32-98-76

Берілу жолдары

Берілу жолдары

АИТВ-ның берілу жолының үш түрі бар:

  • жыныстық — гетеросексуальды және гомосексуальды қатынастар кезінде
  • парентеральды  — қанмен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда
  • перинатальды — анадан балаға — босануға дейін, босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңдерде

Жыныстық жолмен берілуі

Сақтану шараларынсыз (яғни, презервативсіз) өткен жыныстық қатынас дені сау серіктесіне індетті жұқтыру қауіпін тудырады. Жұқтыру қаупінің деңгейі, оның ішінде жыныстық жолмен берілетін басқа инфекцияларды қосқанда, жұқтырмаған серіктесінің жынысы және жасы, жыныстық актінің әдісі, жұқтырылған серіктесі ауруының кезеңіне сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Еуропада 536 гетеросексуальдық жұпқа жүргізілген зерттеу, бастапқыда тек бір серіктестің жұқтырылғанын, әрі қарай әйелден еркекке жұқтыруға қарағанада, ер адамнан әйелге жұқтыру екі есе мүмкін екендігін болжамдауға мүмкіндік берді. Әдетте АИТВ-инфекциясына жыныс мүшесі бетінің көп бөлігі (қынап және жатыр мойны) жалаңаш болатындықтан әйелдер анағұрлым осал келеді. Одан басқа қынап және жатыр мойнынынан бөлінетін сұйықтыққа қарағанда ұрықта АИТВ-ның концентрациясы анағұрлым жоғары болады. Оның үстіне, анустық секс кезінде, секстің қынаптық түріне қарағанда қабылдаушы серіктес тіндерінің көбірек зақымдалуы мүмкіндігіне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупі өте жоғары болады. Бұл жағдайда белсенді серіктеске қарағанда белсенді емес серіктес үлкен жұқтыру қауіпіне ұшырайды. Қалай ұрықта болса, солай қынаптан бөлінетін сұйықтықта АИТВ-ның болуына байланысты, ауыз арқылы болатын секс түрінде де жұқтыру қаупі болады. Егер теріде немесе шырышты қабықта сырылған, қанталаған жерлері болса, секстің барлық түрлері кезінде жұқтыру қауіпі жоғары. Ауыз арқылы және қынаптық секс кезінде, егер әйелде етеккірлік циклі басталса, жұқтыру қауіпі өте жоғары болады.

Вирустың қан арқылы берілуі (парентеральді жол)

Егер жұқтырылған адам қанының жұғындысы бар аспаппен тері қабаты тұтастығын пісіп алған жағдайда жұғады. Ол инені, шприцтерді, сақал қырғышты қолдану кезінде, таңба енгізу барысында болуы мүмкін. Кез — келген стерилизациядан өткізбеген піскіш аспаптарды қолданған жағдайда, олар жұқтыру құралы болуы мүмкін. Жұқтырудың бұл жолы иньекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) үшін және кем дегенде бір рет есірткіні тамыр арқылы «лас» шприцпен енгізген жағдайда жұқтырудың жетекші жолы болып табылады. Сол сияқты ИЕТ ретсіз жыныстық қатынастарға түсе береді, есірткі қабылдайтын көп қыздар коммерциялық секс жұмыскерлері (СЖ) болып табылады. Одан басқа, ИЕТ сақтану құралдарын-презервативті құптамайды. Осының барлығы ЖИТС-ты жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді және тұрғындардың басқа да бөліктерінің арасында АИТВ-ның таралуын күшейтеді.

Вирустың анадан балаға берілуі (перинатальды жол)

Вирустың берілуі анадан балаға жүктілік, босану (ана қаны арқылы жұғу) және көкіректен тамақтандыру кезінде (жұқтырған анадан дені сау балаға көкірек сүті арқылы да, жұқтырған баладан дені сау анаға көкірегін тістеу кезінде де) орын алады.

Негізінен жүкті әйелдер есірткіні еккеннен кейін, жиі жыныстық жолмен және көп жағдайда жүктілік басталғанша жұқтыруы мүмкін.

АИТВ қалай берілмейді?

  • қол алысқанда
  • жөтелгенде, түшкіргенде
  • бассейн, монша, әжетханаға барғанда
  • жәндіктер шағып алғанда
  • достық сүйісулер арқылы
  • ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы
  • үй жануарларымен қарым-қатынаста
  • азық-түлік арқылы





[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа