140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

14 маусым күні Дүниежүзілік донор күнін атап өтеді

2017 жылғы 05.06

blood-drop_300x215

Донор – бұл кәсіп емес, өнер емес, алайда осы адамдарды ел мақтан тұтады, себебі олар басқа адамдарға ең қымбаттысы – өз қандарын береді. «Donare» сөзі латынша сыйлау деген мағынаны білдіреді.  Бұл адамдар басқа адамдарға өмір сыйлайды.

Дүниежүзілік қан донорының күні  — ерекше күн, бұл күн өтеусіз қан донорларының құрметіне орай аталып өтіледі. Бұл  оқиғаның мақсаттары  қауіпсіз қан және оның өнімдерінің  қажеттілігі туралы хабардар болуды арттыру, сондай-ақ адам өмірлерін сақтап қалу үшін өздерінің қандарын еркін және өтеусіз тапсыратын донорларға алғыс білдіру күні болып табылады.

Тарих

2005 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы барысында әлемнің әртүрлі елдерінің денсаулық сақтау министрлері еркін қан донорлығын қолдау және бейілділігі туралы өтінішті бірауыздан қабылдады. WHA58.13 қарарында оар Дүниежүзілік қан донорының күнін (World Blood Donor Day) жыл сайын 14 маусымда өткізу туралы қаулы етті, бұл күн автриялық дәрігер және иммунолог, адамда қан топтарын ашқан Нобель лауретаның иегері —  Карл Ландштейнердің (1868-1943) туған күніне теңестірілді.

Дүниежүзілік донор күні жыл сайын 14 маусымда  аталып өтеді.

Осы іс-шарада өтеусіз және тұрақты қан тапсыратын және денсаулық сақтау саласын дамытуға  өздерінің үлестерін қосқан, адамгершіліктің жоғарғы деңгейін көрсеткен және пациенттерге қайырымдылық танытқан  донорлар марапатталады

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа