Қызылша немен қауіпті?

11.01.2019

Қызылша және қызамықбір-біріне ұқсас жұқпалы аурулар. Вирустар қоздырғыштары болып табылады. Ауа-тамшы жолымен таралады. Клиникалық ерекшелігі – бөртпе.

Қызылша. Қызылша вирусы қанға түсіп, тыныс алу жолдары арқылы ағзаға түсіп, көбейеді және қанға енеді. Қанмен ағзаның түрлі мүшелеріне таралып, миндалиндерді, бауырды, өкпені, сүйек миын зақымдайды.

Қызылшаның белгілері. Қызылша жіті респираторлық аурулардың белгілеріне ұқсас симптомдардан басталады (дене қызуының көтерілуі, жөтел, суық тию, жас ағу). Бұндай жағдай 2-3 күнге сақталады, кейін ашық қызыл тұтасқан бөртпе пайда болады, алдымен бетте, құлақтың арттарында, одан соң бүкіл денеге таралады. Қызылшамен ауыратын сырқат қоршаған адамдар үшін алғашқы 4 күнде және бөртпе пайда болғаннан кейінгі 4 күнде аса жұқпалы болады.

Қызылша немен қауіпті? Қызылша орта құлақтың, өкпенің, трахеялардың, бронхтардың, сондай-ақ ми қабығының қабынуларымен қауіпті.

Қызылша қалай емделеді? Қызылша да жататын барлық вирустық жұқпалардың емделуі қиынға соғады. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препарат жоқ. Антибиотиктер тек қызылшаның қабынуын емдеу үшін тағайындалады. Қызылшамен ауыратын сырқаттарға дәрумендерге толы (көкөкніс, жеміс, шырын) жақсы тамақтану, көп су іжу қажет.

Қызылшадан қалай қорғалуға болады? 60-шы жылдардан бері 1 –ден 6-ға дейінгі жаста жүргізілетін осы ауру түріне қарсы екпені алғанда ғана қызылшадан қорғалуға болады. Қызылшаға қарсы екпені шығарғанда медицина ғылымы үлкен жеңіске жетті.

Екпеден бас тартқан жағдайда, Сіз ауыр және асқынумен өтетін, тіпті өлімге душар ететін ауруды таңдайтыныңызды есте сақтаңыз!

Қызылшадан қорғанудың жалғыз сенімді жолы — ЕКПЕ





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа