32-98-76

Жарғы

Павлодар облысы қаржы

басқармасының

                                                                             2016 жылғы  «04»Сәуір

                                                                                        № 115 бұйрығымен бекітілді

 

 

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының

 «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және

 күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

жарғысы

 

  1. Жалпы ережелері

 

  1. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі — Кәсіпорын) оперативтік басқару құқығындағы мемлекеттiк касіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлга болып табылады.
  2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» № 7/1 қаулысына сәйкес құрылды.
  3. Кәсіпорынның кұрылтайшысы жергілікті атқарушы орган — Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.
  4. Кәсіпорын мүлігіне қатысты субъектінің мемлекеттік, коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі-Басқару органы) болып табылады.
  6. Кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөнiндегi орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орыс тілдегі атауы: Коммунальное государственное казенное предприятие «Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИДом» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

  1. Кәсіпорынның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140003, Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі, 50.

 

  1. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

 

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап құрылады жане заңды тұлғаның құқығына ие болады.
  2. Кәсiпорынның дербес балансы, заңнамаларға сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және касіпорын атауы жазылған мөр, бланктері бар.
  3. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша басқа заңды тұлғаны кұруға және оның құрылтайшысы (қатысушысы) болуға құқылы.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамaсына сәйкес филиалдар мен өкілдіктерді құруға құқылы.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамaлық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік және басқа тіркеуге жататын кәсіпорынмен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер, басқа жағдайлар Қазакстан Республикасының заңнамалык актілерімен қарастырылмаса тіркеген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні медициналық қызметпен айналысуға берілген лицензия негізінде және Қазақстан Республикасының денсаулык сақтау саласындағы аккредиттациялау стандарттарына сәйкес медициналық қызметтерді көрсету болып табылады.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру,  Қазақстан Республикасында АИТВ-жұқпасын уақытында анықтау, емдеу және алдын алуға бағыттылған емдеу-диагностикалық, алдын алу, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін атқаратын ерекше түрдегі мамандандырылған көмек көрсету болып табылады.
  3. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының тұрғындарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қамтамасыз етеді;

2) АИТВ-жұқпасын алдын алу, диагностикалау, АИТВ-жұқпасын жұқтырғандар мен ЖИТС науқастарды емдеу мәселелері бойынша барлық емдеу-алдын алу мекемелердің ұйымдастыру-әдістемелік басшылығын және қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

3) денсаулық сақтау қызметін көрсетуге Павлодар облысында диагностика, АИТВ-жұқпасының алдын алу және емдеу жөніндегі әдістемелік құжаттарды дайындауда жүйелі нәтижелерді жүзеге асырады;

4) статистикалық мәліметтердің орталықтандырылған түрде уақытында, шынайы жиналуын, жинақталуын қамтамасыз етеді;

5) тұрғындар арасында жастарға және осал топтарға ден қоя отырып, АИТВ-жұқпасының алдын алу ойынша іс-шараларды және  ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады;

6) АИТВ-жұқпасының  аурушандық  жағдайына және таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастырады;

7) тұрғындар арасында АИТВ-жұқпасын  алдын алу бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы бағытталған іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;

8) АИТВ- жұқтпасы бар адамдарға және ЖИТС науқастарына арнайы мамандандырылған емдеу-диагностикалық және медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастырады, оларға және ЖИТС -индикаторлы науқастарға, серопозитивті (ИФТ) және олармен қатынаста болған адамдарға диспансерлік қадағалауды жүргізеді;

9) АИТВ-жұқпасы бар адамдарды және ЖИТС науқастарын жұқпаға карсы препараттармен қамтамасыз етеді;

10) АИТВ-жұқпасы бар жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босанғанда және жаңа туған сәбилерге жұқпаға қарсы алдын алу емдеуді ұсыну бойынша кешеңді іс-шараларды жүргізеді;

11) тұрғындардың қатынастан кейінгі жұқпаға қарсы алдын алуға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

12)  Павлодар облысы тұрғындарына АИТВ/ЖИТС сұрактары бойынша психикалық-әлеуметтік кеңес көрсетедi;

13) АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша кадрларды дайындауды жүзеге асырады, оның ішінде медициналық  қызметкерлерін АИТВ-жұқпасының  алдын алу, экспресс-диагностика, ем сұрактары бойынша оқытады;

14) АИТВ-жұқпасын және ЖИТС-ты алдын алу сұрақтары бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетедi;

15) АИТВ-жұқпасының диагностикасын, иммунологиялық, басқа да зертханалық тексеру түрлерін жүзеге асырады;

16) аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру мониторингін жүргізеді;

17) денсаулық сақтау ұйымдарымен, кәсіпорын құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан, қалалық, облыстық деңгейдегі атқарушы, өкілетті билік және жоғары тұрған  қызметтік қарым-қатынас жасайды;

18)  ересек тұрғындарға  жұқпалы  аурулар, фтизиатрия, наркология мамандықтары бойынша консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді;

  1. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бip шек қойылган қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органның Кәсіпорнымен басқаруды жүзеге асыратын органның, облыстық коммуналдық мүлікпен немесе  прокурордың өкімі бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  3. Кәсіпорынмен жарғылық қызметке жатпайтын қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған басшының қызметтері, еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
  4. Кәсіпорынды басқару

 

  1. Жергілікті атқарушы орган:

1) кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды;

2) кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе облыстық коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға уәкілеттік береді;

3) кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді;

4) кәсіпорынға өкілдіктер филиалдарын құруға келісім береді;

5) кәсіпорынның мүлігін пайдалануға, соның ішінде оны кепілге, жалға беруге өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру шешімін қабылдайды;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте мына функцияларды атқарады:

1) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

2) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келістіреді және бекiтедi;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

5) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорын Органы болып табылады.
  2. Басшының тағайындалуы, оны аттестациялаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайлардан басқа, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен анықталатын тәртіпте жүзеге асырылады.
  3. Басқару органы Кәсіпорынның басшысымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы еңбек катынастарын ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгiленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табысты  белгiленген  уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің ұйымдастырылуына дербес жауапты болады.
  3. Басшы дара басшылық қағидаттары негізінде әрекет етедi және Кәсіпорынның барлық мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз кұзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етедi және оның мүдделерін барлық органдарда бiлдipeдi;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорын мүлкіне билік етедi;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелерді жасайды;

4) сенімхаттарды бередi;

5) банктік шоттарды ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын бұйрықтарды және  өкімдерді шығарады;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, марапаттау шарaларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

Tиiстi саланың басқару органымен (жергілікті атқару органы) басшының ұсынымы бойынша лауазымға тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің  номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді.

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекакы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлық ақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның кызметкерлеріне (өз орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтерді қоспағанда) сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және босату үшін  Басқару органына кандидатураларды ұсынады;

10) өз орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорын және жергілікті атқару орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі;
  2. Кәсіпорын және Басқару органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі;

 

  1. Кәсіпорынның мүлкi

 

  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның балансында керсетілген Кәсiпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкi бөлінбейді және салымдар (жарғылық капиталда қатысу үлесі, жарналар) бойынша бөлінуге, сонымен қатар, Кәсіпорын қызметкерлерi арасында бөлінуге түсуi мүмкiн емес.
  3. Кәсіпорынның мүлкi төменде аталғандар есебінен құралады:

1)  меншiк иесімен берілген мүлік;

2) өз қызметінің нәтижесінде алынған мүлік (осының ішінде ақшалай табыс);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен мүлік.

  1. Кәсiпорынды жүргізуде оның жарғылық мақсаттарымен қарастырылған қызметті қамтамасыз етуге кажетті немесе атқарылған қызметтiң нәтижесінде пайда болған мүлік қана болу шарт.
  2. Оперативтік басқару құқығы меншiк құқығын немесе басқа да заттық құқықты алу не тоқтату, егерде басқасы осы Жарғымен қарастырылып, аталған заттың құқықтық табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қарастырылған тәртіпте және шарттардың негізінде жүзеге асады.
  3. Оперативтік басқару құқығындағы мүлікті пайдаланудан түскен нәтижелер, өнім мен табыстар, сонымен бipгe, шарттар немесе басқа негіздер бойынша Кәсіпорынмен сатып алынған мүліктер Қазақстан Республикасының заңналарымен белгіленген тәртіпте меншiк құқығын иелену үшін Кәсіпорынның оперативтік басқару құқығына келіп түседі.
  4. Меншік иесiмен Кәсіпорынға бекiту туралы шешім қабылданған оперативтік басқару құқығы егерде басқа жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншiк иесiмен белгiленбесе, кәсіпорында мүлікті оның балансына бекiту кезінде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негiзгi құралдарға жататын мүлікті сатып алу — сату, табыстау, айырбастау, сыйға тарту шарттарының негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлікке оперативтік басқару құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабымен қарастырылған негізде және жеке меншiк құқығын тоқтату үшін және осы Жарғының 38-тармағымен қарастырылған жағдайларда тоқтатылады.
  7. Осы Жарғының 37-тармағымен қарастырылған оперативтік басқару құқығын тоқтатуға жaлпы негіздемелерден оперативтік басқару Кәсіпорыннан меншiк иесінің шешімі бойынша мүлікті заңды түрде алу шешімі орын aлғанда токтатылады.

Заңды түрде алу жағдайына мыналар жатады:

— оперативтік басқару құқығындағы  Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті aлып қою;

— артық немесе мақсатқа сай пайдаланатын не пайдаланбайтын мүлікті  алып қою.

  1. Мемлекеттік мүлiк бойынша жергілікті атқарушы орган оперативтік басқару құқығында тұрған мүлікті алу туралы шешімде Кәсіпорынға алынған мүлікті басқа тұлғаға өткізгенге дейін оның сақталуын қамтамасыз етуге және сақтау мерзімін белгілейді.
  2. Кәсіпорын өзіне бекітілген негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен айыруға немесе басқа тәсілмен басқаруға, беруге, дебиторлық берешекті өтеуге осы Жарғының 36-тармағымен қарастырылған жағдайларда қоспағанда мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша ғана құқылы.
  3. Кәсіпорын өзіне оперативтік басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікпен өз бетінше билiк етеді.

 

  1. Кәсіпорын қызметінің қаржыландырылуы

 

  1. Кәсіпорын қызметі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамалығымен белгіленген тәртіпте бюджеттік құрaлдар және өз табысы есебіненен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарын әзірлеу тәртібі мен бекітілуі мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен айқындaлады.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бөлігін аудару нормативі жергiлiктi атқарушы органмен белгiленедi.

Кәсіпорынның таза пайдасының бip бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен белгiленген тәртіпте тиісті бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза пайдасының бip бөлігін корпоративтік табыс салығы  бойынша деклорация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті бюджетке аударады.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді өз бетiнше жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорынмен өндірілетін тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) бағасы Басқару органымен белгіленеді.
  3. Кәсіпорынның Жарғысымен қарастырылмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым сaлынған қызметті жүзеге асыру мақсатында алынған табыстар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте бюджеттен қаржыландыру есебiнен өндірілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) белгiленген бағасынан көтерінкі бағамен сатудың нәтижесінде түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіпте бюджетке aлынады. Бухгалтерлік есеп ережелері бойынша тиісті көрсетілмеген мүлікті пайдалану фактілері анықталған жағдайда олар да бюджетке aлынады.

 

  1. Кәсіпорынның жарғылык капиталы

 

  1. Оперативтік басқару құқығындағы кәсіпорынның жарғылық капиталы жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін басқарудағы жеке меншіктен алатын мүліктен қалыптастырылады.

 

  1. Кәсіпорынның eceбi және есеп беруі

 

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлiк есеп жүргізуі және қаржылық есепті құрастыруы Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің хaлықарaлык стандарттарына сәйкес Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорын басшысымен бекітілетін есептік саясатқа сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есебi: бухгaлтерлік баланстан, табыс пен зaлалдар туралы есептен, ақшалай қаражаттар қозғaлысы туралы есептен, капиталдағы өзгерістер туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұрады.

 

  1. Кәсіпорын жауапкершілігі

 

  1. Оперативтік басқару құқығындағы кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі ақшаға жауап бередi. Қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікке тиісті бюджеттің қаражатымен әкімшілік-аумақтық бірлік  жауап бередi.

 

  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

 

  1. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу

 

  1. Кәсіпорынның еңбек ақы төлеу қорының мөлшерiн жыл сайын Басқару органы белгiлейдi.
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық жалақылар мөлшерiн, сыйлық ақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгіленген еңбек акы төлеу қоры шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтердің лауазымдық айлық ақыларының  мөлшерін, олардың сыйақы және өзге де сыйлық ақы жүйесiн Басқару органы белгiлейдi.

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкiн мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалган таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкiн сату нәтижесінде  алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

  1. Жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Коммуналдық кәсіпорынның Жарғысына жергілікті атқарушы орган өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе облыстық коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға уәкілеттік береді.

 

 

         Басшы (директор)                                                  Ж.М. Тентекпаев

 

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа