Квоталар

Қаланың стационарларына госпитализациялау жоспарлы түрде жүзеге асырылады.

Шұғыл түрде госпитализациялау өз кезегінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін, жағдайды бағалайтын және бағдары мен қала стационарларының ургентті (шұғыл) кезекшілігінің бекітілген кестесіне сәйкес, қажетіне қарай шұғыл түрде кезекші стационарға госпитализациялай алатын жедел жәрдем шақырылған жіті шұғыл жағдайларда жүргізіледі.

Жоспарлы госпитализациялау 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы госпитализациялауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» №860 бұйрыққа сәйкес созылмалы аурулар, кезек күттірмейтін араласуды қажет етпейтін асқынулар кезінде жоспарлы түрде жүзеге асырылады:

1. Стационарлық көмек көрсетуші денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – стационар) жоспарлы госпитализациялау пациенттің АМККК шеңберінде медициналық ұйымды таңдау құқығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
2. Стационарға госпитализациялауға жолдаманы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) медициналық ұйымы рәсімдейді.
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен белгіленген ұйым (бұдан әрі – Госпитализациялау бюросы) АМККК шеңберінде стационарға жоспарлы госпитализациялау шарасын мына жолдармен жүзеге асырады:

МСАК ұйымдарының мамандарымен госпитализацияға жолданғандар мен госпитализациялаудан бас тарту және стационардағы бос төсек-орындар туралы деректер арқылы төсек бағдарлары шамасында «Жоспарлы госпитализациялау регистрі» персонифицирленген деректер базасын құру (бұдан әрі – Регистр);

МСАК ұйымдары ұсынатын және стационарлар ұсынатын бос төсек-орындар бойынша стационарлық көмекке мұқтаж науқастар туралы деректерге сәйкес жоспарлы госпитализациялау мониторингін республикалық және аймақтық деңгейде өткізу;

Қазақстан Республикасы аумағында жоспарлы госпитализациялау үрдісінің қатысушылары арасында әрекеттестікті қамтамасыз ету.

Жоспарлы госпитализациялауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

1.    Стационарға госпитализациялау.

2.    Науқас жүгінген кезде МСАК ұйымының емдеуші дәрігері науқасты қарауды, ауруды диагностикалау және клиника-диагностикалық,  аспаптық және рентгенологиялық зерттеулер сияқты емдеу амалдары мен мамандар кеңестерін жүзеге асырады.

3.    Қажетіне қарай емдеуші дәрігер бөлім меңгерушісімен біріге отырып, науқасты стационарға госпитализациялау мәселесін шешеді.

4.    Науқасты госпитализациялау шешімі қабылданған кезде МСАК ұйымының маманы мынаны орындайды:

4.1. МСАК ұйымының статистикалық қызметі бөлімінен пациент таңдап алған аймақтағы стационарлар шамасындағы бос орындар туралы Регистр дерегін сұратады;
4.2. Тіркеу және мониторинг үшін Госпитализациялау бюросына электрондық және қағаз/факс тасымалдағышта госпитализациялауға мұқтаж науқас туралы деректер жолдайды;
4.3. Бос бағдарлы төсек-орын болған кезде дәрігер нөмірі мен кодын көрсете отырып, жолдаманы рәсімдейді;
4.4. Науқас таңдап алған бос төсек-орын болмаған жағдайда МСАК ұйымының дәрігері науқасқа бос төсек-орны бар басқа стационарды таңдауын ұсынады;
4.5. Науқас ұсынылған стационардан бас тартқан жағдайдадағы дәрігердің әрекеті:

4.5.1. науқастың таңдап алған стационарында жоспарлы госпитализациялануды күтуі қажет екендігін хабарлайды;
4.5.2. жоспарлы госпитализациялаудың күту парағына тіркеу үшін науқас туралы деректі электрондық және қағаз тасымалдағышта Госпитализациялау бюросына жолдайды;
4.5.3. жолдаманы Күту парағының код нөмірі мен госпитализациялаудың күні бұрын күнін белгілей отырып жолдаманы рәсімдейді;
4.5.4. Госпитализация бюросы:

4.5.1.1. МСАК ұйымымен жолданған науқасты госпитализациялау күнін растауды шұғыл түрде жүзеге асырады;
4.5.1.2. госпитализациялауға мұқтаж науқасты тіркеуді жүзеге асырады және әр науқасқа код нөмірін береді;
4.5.1.3. госпитализациялауға жолданған науқастардың тізімін күн сайын стационарға жолдап отырады;
4.5.1.4. күту парағына науқасты және қозғалыс мониторингін тіркеуді жүзеге асырады;
4.5.1.5. МСАК ұйымдарына күн сайын стационар  шамасындағы бос төсек-орындар және аймақ бағдары, сондай-ақ республикалық клиникаларға да өтінім бойынша мәліметтерді жолдайды;
4.5.1.6. госпитализациялауды күтіп жүрген науқастарды күні бұрын құлақтандыру үшін күн сайын МСАК ұйымдарына Күту парақтарын жолдайды;
4.5.1.7. МСАК ұйымының статистика қызметінің бөлімі науқастың коды бойынша науқасты уақтылы құлақтандыру үшін Күту парағын бақылап отырады;
4.5.1.8. госпитализацияны күту күнтізбелік он күннен асатын болса және зертханалық зерттеулердің күні ескіріп қалатын болса, науқас МСАК ұйымдарында жалпы клиникалық зертханалық зерттеулерді қайталай жасауы керек;
4.5.1.9. Орынның болмауы себепті госпитализациялаудан бас тарту жағдайларын болдырмау үшін МСАК ұйымы Госпитализация бюросымен бірге күн сайын стационарға жолданған науқастарды госпитализациялау күндерін салыстырып отырады. Госпитализациялау күнінде өзгерістер болғанда науқас құлақтандырылып отырады;
4.5.1.10. жоспарлы госпитализациялаудың мониторингі үшін МСАК ұйымы стационарлық емдеуге жолданған барлық науқастарды тіркейді.

Пациент медициналық көмектен бас тартқан жағдайда МСАК ұйымы бұл жөнінде науқасты Кезек парағынан алып тастау үшін Госпитализация бюросын ескертеді.

Республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға квотаны қалай алуға болады?

Стационарлық көмек нысанындағы ЖММК жергілікті деңгейдегідей республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда да көрсетіледі.

Консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК республикалық деңгейде көрсетіледі.
Жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда стационар жағдайында ЖММК көрсету үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді және оны пациентке береді. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жергілікті деңгейде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін пациенттің құжаттар пакетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – ЖММК комиссия) қарауға жібереді.
ЖММК комиссияның шешімі стационарлық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету үшін азаматтарды республикалық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызудың және консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК көрсетуге жіберудің негізі болып табылады.

ЖММК комиссияның қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) пациенттің жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) пациенттің клиникалық диагнозы көрсете отырып медициналық ұйым маманының жолдамасы;3)пациентті зерттеп-қараудың ең аз қажетті көлемінің нәтижелері (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, нәжістің ішекқұрт жұмыртқаларына талдауы, кеуде ағзаларының флюорографиясы, электрокардиограмма және HbsAg болуы);
4) өңірлік деңгейде мүмкін болатын клиникалық диагнозды, зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, амбулаториялық картадан/сырқатнамадан көшірме;
5) пациенттің клиникалық диагнозын растайтын зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері.

ЖММК комиссия пациенттің құжаттар пакетін сырттай немесе қажет болған жағдайда пациентті бейінді мамандардың комиссиялық қарауына шақыра отырып, қарауға құқылы.
ЖММК комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және пациентті түрлері мен көлеміне және пациент тасымалдануына сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республикалық медициналық ұйымдарға жіберудің негізділігін анықтайды.
Пациенттің құжаттары келіп түскен сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ЖММК комиссиясы хаттамалық шешім қабылдайды.

Пациентке республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы жолдаманың электронды үлгісіне тиісті жолдарды толтыру арқылы Емдеуге жатқызу порталына жолдаманы тіркейді және автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы жіберген медициналық ұйымға береді. Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін медициналық ұйым пациентке жолдаманың күні туралы хабарлайды.
Пациентке республикалық медициналық ұйымда консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталында бас тартуды тіркейді және уәждемелі бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады.
Пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық ғылымды дамыту мақсатында республикалық медициналық ұйым пациентті жоғары мамандандырылған көмектің жоспарлы көлемдерінен 10% шекте медициналық айғақтары болған жағдайда мынадай адамдарды өз бетінше емдеуге жатқызады:
1) әлеуметтік қорғалмаған топтарға: 18 жасқа дейінгі балаларды, жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді, «Алтын Алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарды, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды, жасына қарай зейнеткерлерге, әлеуметтік мәні бар науқастарға;
2) шұғыл және жедел медициналық айғақтары кезінде;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілеген ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау шеңберінде.
Бұл ретте, республикалық медициналық ұйым медициналық көмек көрсету үшін пациентті емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдау кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен Емдеуге жатқызу бюросының порталында жолдаманы тіркейді және оны медициналық картаға қосады.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа