140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов к-сі 47/1, 3-4 қ., 67-33-22
67-31-16

Хоспистың өсиеттері

 Хоспистың  Парызы

1 Хоспистың негізгі идеясы —  дене және жан аурудың азабын жеңілдету.  Өз бетімізбен қолымыздан келетіні аз, науқас пен онық жақындарымен бірге ғана біз орасан зор күш пен мүмкіншіліктерді таба аламыз.

2.     Өлімді тездетуге және өлімді тоқтатуға болмайды. Әр адам өз өмірін сүреді. Оның уақытын ешкім білмейді. Біз науқастың осы өмір кезеңінде тек қана жолсерігіміз.

3.     Егер науқасты емдеп жазуға болмаса, ол үшін ештеңе істей алмайтынын білдірмейді. Сау адам үшін өмірінің түкке тұрмайтын ұсақ-түйектер болса,  науқас үшін олардың мәні өте зор.

4.     Науқас пен оның жақындары – бір тұтас болып табылады. Жанұясына кіргенде, әдептілікті сақта. Сынаудың орнына, көмек көрсет.

5.     Әр адам — жеке дара. Науқасқа өз пікіріңді зорлап міндеттеуші болма. Біз науқасқа бере алатынымыздан гөрі, оның бізге берері артық.

6.     Сен науқастың бәрін де, тіпті оның басқыншылығын да көтеруге тиіссің. Бірдеңені істеуден  бұрын – адамды түсіне ал, түсіне алудын бұрын – оны қабылдай біл.

7.     Егер науқас шындықты білгісі келсе және сол шындыққа дайын болса, шындықты айт. Әр кезде шындыққа және адалдыққа дайын бол, бірақ асықпа.

8.     Хоспис – өлім үйі емес. Ол аяғына дейін лайықты өмір сүру. Біз тірі адамдармен жұмыс істейміз. Бірақ  олар бізден бұрын өмірмен қоштасады.

9.     Науқастың қасына келгенде асықпа. Қаншалықты уақыт аз болса да, ол бар мүмкіндікті жасауға жеткілікті.

10.                        Мейірімділік, адалдылық және ақжүректік – әр кезде өзіңмен бірге болсын.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа