Емхана туралы

«Almaz Medical Group» ЖШС Павлодар филиалы негізі 2019 жылы қаңтар айында құрылды.

«Almaz Medical Group» ЖШС Павлодар филиалы мына мекенжай бойынша орналасқан: Павлодарқ.,Генерал Дүйсенов к-сі,  4

«Almaz Medical Group» ЖШС Павлодар филиалы ересек пен балалар тұрғындарына алғашқы медициналық- санитарлық және мамандандырылған көмек көрсететін ауруды алдын алу – емдеу кәсіпорны болып табылады. Аусымда 700 қабылдау жасауға есептелген.

Басқарманың санақ мәліметтері бойынша емханаға бекітілген тұрғындардың саны, ДА №7, Ленинский кенті ДА, Павлодарское ауылы ДА есептегенде  90 942 адамды құрайды.

Медициналық қызмет лицензияға сәйкес келесі түрлер бойынша жүзеге асырылады:

Ересек тұрғындарға акушерлік және гинекология мамандықтары бойынша (түсікті өндіріп алуды есепке алмағанда) амбулаторлық-емханалық медициналық көмек.  Педиатрия, иммунология, фтизиатрия мамандықтары бойынша балалар тұрғындарға амбулаторлық-емханалық медициналық көмек.

Акушерлік және гинекология мамандықтары бойынша ересек тұрғындарға  стационарлық-емханалық медициналық көмек (күндізгі стационар).

Алғашқы (дәрігер алды көмек) санитарлық-медициналық көмек

Диагностика: зертханалық (жалпыемханалық, биохимиялық зерттеулер) бактериологиялық зертхана, рентгенологиялық диагностика.

Диагностика: ультрадыбыстық  диагностика, эндоскопиялықдиагностика.

Жалпы дәрігерлік тәжірибе, отбасылық дәрігер: жалпы дәрігерлік тәжірибе, отбасылық дәрігер.

Сараптамалық  медициналық қызмет: ауруды алдын алу-емдеу қызметінің сараптамасы, еңбекке жарамдылық сараптамасы, кәсіби жарамдылығына сараптама.

Терапия және акушерлік – гинекология мамандықтары бойынша тұрғындарға стационарлық медициналық көмек (күндізгі стационар)

Жұқпалы аурулар, невропатология, отоларингология, офтальмология, травматология және  ортопедия, физиотерапия, хирургия, эндокринология мамандықтары бойынша тұрғындарға амбулаторлық-емханалық медициналық көмек.

Терапия, кардиология, нефрология, профпатология, пульмонология, урология, стоматология (хирургиялық) мамандықтары бойынша ересектерге амбулаторлық-емханалық медициналық көмек.

ЕМХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:

1. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіру

2. Әлеуметтік маңызды аурулар деңгейін төмендету

3. Ана және бала денсаулығын қорғау

4. Тұрғындарды дәрілермен қамтамасыз етуін жақсарту

5. Емдеу мен диагностиканың заманауи әдістерін жұмыс тәжірибесіне енгізу

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР:

— Сәбилер мен аналар өлімін төмендету

— Әлеуметтік маңызды аурулардың (туберкулез, ЖҚТБ, онко жұқпалы аурулар, жыныстық қатынастар арқылы таралатын жұқпалы аурулар) деңгейін  төмендету – тұрғындардың иммунизациясы

— Күні бұрынғы өлімді және мүгедектікке бастапқы шығуды азайту

— Салауатты өмір салты жөнінде алдын алу жұмыстарын күшейту

— мамандарды 100% жинақтастыру және медициналық қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа