32-98-76

Пациентке қолдау көрсету қызметі

 

ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

 

«Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК-да Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 58 бабына сәйкес, медициналық қызметтер сапасын басқару бойынша қызметті іске асырушы ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі – ҚЫЗМЕТ) құрылды.

Директордың бұйрығымен ҚЫЗМЕТ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес Қызметті ЖИТС ОО директорының орынбасары Б.Қ.Жанахметова басқарады. Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі бірінші басшымен бекітілген Ережемен реттеледі.

 

Мақсаты:

Пациенттердің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқын қамтамасыз ету.

 

Міндеті:

Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының медициналық қызмет көрсету сапасын басқару бойынша қызметін үйлестіру.

 

Қызметі:

— денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша ЖИТС орталығы қызметінің тиімділігіне талдау жасау;

 

— басшылыққа тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпарат ұсыну;

 

— қызметкерлер құрамына медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсету және оқыту;

 

— қызметкерлердің пікірін зерттеу және қызметкерлер құрамын медициналық қызмет сапасын жақсарту шаралары туралы ақпараттандыру;

 

— медициналық қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау;

 

— пациенттердің мәселелерін (шағымдарын), пайда болған мерзімнен бастап, бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, медициналық қызметтер деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін сауалнама арқылы зерделей отырып, уақтылы орнында шешу;

 

— азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдіктік берілетін көлемін алуды қамтамсыз ететін ережелерінің сақталуын бақылау.

 

 

Құрметті пациенттер!

 

Егер де Сіз:

 

— медициналық қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;

 

— медициналық қызметкерлер тарапынан әдепсіз қарым-қатынасқа тап болсаңыз;

 

— медицина қызметкерлері тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі көрсетілетін шеңбердегі көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражат бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;

 

— сондай-ақ егер де СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты өзге келелі мәселелерге тап болсаңыз, Сіз ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.

 

ҚЫЗМЕТ басшысы ЖИТС ОО директорының орынбасары – ЖАНАХМЕТОВА БАХЫТ ҚАТКЕНҚЫЗЫ.

 

ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы, директор орынбасарының кабинеті, қабылдау уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, телефоны: 8 (7182) 32-94-23.

 

Біздің ұйымымызда медициналық көмек алған кезде мәселелер туындаған жағдайда Сіз:

 

ЖИТС ОО-ның директоры ЖАННАТ МҰСАҰЛЫ ТЕНТЕКПАЕВҚА жүгіне аласыз.

Әкімшілік, директордың қабылдау бөлмесі, қабылдау уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, телефоны: 8 (7182) 32-98-76 (қабылдау бөлмесі).

Сіздің өтініштеріңізді біз Сізге ыңғайлы нұсқада:

 

Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік арқылы

 

Тілшілік пошта арқылы келесі мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, Ак.Бектұров көшесі, 50 А құрылысы. ЖИТС ОО-ның сайты: Pavlodar@rcaids.mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылдауға дайынбыз.

Сіз ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ

8 (7182) 32-94-23 телефонына қоңырау соға аласыз.

Пациенттердің назарына, Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау  комитеті департаменті: 55-07-65; 65-15-50 және Облыс денсаулық сақтау басқармасы: 65-38-90 «сенім телефондарын» хабарлаймыз.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарастырады және белгіленген мерзімде жауап ұсынады.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа