы, үшінші орында Ақмола ОБА-сы – 0,44%.

Қызметті бағалау 19 индикатор бойынша жүзеге асырылады.

2016 жыл ішінде мониторинг нәтижелері бойынша 17 индикатор орындалды, 2 индикатор орындалған жоқ, бұл 89,5 %-ды құрды.

Орындалмаған индикаторлар: төсек жұмысы (жоспар 340,0, нақты 313,7), бір ауру бойынша 1 ай ішінде қайта жоспарланбаған келіп түсу көрсеткіші (жоспар 0, нақты 0,01 %).

Жаңа технологияларды енгізу:

1.     Нейрохирургиялық науқастарды емдеу кезінде ми жұлынның құрылымдарында ликворды тұйықтайтын оталар, қалпына келтіру және пластикалық оталар енгізілді .

2.     Алғаш рет балалар нейрохирургиялық тәжірибесінде келесі оталар енгізілді: омыртқаның мойын бөлімінің жарақаты кезіндегі аутотрансплантантпен алдыңғы спондилодез, омыртқаның бел бөлімінің жарақаты кезіндегі артқы бекітілумен транспедикулярлық остеосинтез.

3.     БАХО-да травматология бөлімшесімен бірлесіп, туа біткен жалпақ-вальгустық майтабандықты Доббс әдісімен емдеудің жаңа әдісі енгізілді. Асық-қайық тәрізді буынның ара салмағын қалыптандыру мақсатында түзететін гипстік таңғыштар салынады, бұл табандардағы үлкен хирургиялық араласулардан құтылуға мүмкіндік береді. Осы әдісті 3 жастан кіші пациенттерді емдеу үшін енгізу табандардың ауыр жалпақ-вальгустық деформациялары бар балаларға мамандандырылған көмек көрсеудегі елеулі технологиялық серпін болып саналады. Әдіс сақтау сипатымен және жоғары тиімділікпен тартады.

4.     Балалар жақсүйек-бет хирургиясында самай-астыңғы жақсүйек буынның анкилозын оперативті емдеу, туа біткен даму кемістіктері және жарақаттан кейінгі деформациялар кезіндегі жақсүйек-бет аумағының реконструктивті оперативтік араласулар, жақ-бет аумағының пластикалық хирургиясы: ринопластика, отопластика, тыртық өзгертулерін тілу мен түзету енгізілді.

5.     Ювенильді идиопатиялық артритпен ауыратын балаларды емдеу үшін Актемра препаратының енгізілуі .

6.     V, VII, VIII, IX, XII, Ф Виллебрандт ұю жүйесі бойынша анықтау факторларының тұқым қуалау тапшылығын және геморрагиялық ауруларды диагностикалау үшін .

7.     ДВС – синдромын бағалау, антикоагулянттық терапияны бақылау үшін антитромбин – III, Д-Димерді анықтау .

8.     Тромбиндік уақытты анықтау – ұюдың соңғы кезеңі үшін тромбиндік уақытты қысқарту мен ұзарту бойынша фибриногеннің фибринге айналу тесті .

9.     Қабыну жүйесінің маркерін анықтау .

10.            Лор – ауытқуы бар балаларға оперативтік көмек көрсету кезінде мұрын қуыстарындағы және емізік тәрізді өспедегі оталар кезінде эндоскопиялық әдісті қолдану енгізілді .

11.            Іріңді фронтиттер кезінде мұрын-маңдай сағалықты сақтай отырып, кеңсірік арқылы шұғыл және эндоназалдық оталарды жүргізу енгізілді .

12.            Соматикалық бөлімшеде балаларды емдеу кезінде балаларды Хеликобактерді анықтау үшін тыныс алу тесті тексеруі енгізілді .

13.            Дисахаридтік жеткіліксіздікті диагностикалау үшін нәжістегі көмірсуларды тексеру енгізілді .

14.            Хирургиялық тәжірибеде бір ретік эндоскопиялық аспап, монополярлық адаптері бар атравматикалық қысқыш, монополярлық адаптері бар Мериленд диссекциялық қысқышы, пневмоперитонеум үшін Вереш инесі, стандарттық жүздері бар эндоскопиялық қайшы, эндоскопиялық троакарлар сияқты сатып алынды және кең қолданылуда.

15.            Емдеу-күйік керуеті сатып алынды және орнатылды.

16.            Ұлыбританияда өндірілген бір реттік дәрет ыдыстарын кәдеге жаратуға арналған машина сатып алынды және жұмысқа енгізілді.

17.            Зертханада BD жанасатын-белсенді ланцет сияқты заманауи бір реттік ММБ қолданылады, активация теріге тиіп кеткен және оған басқан кезде ғана болады, лазерлік инемен тесу тереңдігі 1,8 мм егу мүмкіндігін ықшамдайды, зерттеудің түрлі түрлері үшін қақпағы бар BD Microtainer пробиркалары, капиллярлық қанды алуға арналған зарарсыздандырылған Пастера тамшуырлары, Жапонияда өндірілген «Степти» және «Инжекшн Пад» гемостатикалық жабыстырғышы қолданылады.

Жұмыс істейтіндердің саны: Тізімдік саны 433 қызметкер
Перспективалар:

 

Павлодар облысының балаларына медициналық көмек көрсетуді бұдан әрі жетілдіру.

Ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын жақсарту.

 Орналасқан жері:  Павлодар қаласы, 2-ші Южная көшесі, 51-үй

 

ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК-ның жұмыс тәртібі:

  • Стационар – тәулік бойы;
  • Консультациялық емхана – сағат 08:00-ден бастап 16:00-ге дейін;
  • Сәлемдеме қабылдау – сағат 11:00-ден бастап 13:00-ге дейін, сағат 16:00-ден бастап 19:00-ге дейінв;

Мамандардың қабылдау сағаттары:

 

Маман Дәрігердің

ТАӘ мен лауазымы

Жолдама бойынша қабылдау уақыты Ақылы қабылдау уақыты
1 Аллерголог Р.Т. Джекесова – балалар дәрігер-аллергологы, жоғары санатты дәрігер-педиатры Күн сайын 9:30-13:45с., сенбі мен жексенбіден басқа Күн сайын сағат 14:15-15:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
2 Гастроэнтеролог С.С. Штаева – балалар дәрігер-гастроэнтерологы, жоғары санатты дәрігер-педиатры Күн сайын 10.00-13.30с., сенбі мен жексенбіден басқа
3 Онкогематолог С.М. Мұратова – балалар дәрігер-онкогематологы, дәрігер-педиатры Күн сайын 11:00-13:30с., сенбі мен жексенбіден басқа
4 Онкогематолог О.А. Ким – соматикалық бөлімшенің меңгерушісі, балалар дәрігер-онкогематологы, жоғары санатты педиатр Cәрсенбі күндері 15.00-16.00с.
5 Отоларинголог Д.В. Волотько – балалар дәрігер-отоларингологы Күн сайын 11:00-13:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
6 Офтальмолог А.Е. Дудко — балалар дәрігер-офтальмологы Күн сайын 10:00-12:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
7 Хирург Е.А. Рамазанов – хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, балалар дәрігер-хирургы Күн сайын 13:00-14:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
8 Травматолог-ортопед А.В. Савич – балалар дәрігер травматолог-ортопеді Күн сайын 13:00-14:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
9 Травматолог-ортопед С.Қ. Нұрланов травматологиялық бөлімшенің меңгерушісі, жоғары санатты балалар дәрігер травматолог-ортопеді Сәрсенбі күндері 14:00-15:00с.
10 Нефролог Н.Қ. Жанболатовна – кардионефрологиялық бөлімшенің меңгерушісі Күн сайын 10:00-12:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
11 Невропатолог Р.Қ. Марданова – жоғары санатты балалар дәрігер-невропатологы Күн сайын 09:00-13:30с., сенбі мен жексенбіден басқа
12 Кардиревматолог И.Ф. Целовальник – балалар дәрігер-кардиологы, дәрігер-педиатры Күн сайын 11:00-13:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
13 Гинеколог/Акушер Э.З. Гасанова – балалар дәрігер-гинекологы Дс, Сс, Ср, Бс: 09:00-10:40с., сенбі мен жексенбіден басқа
14 Нейрохирург М.С. Мұстафин – балалар дәрігер-нейрохирургы, дәрігер травматолог-ортопеді Күн сайын 11:00-12:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
15 Жақ сүйек-бет хирургі Ч.А. Каймульдинов – дәрігер ЖБХ Күн сайын 09:00-11:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
16 Эндокринолог Б.С. Саматова – балалар дәрігер-эндокринологы Күн сайын 13:00-15:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
17 Сурдолог Т.А. Завацкая – жоғары санатты дәрігер-оториноларингологы балалар (сурдологиясы) Күн сайын 09:00-11:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
18 Сурдопедагог А.Б. Қайыргельдинова Күн сайын 14:30-17:30с., сенбі мен жексенбіден басқа
19 Сурдопедагог

Логопед

Р.Б. Сыздықова Күн сайын 09:00-12:30с., сенбі мен жексенбіден басқа
19 Психолог А.Б. Нұрғазина Күн сайын 09:00-12:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
20 УДЗ Р.Х. Темірболатов — балалар дәрігер-хирургы, УЗД дәрігері Күн сайын 08:15-11:50с, сенбі мен жексенбіден басқа
И.А. Орсагош – дәрігер-рентгенолог Күн сайын 11:00-12:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
21 Бас ми УДЗ Ө.Қ. Хайыргельдин — балалар дәрігер-хирургы Күн сайын 14:00-15:00с., сенбі мен жексенбіден басқа
22 Жүрек УДЗ С.Н. Ілиясова – ЭКГ дәрігері Күн сайын 12:00-13:30с., сенбі мен жексенбіден басқа

 

Электрондық мекенжай: pvlodb@mail.ru

Пациенттердің пайда болатын мәселелерін аса жедел шешу үшін пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды.

Медициналық қызмет көрсету мен алу бойынша сұрақтар пайда болса, сондай-ақ, түсіндіру қажет болса, сіз 782896 телефоны бойынша пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз.

Директордың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары: Тампішева Гүлсара Қайратқызы, әкімшілік, 5 қабат директордың қабылдау бөлмесі сағат 09.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін, сағат 14.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін, телефоны: 60-50-66, 60-51-05

Директордың медициналық көмек сапасы және аудит жөніндегі орынбасары: Шайкенова Күлжазира Зайнуллақызы, әкімшілік, 5 қабат директордың медициналық көмек сапасы және аудит жөніндегі орынбасарының кабинеті сағат 09.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін, сағат 14.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін, телефоны: 60-51-03.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа