32-98-76

Орталық туралы

«Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМКК

Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ак.Бектұров к-сі, 50

Телефон: 8 (7182) 32-98-76

Факс: 8 (7182) 32-98-76

Е-mail: pavlodar@rcaids.kz


 Әдістемелік және алдын алу іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі, тел.32-94-23

Бөлімнің қызметі: орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне, медициналық, ведомстволық және қоғамдық ұйымдарға аймақта ЖИТС іңдетіне қарсы іс-қимыл бағдарламалары бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету; орталық қызметінің құқықтық қамтамасыз етуі, АИТВ-жұқпасы бар адамдарға заң бойынша көмек көрсету.


 АИТВ-жұқпасына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу бөлімі, тел. 32-98-79.

Бөлімнің қызметі: АИТВ/ЖИТС-қа эпидемиологиялық қадағалау жүргізу; АИТВ-жұқпасы бар және ЖИТС-пен ауыратын адамдардың есебін жүргізу; халықтың АИТВ-ға тексерілуін ұйымдастыру.


 Емдеу-алдын алу көмек бөлімі, тел. 32-04-74

Бөлімнің қызметі: АИТВ-жұқпасы бар адамдарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға мамандандырылған амбулаториялық көмек көрсету; медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік кеңес және клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға тест өткізу мақсатымен құрамды тандау үшін диагностика, емдеу, психо-әлеуметтік кеңес беру бойынша көмек беру.


 Диагностикалық зертхана, тел. 32-98-93.

Бөлімнің қызметі: облыс тұрғындарын АИТВ-ға қарсы денелердің бар болуына скринингін өткізу; АИТВ-жұқпасы бар адамдардың В, С гепатиттеріне және ЖИТС-жұқпаларына зерттеуін өткізу, АИТВ-жұқпасы бар адамдардың клиникалық-биохимиялық зерттеулерін өткізу.


 Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпанда бекітілген медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Жол картасына және Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысы туралы» № 182 бұйрығына сәйкес Облыстық ЖИТС-ты алдын алу және күресу жөніндегі орталығында Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды. Қызметтің Ережесі, пациенттердің өтініштерін қарастыру алгоритмі әзірленіп бас дәрігермен бекітілді. Ақпараттық стендте Пациентті қолдау қызметі туралы ақпарат, МФҚБК, ДСБ, ЖИТС ОО-ның сенім телефондары орналастырылды. Ғимараттың кіре берісінде пациенттердің өтініштеріне арналған жәшік және қабылдау бөлмесінде жазбаша өтініштерді тіркеу журналы бар, жазбаша, ауызша және телефон өтініштері тіркелуге алынады, сондай-ақ сайттың тұрақты мониторингі жүрзізіледі.

ЖИТС ОО пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі медициналық көмекті көрсетуде бұзушылықтарды анықтайды. Сіз ұсыныс немесе ескерту жасауға құқылысыз, сонымен қатар медициналық көмекті көрсету сұрақтары бойынша шағымды «сенім телефонына» ЖИТС ОО-ның бас дәрігердің орынбасары Бақыт Қаткенқызы Жанахметоваға, 32-94-23 телефоны арқылы білдіре аласыз.


Пациенттердің назарына, Облыс денсаулық сақтау басқармасының «сall-center» телефоны 66-24-99






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа