32-98-76

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

 

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтің  паспорты «АИТВ-инфекциясына ерікті  анонимді  және  міндетті  құпиялы  медициналық  тексерілу»

 

Мемлекеттік орган  «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ
Көрсетілетін қызметті алушы                  Жеке тұлғалар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну орны (нақты осы қызмет ұсынылатын орынды таңдау)  

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар,   ЖИТС-ты алдын алу және күресу  жөніндегі орталықтары

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны Тегін (Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға)

ақылы жеке тұлғаларға (шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі Тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда – 3 (үш) жұмыс күннің ішінде;

тексеру нәтижесі оң болған жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күн

 «Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоқ
Қызметтерді мемлорган арқылы көрсету 1) АИТВ-жұқпасына міндетті медициналық тексерілу қызметін алған кезде жеке басын куәландыратын құжат қажет (он алты жасқа толмағандарға- туу туралы куәлік).

2) АИТВ-жұқпасына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі.

ХҚО арқылы қызмет алу  

Жоқ

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қазақстан  Республикасы Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік даму  министрінің  2015  жылғы  27 сәуірдегі   «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы»  № 272 бұйрығымен бекітілген «АИТВ-жұқпасына  ерікті  анонимді  және  міндетті құпиялы  медициналық  тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартының қосымшасына

сәйкес теріс нәтижелерді растайтын адамның  иммун тапшылығы  вирусына антиденелерді зерттеу  туралы анықтама-сертификат.

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 мамыр
№ 160/5 қаулысымен
бекітілді

«АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді
және міндетті құпия медициналық тексерілу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:
«халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «Мемлекеттік корпорациямен» сөздерімен ауыстырылды;
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылды;
«Павлодар облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылды — Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 41/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер
  2. «АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталықтар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
    2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
    3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығымен бекітілген «АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын адамның иммунитет тапшылығы вирусына қарсы антиденеге арналған зерттеу туралы анықтама-сертификат.
    Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды болады.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
    берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
    (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сиппатау
  4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
    5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
    көрсетілетін қызметті берушінің психоәлеуметтік консультация өткізуі, өтінішті қабылдауы, тіркеуі және тестілеуге қан алуы (1 жұмыс күнінен аспайды);
    АИТВ-ға антиденелердің болуына тестілеу өткізу (1 жұмыс күнінен аспайды);
    тестілеуден кейін консультация өткізу, анықтама-сертификат беру (1 жұмыс күнінен аспайды).
    Оң нәтиже болған жағдайда:
    қайтадан қан алу (1 жұмыс күнінен аспайды);
    АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта тестілеу өткізу (18 жұмыс күнінен аспайды);
    көрсетілетін қызметті алушының қолына жазбаша түрде хабарлама беру (1 жұмыс күнінен аспайды).
    6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын адамның иммунитет тапшылығы вирусына қарсы антиденеге арналған зерттеу туралы анықтама-сертификат.
    Бастапқы оң нәтижені алу кезінде көрсетілген қызметті беруші АИТВ-ға антиденелердің болуын қайта тестілеу үшін қан алуды қамтамасыз етеді.
    Зерттеп-қарау нәтижесі нақты оң нәтиже болған жағдайда, ЖИТС орталықтарының мамандары психоәлеуметтік консультация жүргізеді, онда сақтану шаралары, медициналық қызмет көрсету тәртібі, басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі түсіндіріледі.
    Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдарға консультация олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
    Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне береді.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
    қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
    (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
  6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    психоәлеуметтік консультация беру кабинетінің психотерапевт-дәрігері;
    қан алу кабинетінің медициналық бикесі;
    зертханашы-дәрігер.
    8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін толық сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
  7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
    Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
    қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
    ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
  8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және қызмет www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық  сақтау  және

әлеуметтік  даму  Министрінің

2015 жылғы  «27» сәуірдегі

№ 272 бұйрығына

4- қосымша

 

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия

медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер
  2. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)  әзірледі.
  4. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді  қабылдау  және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  нәтижелерін беру  қызметті  беруші  арқылы  жүзеге  асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
  3. көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәтінен бастап — зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде — 20 (жиырма)  жұмыс күні;
  4. құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
  5. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут.
  6. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
  7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы  вирусына антиденелерді зерттеу  туралы анықтама-сертификат.

Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.

Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік  қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

  1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін көрсетіледі, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің                                      35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және  мемлекеттік қызметтердің осы мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармақшасындағы көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастырылады.

Ақы төлеу көрсетілген  қызметті берушінің кассасына қолма-қол есеп айырысумен жүргізіледі.

  1. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармақшасында көрсетілген.

Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетіп қызмет көрсету көзделмеген.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды:

АИТВ-инфекциясының болуына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде — жеке басын куәландыратын құжаты

АИТВ-инфекциясының болуына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Министрлікке беріледі:

010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8, Министрлер  үйі, кіреберіс № 5

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып тіркеу,   көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңесінде  шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы  тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің өзге де талаптары
  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және жұмыс кестелері Министрліктің www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде  немесе   қызмет  көрсетушінің үй-жайларында  орналасқан.
  2. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы қашықтықтағы қолжетімділік режімінде бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ақпараттарды алуға   мүмкіндігі  бар.

Порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-777, (1414).

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия

медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

НЫСАН

CERTIFICATE

А Н Ы Қ Т А М А — С Е Р Т И Ф И К А Т

Of test on antibodies to HIV

адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді  зерттеу  туралы

 I am  (Мен) __________________________________________________________________________

(name of doctor) (Дәрігердің тегі, аты,  әкесінің  аты (  болған  жағдайда)

hereby certify that (осымен келесіні растаймын)_________________________________________________________

___________________________________________________________________

(name of patient) (пациенттің  тегі, аты,  әкесінің  аты  (болған  жағдайда)  латын әріптерімен)

____________________________________________________________________

Пациенттің  тегі,  аты, әкесінің  аты (болған  жағдайда)   кириллицада

___________________________ was tested on (тексерілді) __________________

(date of birth of patient) (пациенттің  туған  датасы)                                (date)  (дата)

For the presence in his/her blood of antibodies to the human immunodeficiency virus (HIV) and that the result of the test was NEGATIVE.

Адамның иммун тапшылығы  вирусына  (АИТВ) антиденелердің болуына  теріс  нәтижемен.

Аталған  анықтама-сертификат  зерттеу  жүргізілген  күннен бастап үш ай  бойы  жарамды.

Stamp:

Мөр:

Signature:

Қолы:

Ескертпе: анықтама — сертификатты  толтыру бойынша  түсініктеме

1.Анықтама-сертификат   тек  бір  адамға  ғана беріледі, ұжымдық  куәліктер  беруге  рұқсат  етілмейді.

  1. Сертификат баспалық латын әріптерімен толтырылады,  олай  болмаған  жағдайда ол  жарамсыз  деп  танылады.

3.Зерттеуді жүргізу және туу даталары  келесі реттілікте толтырылады: күні,  айы,  жылы, айдың  атауы    цифрмен  емес, әріппен.

  1. Анықтама-сертификатқа дәрігер қол қояды және ЖИТС -тың алдын алу және күресу  жөніндегі   орталықтың  дөңгелек  мөрі  басылады.

Сканировать3 Сканировать30001

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа