АББ

52b296b1df854АББ бұл – созылмалы ауруларға шалдыққан емделушілердің белгілі бір топтарына арналған, өзіндік менеджмент пен өзіне өзі көмек көрсетудің маңызды компоненті болып табылатын үйлестірілген және біріктірілген медициналық әрекеттер мен коммуникациялардың жүйесі.

АББ іске асыру медициналық көмек көрсетудің профилактикалық, мультитәртіптік және жүйелі тәсілдемесіне негізделген.

Созылмалы ауруларды қарау:

-емделушілер денсаулығын жақсартуға;

-өзіндік менеджмент пен өзіне өзі көмек көрсетуді қолдануға;

-тиімді дәрі-дәрмекті қолдануды арттыруға;

-асқыну мен қайталану санын төмендетуге;

-емделуішлердің тағайындалған емдеу курсын барынша ұстану және денсаулықты нығайтуға бағытталған мәнез-құлықты өзгерту арқылы стационарлық және жедел көмек мұқтаждығын азайтуға бағытталған.

АББ енгізу бағдарламалары:

-науқастар үшін қолайлы қолдау тәсілдемесінің көмегімен денсаулық сақтау қорларын шамадан тыс қолдануды;

– науқастарды дәрігер кабинетінде дәстүрлі қабылдауды алмастырушы ретінде телефон немесе интернет арқылы кеңес беретін қызметкерлерді іске қосып дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтуға жағдай туғызады.

  1. қызмет көрсетудің емделушіге бағытталған үлгісін жасау;

  2. ғылыми -дәлелдемелі медицина негізінде әзірленген клиникалық нұсқаулыққа негізделген медициналық көмек көрсету;

  3. мамандардың мультитәртіптік командасының болуы (түрлі мамандықтар дәрігерлері мен медиициналық бикелер, Саламатты өмір салты орталықтарының мамандары, психологтар);

  4. емделуші денсаулығының жағдайын үзбей бағалау (күнделіктерді толтыру, чек-парақтарды толтыру және т.б.);

  5. емделушіні өзіндік менеджментке/өзіне өзі көмек көрсетуге үйрету (оған алғашқы профилактика, өмір салтын және тамақтануды өзгерту бойынша бағдарламасы);

  6. емделушілерді емдеудің жеке жоспарларын әзірлеу тәжірибесін енгізу; емделушіден құрамына емделушілермен әңгімелесу мен емделушіні қарау жоспарын түзету кіретін жүйелі кері байланыс алу АББ негізгі компоненттері болып табылады.

“Созылмалы жүрек жетіспеушілігі” мен «Артериялық гипертензия», «Қантты диабет» созылмалы жұқпалы емес аурулар ретінде қарастырылатын болады.

АББ қатысатын медициналық ұйым мен емделуші арасында Нұсқаулық қосымшасына сәйкес АББ қатысуға Келісім жасалады.

АББ қатысатын емделушілер үшін әрбір ауру түрі бойынша критерийлер анықталған:

Артериялық гипертензия

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

Қантты диабет

2. АББ іске асырудың негізгі компоненттері

Созылмалы ауруларды қарау түрлі деңгейлер мамандары (АМСК, жедел шұғыл медициналық көмек, стационар), оңалту қызметі және саламатты өмір салты кабинеттері/орталықтары мен түрлі мамандықтар арасындағы үйлесімдік пен өзара тығыз әрекеттесуді қамтамасыз ету қажетті медициналық көмек көрсетудің кешенді сектораралық үлгісінің негізінде іске асырылады.

  1. Қол жетімділік, сапа, қаңағаттаннушылық тұрғысында қызмет көрсетуді жақсарту үшін медициналық қызмет көрсету қызметтері мен деңгейлері арасында созылмалы ауруларға шалдыққан емделушілерді қарау сабақтастығы мен үздіксіздігін сақтау:

    1) құрамына түрлі қызметтер дәрігерлерінің өзара әрекеттесу ережелері мен алгоритмдері кіретін медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;

  2. клиникалық нұсқаулықтар негізінде АББ іске асыруға қатысатын созылмалы аурулармен стационарлық деңгейде емделушілерді қараудың бірлескен алгоритмдерін әзірлеу;

  3. емделушіге стационарлық, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде профилактикалық іс-шара мен өзіне өзі көмек көрсету үшін ұсынымдар беру мәснелелерін бірыңғайландыру жолымен іске асырылады.

 

 

Мультитәртіптік команда

Нақты анықталған дағдылар қатары мен кәсіп аралық өзара әрекеттесу бар мамандардың мультитәртіптік командасының болуы алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі АББ іске асырудағы негізгі маңызды аспекті болып табылады. Бұл мамандар топтың барлық мүшелерімен және АМСК басқа мамандарыментығыз қызмет етуі қажет.Мультитәртіптік команда құрамы мамандар басшылыққа алған ауру түріне байланысты ажыратылады.

Мультитәртіптік команда мынадай мамандармен ұсынылуы мүмкін:

1) Терапевт дәрігер, жалпы практика дәрігері;

2) Кардиолог дәрігер;

3) Оңалтушы дәрігер;

4) Көз дәрігері;

5) Эндокринолог дәрігер;

6) Диетолог дәрігер немесе тамақтану мәселелері жөнінде оқытылған орта медициналық қызметкерлер;

7) Саламатты өмір салты маманы;

8) Емделушілерге кеңес беру және оқу жөніндегі медициналық бибі;

9) Емделуішлерге телефон арқылы кеңес беру үшін медициналық қызметкерлер;

    1. Әлеуметтік қызметкер, психолог және т.б..

Өзіндік менеджмент пен өзіне өзі көмек көрсетуге оқыту және қолдау АББ негізгі ерекшелігі, онда емделуші және дәрігер арасындағы өнімді өзара қатынасындағы ақпараттандырылған белсенді емделушінің басты рөлі аталып өтеді.

Өзіндік менеджмент мақсаты – емделушінің өзін оқыту жолымен созылмалы аурудың денсаулық жағдайы мен өмірлік әрекетіне әсер етуін азайту.

Өзіне өзі көмек көрсетуді қолдау медициналық қызметкерлер рөлін дәстүрлі ақпаратр беру және емделушілерді оқытудан оларға өзіне өзі сенімді болу және әрекетті таңдауға дейін кеңейте түседі.

Емделуші мен медициналық қызметкер және денсаулық сақтау ұйымы арасындағы өзара әрекеттесу өзіндік менеджментті тиімді іске асырудың қажетті шарты болып табылады, ол:

  • емделушілерді өзіне өзі көмек көрсетуге үйрету және оның өкілеттілігі мен мүмкіндігін кеңейтуді;

  • емделуші белсенділігін арттыруды және оның шешім қабылдауын қолдауды;

  • мінез-құлықты өзгерту үшін емделушіге бағдарланған әдістердің кең шеңберін пайдаланып, бірлескен тәсілді қолдануды;

  • өзіне өзі көмек көрсету бойынша ғылыми негізі бар сатандартты бағдарламаларды қолдану.ды қарастырады

Медициналық көмекті бірлесіп жоспарлау дәрігерлік қызметкерлер тарапынан өзіне өзі көмек көрсетуді қолдаудың маңызды құралы болып табылады. Медициналық көмектің бірлесіп әзірленген жоспары мынаны көздейді:

-ауруды таза медициналық бақылауға шоғырлану ғана емес, рөлдік басқаруды қамтамасыз ету.

-сырқат және оның эмоцияналдық әсерін жеңумен ұсынатын мінез-құлықтағы өзгерістерді келісілу.

Өзіне өзі көмек көрсету бойынша әрекеттер медициналық қызметкерлерге жоспарланған көрінулер арасында жүргізіледі, оларға симптомдарды жою, ауруларды емдеу, созылмалы аурулар, өмір салты өзгеру кезінде болмауы мүмкін емес физикалық және психологиялық салдарды жеңу жатады. Ауруды үй жағдайында қарау емдеуші дәрігер мен басқа медициналық қызметкерлер басшылығымен және олармен бірлесіп іске асырылады.

Емдеулшілерді жеке және топ ішінде оқытуға болады:

– емделушілер медициналық қызметкерлермен жеке әңгімелескенге дейін үйде жұмыс істейтін жазбаша нұсқаулықтарды немесе материалдарды тарату арқылы жеке оқытуға болады;

Топтар 6-12 адамнан тұруы мүмкін, оқыту кезінде жазбаша немесе көрнекі материалдар қолданылады.

Телебайланыстар

Ұялы байланыс не/немесе емделушінің медициналық қызметкерлерге тұрақты қол жетімділігін қамтамасыз ететін қалалық телефон бойынша байланыс медициналық қызметкерлер (дәрігер мен медициналық бике ) арасындағы теле байланыстың негізгі құралы .

Өзін өзі бақылау, чек-парақ және т.б.үшін қажетті көрсеткіштер мониторингі немесе емдеуді түзету мәселеелрі бойынша кеңес алу телефон телебайланысының негізгі мақсаты болып табылады.

Ұялы байланысты дамыту және белсенді қолдау:

-емделушілердің үлкен санына сапалы қызмет көрсетуге;

-созылмалы ауруларға шалдыққан емделуішлер санын азайтуға;

– емделушілердің медициналық мекемеге бармай ақ медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа