32-98-76

АИТВ мәселелері туралы Павлодар радиосында

15.04.2019

bty

Павлодар облыстық «Халық радиосында» АИТВ-жұқпасы және туберкулездің алдын алу туралы бағдарлама өткізілді. Бағдарламаға облыстық ЖИТС орталығының мамандары – бөлім меңгерушісі Г.Жүсіпова, баспасөз хатшысы Р.Апаева, фтизиатр Е.Головченко, сондай-ақ эпидемиолог-дәрігер А.Сағатова қатысты.

          Қос жұқпа мәселесін талқылай отырып, мамандар АИТВ-жұқпасының туберкулез үрдісінің қалыптасуына өз өңдеулерін қосатындығын анықтады. Иммундық тапшылығының вирусы туберкулез микобактерияларымен шақырылған жұқпаның белсенді туберкулезге айналуына себепші болады. Туберкулезді жұқтыруға қолайлы жағдайларды көп адамдардың бір жерде өмір сүруі (абақты, әскер, жатақхана) туғызады. Бағдарлама барысында медицина қызметкерлері ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін жыл сайынғы кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық тексеруден өткізу қажеттілігі туралы ескертті.

          Қос жұқпа мәселесін шешуде антиретровирустық терапия (АРТ) өте маңызды орын алады. Әдебиет мағлұматтары бойынша АРТ туберкулездің даму мүмкіндігін 80% дейін төмендетеді. АРТ қабылдап жатқан пациенттер туберкулезден сауығып, жақсы өмір сүруде, жақын-туыстарына туберкулездің жұғып кетуіне әкелмейді, сондай-ақ айналасындағыдарға АИТВ-жұқпасын жұқтыру қаупі де өте төмен.

 

 

Роза Апаева





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа