64-39-09

Емделушіні қолдау қызметінің

ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

ШЖҚ «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 58-бабына сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ (бұдан әрі – ҚЫЗМЕТ) құрылды.

Бас дәрігердің бұйрығымен ҚЫЗМЕТТІҢ құрылымы мен құрамы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Қызметті бас дәрігердің iшкi аудит жөніндегі орынбасары басқарады. Қызметтің құрамына келесі мамандар кіреді: сарапшы — дәрігерлер, клиникалық фармаколог, эпидемиолог дәрігері, БАҚ мониторингі жөніндегі маман. Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысы бас дәрігер бекіткен Ережемен реттеледі.

Мақсат:

* емделушінің уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алу құқығын қамтамасыз ету;

* емделушілер шағымдарының «осында және қазір» принципі бойынша жедел шешілуін қамтамасыз ету.

Міндет:

Аурухананың құрылымдық бөлімшелерінің медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметін үйлестіру.

Атқарымы:

— бөлімшелер қызметінің өз үдерістерін және рәсімдерін бағалау, денсаулық сақтау аясындағы стандарттарды енгізу, ішкі индикаторларды қолдану бойынша тиімділігін талдау;

— ауруханаішілік комиссиялардың қызметін талдау;

— аурухана әкімшілігіне тиісті басқару шешімдерді қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпаратты ұсыну;

— қызметкерлер құрамын медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек көрсету;

— сапаны жақсарту және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы қызметкерлердің пікірлерін зерделеу және қызметкерлер құрамын хабардар ету;

— медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау;

— сауалнама жүргізу арқылы емделушілердің медициналық қызметтің деңгейіне және сапасына қанағат болу дәрежесі зерделеніп, емделушілердің мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болғанына қарай сол жерде, бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу;

— азаматтардың тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелерінің сақталуын бақылау.

Құрметті емделушілер!

Егер Сіз:

— медициналық көмек көрсету сапасына қанағат болмасаңыз;

— медициналық қызметкерлер құрамы тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;

— тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлермен ақша талап ету деректеріне тап болсаңыз;

— сонымен қатар егер СІЗ, медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты басқа күрделі мәселелерге тап болсаңыз, Сіздің ЕМДЕЛУШІНІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.

ҚЫЗМЕТТІҢ жетекшісі бас дәрігердің iшкi аудит жөніндегі орынбасары – ЕРУБАЕВА БАҚЫТ БОЛАТБАЙҚЫЗЫ

Әкімшілік, 3 қабат, бас дәрігердің iшкi аудит жөніндегі орынбасарының кабинеті сағат 08.00-ден — 18.00-ге дейін қабылдау жүргізеді, телефоны: 64-39-86

Біздің ұйымда медициналық көмек алу кезінде мәселе туындаған жағдайда, Сіз жүгіне аласыз:

Бас дәрігердің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары – АЛТАЙ ҚҰЖАТҰЛЫ СЫЗДЫҚОВҚА

Әкімшілік, 3 қабат, бас дәрігердің емдеу қызметі жөніндегі орынбасарының кабинеті сағат 08.00-ден — 18.00-ге дейін, телефоны: 65-08-25

Бас дәрігері – Мәрлен Нариманұлы Ахметовқа

Әкімшілік, 3 қабат, бас дәрігердің қабылдау бөлмесі сағат 08.00-ден — 18.00-ге дейін, телефоны: 64-39-09

Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер арқылы

Сіздің өтініштеріңізді біз, Сізге ыңғайлы етіп, кез-келген түрде қабылдауға дайынбыз:

Павлодар қаласы, Батурин көшесі, 4/1 мекенжайы бойынша корреспонденттік поштамен Аурухананың сайты арқылы bsmp@inbox.ru электрондық поштамен

Сіз, ЕМДЕЛУШIHI ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТIНЕ 64-38-96 телефоны бойынша хабарласа аласыздар.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің

Сенім телефоны 55-07-65, 65-15-50 Сайты http://mfc-pvl.gov.kz/

Саll-орталыгы: 662-499

Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, белгіленген мерзімдерде жауап ұсынады.





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа