Жарғы

Павлодар облысы

қаржы басқармасының

2014жылғы _______

______ бұйрығымен

бекітілген

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық

сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Павлодар қаласының №2емханасы»

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

ЖАРҒЫСЫ

1.Жалпы ережелер

1. «Павлодар қаласының №2 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының(бұдан әрі – Кәсіпорын) ұйымдастырушылық –құқықтық формасында шаруашылық жүргізу құқығынының Заңды тұлғасы болып табылады.

2. Кәсіпорын Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық денсаулық сақтау бюджеттік мекемелерін қайта құру мен жаңа заңды тұлғаларды дамыту» 1999 жылғы 2 ақпанда №44 –ө бұйрығы негізіде құрылды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы – Павлодар облысының әкімдігінің жергілікті атқарушы орган болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлігіне қатысты субъект құқығын, мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті орган – Павлодар облысының әкімшілігі жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынның жасаушы органы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі –Басқару органы) болып табылады.

6. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі толық атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №2 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын.

Мемлекеттік кәсіпорынның орыс тілдегі толық атауы: «Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Поликлиника №2 города Павлодара» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140005, Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 4.

8. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі: дүйсенбі- жұма 8.00 ден — 20.00-ге дейін., сенбі 8.00 -ден 13.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00 — ден 14.00- ше дейін демалыс күн:жексенбі

  1. Заңды мәртебесі

9. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеу сәтінен құрылған болып табылады және заңды тұлғаның құқығына ие.

10. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес балансы, Заңға сәйкес банктерде есепшоттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы және Кәсіпорын атауы жазылған бланкілері мен мөрі бар.

11. Мемлекеттік комуналды кәсіпорын жергілікті орнындаушы органның келісімі бойынша басқа Заңды тұлғаларды дамытуды және құруды (қатысуға болуды) жасай алады.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

12. Кәсіпорынмен жасалынған және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік немесе басқа тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылмаса, тіркеуден өту сәтінен жасасты болып есептеледі.

  1. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаттары мен мәні

13. Кәсіпорынның негізгі қызметі медициналық қызметтердің түрлерімен бекітілген және белгіленген заңмен берілген лицензия бойынша қала халықына білікті медициналық қызмет көрсету.

14. Кәсіпорын қызметінің мақсаты болып табылады – халыққа алғашқы медико- санитарлы және кеңесті- диагностикалы көмек көрсету, халық денсаулығын сақтау бағдарламасын орындау .

Кәсіпорын қойылған мақсаттарды орындауға келесі қызметтерді орындайды:

  1. Медициналық қызмет:

  • Ерте анықталған ауруларды диагностикалау мақсатында;

  • Амбулаториялық деңгейде емдеу;

  • Стационарды ауыстыру көмегі (күндізгі стационар, үйдегі стационар)

  • Алдын алу тексерістер;

  • Иммунизация;

  • Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы (парақ, уақытша еңбекке жарамсыз анақтамасы беру)

  • Жүкті әйелдер, балалар және жаңа туған сәбилерге қамқоршы;

  • Диспансеризация и динамикалық көрсеткіші.

  1. Ақылы медициналық көмек көрсету негізінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілмегенде, өкілетті органмен басшымен бекітілген тізімге сәйкес (дәрігер мамандардың кеңестік қабылдауы, зертханалық тексерістері, диагностикалық тексеріс, рентгенді сәулелі диагностика, емшара мен қозғалыс, физио емшаралар, жедел араласу қызметі, плазмофарез наркоз, гипербариялық оксигенация бөлімі, ақлылы палатанды бір күнді- төсек, мәйітханадағы ретуалды қызмет, паталогиялық анатомия маман тексерісі, стеризация, медтексеріс);

  • кәсіпорындар мен ұйымдарға келісім шарттық негізде медициналық көмек көрсету;

  • мемлекеттік тапсырысты, ақылы қызметті және кәсіпорындармен шаруашылық шарттарды орындау есебінен Мемлекттік кәсіпорын қызметін ұстау және дамыту үшін қажетті табыс алу

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

  • мақсатты және рациональді шығыс құралдары, мемлекеттік тапысырыс бойынша алынған науқастарды тегін емдеуге;

  1. ақпараттық- кеңестік қызметі кәсіби курстар мен лекция, семинар, тренинг, конференция, дәрігерлік кеңес беруге және тәжірибелік жұмыс пен емдік-диагностикалық пен алдын алу жұмыс жүргізудің дәрігерлердің жоспарлы шығуы формасында:

  • жалпы емдік жүйе бойынша мамандардың кеңестік көмек көрсетуі;

  • салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу;

  1. Қазақстан Республикасының « Денсаулық сақтау жүйесіндегі халық денсаулығы» Кодексі бойынша тыйым салынбаған медициналық көмек түрін көрсету;

15.Кәсіпорынның осы Жарғыда көрсетілген қызметінің мәні және мақсаттарына жауап бермейтін қызметті, сондай-ақ келісімді жасауға құқығы жоқ.

16.Қазақстан Республикасының заңдары немесе уәкілетті құжаттармен шектелінген, немесе басшының жарғылық құзыреті бұзылумен жасалынған Кәсіпорынның келісімі сәйкес саланың уәкілетті органдарының немесе мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган), немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз болып есептелуі мүмкін.

17. Жарғыдан тыс Кәсіпорын қызметіне бағытталған Басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзған болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілігіне шара қолданады.

  1. Кәсіпорынды басқару

18. Жергілікті басқару органы:

1) Кәсіпорынды құру, қайта тарату және жою туралы шешімді қабылдайды;

2) Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе осыған коммуналды мүлікке қатысты уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органды уәкілетті етеді;

3) Кәсіпорынмен коммуналдық мүліктерді бекіту;

4) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басымдылық бағыттарын және жұмыстың (қызметтің) міндетті көлемін анықтайды;

5) Кәсіпорын мүлкін пайдалану, сондай-ақ оны кепілдікке, жалға беру, ақысыз пайдалануға және келісім бойынша басқару туралы шешімді қабылдайды;

6) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен берілген басқа уәкілдікті жүзеге асырады;

19. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Заңына тәртібіне сәйкес, келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1)Кәсіпорынды басқару сұрақтары жөнінде акт құрастырады және орындауын іске асырады;

2) Кәсіпорынды құру, қайта тарату және жою туралы шешімді қабылдайды;

3)Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді ;

4) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басымдылық бағыттарын және жұмыстың (қызметтің) міндетті көлемін анықтайды;

5) Кәсіпорын даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерін қарайды, келісімдейді және бекітеді;

6) Кәсіпорын дамуының жоспарларын орындау үшін анализ және бақылау жасайды;

7) Кәсіпорын мүлкін пайдалану және сақтау бақылауын қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорын мүлкінің есебін ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

9) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен берілген басқа уәкілдікті жүзеге асырады;

20. Кәсіпорын органы басшы болып табылады және бақылау кеңесі жағдайында осы Жарғының №5 бөлімімен қарастырылады;

21. Тағайндалған басшы, Бас дәрігердің аттестациялауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің анықталатын тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгеріс жағдайы тағайындалғанда.

22. Мемлекеттік басқару органы Мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігермен қарым-қатынастарды Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде орнатылған жағдайлардан басқа бюджетке таза кірістің белгіленген бөлігін уақытылы есепке аудару үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі анықталады.

23. Бас дәрігер меншік иесі және Мемлекеттік басқару органы алдында Мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс жағдайы үшін дербес жауап береді.

24. Бас дәрігер Кәсіпорында жемқорлыққа қарсы әрекеттерді ұйымдастыру үшін жеке жауапкершілікті атқарады.

25. Бас дәрігер бірге бастау принциптері бойынша әрекет етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Жарғыда белгіленген құзыретіне сәйкес Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

26. Бас дәрігер:

1) сенімхатсыз Кәсіпорын атынан қызмет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шегінде Кәсіпорын мүлкімен иелік етеді;

3) шарттар мен басқа да келісімдерді жасайды;

4) сенімхат береді;

5) банкілік шоттарды ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқау береді,

7) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, оларға ынталандыру шараларын және тәртіптік жазалар қолданады.

8) Кәсіпорын қызметкерлерінің (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерден басқа) еңбек ақысы формаларын, штат кестесі, лауазымдық жалақы көлемін, сыйақы және басқа да сый беру жүйесін еңбекақы қорының белгіленген шегінде бекітеді;

9) сәйкес саланың уәкілетті органға (жергілікті атқару органы) өзінің орынбасарларын тағайындау және қызметтен босату үшін кандидатурасын ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорын қызметкерлерінің басқа басшыларың құзыретін белгілейді;

11) Мемлекеттік басқару органның келісімі бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілеттіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорын филиадлдары мен өкілеттіктері туралы ережені бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

27. Мемлекеттік коммуналды кәсіпорын мен коммуналды мүлікпен басқару уәкілетті органы (жергілікті арқарушы орган) аралығындағы қарым –қатынас, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрдайым қолданыста.

28. Мемлекеттік коммуналды кәсіпорын мен коммуналды мүлікпен басқару уәкілетті органы (жергілікті арқарушы орган) аралығындағы қарым –қатынас салаларға қатсыты, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрдайым қолданыста

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды бақылау кеңесімен басқару ерекшеліктері

29.Кәсіпорында Мемлекеттік басқару органның ұсынысы бойынша бақылау кеңесі құрылады.

30. Бақылау кеңесін құру тәртібі, бақылау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар бақылау кеңесі мүшелерінің конкурстық сұрыптау тәртібі мен олардың өкілеттілігін мерзімсіз тоқтату Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген.

31.Бақылау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау тәртібі және бақылау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеудің лимиті Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған.

32. Бақылау кеңесінің қызметі бақылау кеңесінің әрекеттегі заңнамасы және бекітілген қаулысымен реттеледі.

  1. Кәсіпорын мүлкі

33Кәсіпорын мүліктері кәсіпорын белсенділерін анықтайды, оның құны теңгерімінде көрсетілген;

34. Мемлекеттік кәсіпорын мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері арасында бөлініп-таратыла алмайды.

35. Кәсіпорын мүлкі есептер бойынша қалыптасады:

  • оған меншік иесі табыстаған мүлік;

  • меншікті қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақшалай қаражаттарды қоса алғанда) мүлік;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

36. Кәсіпорынға оның жарғылық мақсаттармен қарастырылған қызметті қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлік қана жатады.

37. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату егер де басқасы осы Жарғыда қарастырылмаса және осы заттық құқықтық табиғатына қайшы келмесе, мүлік құқығын және басқа да заттық құқықтарды алу және тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде қарастырылған жағдайда және тәртіпте жүзеге асады.

38. Шаруашылық жүргізуде жатқан пайдаланылған мүліктен түскен өнімдер және кірістер, сондай-ақ шарттар немесе басқа да негіздер бойынша Кәсіпорынмен сатып алынған мүлік жеке меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

39. Жеке меншікпен кәсіпорынға мүліктің тіркелуі туралы шешім қабылданғанда, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорында мүлікті оның балансына тіркеу сәтінен, егер де басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жеке меншіктің шешімі қарастырылмаған жағдайда басталады.

40. Кәсіпорын негізгі заттарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйлыққа беру келісім шарттары негізінде мүлікті иесіздендіруге құқығы жоқ.

41. Шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорын мүлігіне меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 249 бабында қарастырылған негіз және тәртіп бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 41,42 тармақтарында қарастырылған жағдайларда тоқтатылады.

42. Осы Жарғының 40 тармағында қарастырылған шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы жеке меншік иесінің шешімі бойынша Кәсіпорыннан мүлікті заңды жағдайда тоқтатылады.

Құқықтық шара алу жағдайыны жеке жатады:

— шаруашылық жүргізу құқығында Кәсіпорынның жарлы қызметіне жауап бермейтін мүлікті алу;

— мүліктің тағайындалуы бойынша пайдаланбайтын не пайдаланатын артық мүлікті алу.

43. Мемлекеттік басқару органның ұсынысы бойынша уәкілетті органның жазбаша келісімімен кәсіпорынның құқықтары:

1) филиал, өкілеттіктерді құру;

2) акционерлік қоғам акциялары, сонымен қатар дебиторлы берешекпен пайдалану;

3) үшінші тұлға міндеттері бойынша кепілдік беру;

4) займдар ұсыну.

44. Кәсіпорын өзінен-өзі шаруашылық жүргізуге қатысты негізгі тәсілдерге жатпайтын жылжымайтын мүлікпен қолданыла алады.

45. Осы Жарғының 43 және 44 тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалынған келісімнен түскен қаражаты, кәсіпорын өзі қолда алады, егер де Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі немесе жеке меншік иесімен келісім орнатылған жағдайда

7.Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

46. Кәсіпорын қызметі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен белгіленген жеке кіріс және бюджеттік қаражат есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын дайындау және бекіту тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

47. Кәсіпорынның таза табысы бөлігінің аударым нормативін Уәкілетті орган белгілейді.

Белгіленген норматив бойынша Кәсіпорынның таза табысының бөлігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіпте сәйкес бюджетке есептеуге жатады.

Кәсіпорын корпоративті табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күннен кешікпей таза табыстың бөлігін сәйкес бюджетке есептейді.

48. Кәсіпорын өндіретін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасы олардың өндірілуіне жұмсаған Кәсіпорынның барлық шығындарын толық өтеуін қамтамасыз ету керек.

Бюджеттен қаржыландыратын жұмыс (қызмет) көлемі аясында өндірілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағалары уәкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорынмен белгіленеді.

49. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда қарастырылмаған қызметтерді жасаудан түскен табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құрылған жүзеге асырылатын тауарларға (жұмыстар, қызметтер) белгіленген бағаларды көтеру нәтижесінде түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бюджетке алуға жатады. Мүлікті пайдаланудың бухгалтерлік есеп ережелері бойынша оның сәйкес көрсетілмеу фактісі анықталған жағдайда ол бюджетке алынуға жатады.

8.Кәсіпорынның Жарғы капиталы

50. Кәсіпорынның жарғы капиталының мөлшері 347716,4 /үш жүз қырық жеті миллион жеті жүз он алты мың төрт / теңгені құрайды.Қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеу құрушының келісімімен.

9.Кәсіпорынның есебі және есептілігі

51. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілікті құру Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік басқару органмен келісім бойынша Кәсіпорын басшысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасы және есептілік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

52. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігі: бухгалтерлік баланс, кіріс және шығын жөніндегі есеп, ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есеп, капиталдағы өзгерістер жөніндегі есеп, түсініктеме хат.

10.Кәсіпорын жауапкершілігі

53. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығы барлық мүлігіне өз міндеттері бойынша жауап береді.

11. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас

54. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және ұжымдық келісім шартқа сәйкес белгіленеді.

55. Кәсіпорын жұмысының режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен орнатылады және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі керек.

12.Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек төлемі

56. Кәсіпорын еңбек төлемі қорының мөлшері жыл сайын мемлекеттік басқару органмен орнатылады.

57. Еңбек төлемінің формасы, штат кестесі, лауазымдық жалақы мөлшері, сыйақы және басқа да сый беру жүйесі еңбек төлемінің орнатылған қоры шегінде Кәсіпорынмен дербес белгіленеді.

58. Кәсіпорын басшысы, оның орынбасарлары, бас (аға) бухгалтердің лауазымдық жалақы мөлшері, олардың сыйақы және басқа да сый беру жүйесі мемлекеттік басқару Органмен орнатылады.

13. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

59.Кәсіпорын берілген тапсырмаларды, тағайындалған атқарылған міндет жүзеге асыруға заңды тәртіппен мемлекттік мүлік сұрағы бойынша «Павлодар облысы Қаржы басқармасы» әрекеттестіреді.

Павлодар облысының әкімдігінің қаулысымен мемлекеттік мүліктерді басқа деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқарма коммунальді мүлікпен жүзеге асады.

«Павлодар облысы Қаржы басқарамысы» ММ жарылғыны бекітеді (жағдайлармен) денсаулық сақтау қызметіндегі коммуникальді заңды тұлғада толықтумен өзгерулерді енгізу.

«Павлодар облысы Қаржы басқарамысы» ММ денсаулық сақтау қызметіне (жағдайлармен) мүліктерді (жалға), сенімді басқарма физикалық тұлғаларына және мемелекеттік емес тұлғаларға келесі шығыстың құқықғы бойынша, келесі сатып алу құқығымен немесе жеке субъекті шағын кәсіпкерлікке өтеусіз негізінде жарылғыны бекітеді.

14. Кәсіпорынды қайта құру және тарату

60. Кәсіпорынды қайта құру және тарату жергілікті атқарушы органмен шешімі бойынша жүзеге асады. Кәсіпорын басқа жағдайымен таратыла алады, Қазақсатн Республикасынң Азаматтық кодексінде қарастырылғын.

61. Кәсіпорынды қайта құру және тарату жергілікті атқарушы органмен жасалынады.

62. Кәсіпорынның мүлкітері несишілердің талаптарынан қанағаттанарлығынан кейін таратуды жергілікті атқарушы орган қарастырылады.

Жойылған Кәсіпорынның қаражаты, несие берушінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Кәсіпорынның жойылған мүлігін іске асыру нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда сәйкес бюджеттің кіріс есебіне түседі.

15. Жарғыда өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

63. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар жергілікті атқарушы немесе атқарушы орган өкіл етеді. Жергілікті бюджеттің қаржылауымен, өкіл облыстық коммунальді мүлікпен әмір етеді.

Бас дәрігер М.Т.Амренов

УСТАВ Каз






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа