64-39-09

Жарғы

 

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының

шарушылық жүргізу құқығындағы

«№3 Павлодар қалалық ауруханасы»

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның

ЖАРҒЫСЫ

 Жалпы ережелер

 1.Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «№3 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі — Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық — кұқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады.

2.Кәсіпорын Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің 1999 жылғы «02» ақпандағы «Облыс денсаулық сақтау бюджеттік мекемелерін қайта тіркеу және жаңа заңды тұлғалар құру туралы» № 44 бұйрығына сәйкес құрылды.

3.Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі болып табылады.

4.Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік қүқығын жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі болып табылады жүзеге асырады.

5.Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі — Басқару органы) болып табылады.

6.Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Мемлекеттік кәсіпорынның орыс тіліндегі атауы: Коммунальное государственное предприятия на праве хозяйственного ведения «Павлодарская городская больница № 3» Управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

7.Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140004, Павлодар қаласы, Хромзауыт, өткел 7, 4-үй.

 

  1. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

 

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған және заңды түлғаның құқықтарын иеленген болып саналады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның рұқсатымен кұрып, сонымен қатар, өзін басқа заңды тұлғаның құрушысы (қатысушысы) ретінде көрсете алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.

  1. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республиксының заңна- малық актілеріне сәйкес міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеуге немесе басқа да тіркеуге қатысты келісім-шарттар тіркелген күннен бастап егер өзге жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көрсетілмесе, жасалған болып саналады.
  2. Кәсіпорын қызметі мен оның мақсаттары

 

  1. Кәсіпорынның қызметі болып табылатындар заңнамамен белгіленген тәртіпте және бекітілген медициналық қызмет түрлері бойынша берілген лицензияға сәйкес тұрғындарға жоғарғы білікті медициналық көмек көрсету.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылатындар:

1) облыстың халқына қажетті көлемде стационарлық, стационарды алмастыратын және жедел медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

2) облыстың ересек және бала тұрғындардың денсаулығын қорғау бағдарламаларын іске асыру;

3)әлеуметтік мәселелерді медициналық қызметтермен нарықты толықтыру аркылы шешу;

4)Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

5)қоғамның қажеттілігін өтей алатын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

6)Кәсіпорынның қызметіне медициналық көмек көрсетудің тиімді ұйымдастыру нысандарын, алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу болып табылады, ғылыми дәлелденген медицина негізінде әзірленген халықаралық стандарттарды және диагностикалау меп емдеудің хаттамаларын енгізу;

7)бүкіл әлемдік денсаулық сактау ұйымдарымен енгізілетін тиімді технологияларға сәйкес заманауи медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтау;

8) заңды және жеке тұлғалармен мемлекеттік тапсырыстарды, ақылы қызметпен шарттарды орындау барысында, Кәсіпорын жұмысы мен дамуына қажетті кірісті алу;

9)клиенттердің талаптары мен жоғары сапалы медициналық көмек алу үміттерін зерттеу арқылы олардың қанағаттанушылығын көтеру;

10)кәсіпорынның әрекетін жаңа технологияларды, құрал жабдықтарды, заманауи басқару шешімдері, басқару түрлері мен тәсілдерін және персоналдардың квалификациялық деңгейін арттыру арқылы жетілдіру;

11)мемлекеттік тапсырыс бойынша Кәсіпорынға бөлінген құралдардың үнемдеу тәртібін сақтау, төсек орын қорын орынды және тиімді қолдану — ресурсты үнемдеу саясатын жүргізу болып табылады, Кәсіпорынның бюджеттен тыс қорды толтыру мақсатымен аурухана шаруашылығындағы ресурстарды қолдану, аурухананы ұстау үшін медициналық ақылы қызмет түрін және көлемін кеңейту есебінен бюджеттен тыс қосымша қаржы алу.

14.Қойылған максатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін іске асырады:

1)медициналық қызмет:

-денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған медициналық көмекті түрлі формаларда ұсыну: білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек;

-зертханалық диагностика;

-коғам денсаулығын сақтау саласындағы қызмет: аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық тексерулерді өткізу, алдын алу екпелерін жүргізу және қызметтің өзге түрлері;

-денсаулық сақтау саласындағы сараптама: уақытша еңбекке жарам- сыздыктың сараптамасы, медициналық қызмет көрсету сапасының ішкі capаптамасы;

-денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;

-«Халықтың денсаулығы жэне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Казақстан Республикасының Кодексімен тыйым салынбаған медициналық қызметтің өзге түрлері;

2)есірткі заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен банланысты қызмет;

3)қызметтің түрлі бағыттары бойынша кәсіби курстар, дәрістер, семи- нарлар, тренингтер, конференциялар және өзге де шараларды ұйымдастыру мен өткізу формасындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулер;

4)Кәсіпорынның қызметі бойынша бірлескен шаруашылық қызмет жөніндегі (консорциум) келісім-шарттың негізінде өзге заңды тұлғалармен бірлесіп уақытша ерікті тең құқықты одақтар ұйымдастыру;

5)денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-білімдік іс шаралардың, көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, мәжілістердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысу;

6)денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

15.Кәсіпорынның қызмет пен оның мақсатына жауап бермейтін келісімдерді жасауға және қызметті іске асыруға құқығы жоқ.

16.Кәсіпорынның қызмет мақсаттарына, Қазақстан Республикасының шектелген заңдарына немесе басқарушы құжаттарына, не басшының жарғылық құзіреттілігінің бұзушылығымен қарсы жасалған келісім-шарты жергілікті атқарушы органның шағымымен, Кәсіпорынды басқару органымен, облыстық коммуналдық бюджетті пайдалануға уәкілеттенген, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органмен, немесе прокурормен жарамсыз деп саналуы мүмкін.

17.Басшының Кәсіпорынның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып саналады және тәртіптік және материалдық жазаға әкеп соғады.

 

  1. Кәсіпорынды басқару

 

18.Жергілікті атқарушы орган:

1)Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2)Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3)коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

4)Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5)Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

6)осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырадды.

19.Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:

1)бір мекемеге қарасты заңды тұлғаларды басқару  сұрақтары бойынша акт әзірлейді, оның іске асуын қамтамасыз етеді;

2)Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жасайды;

3)Кәсіпорынның Жарғысын бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгеріс пен толықтырулар енгізуді ұсынады;

4)Кәсіпорыынның бюджетінен қаржыландыратын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

5)Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі бекітеді.

6)Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

7)Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;

8)Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды камтамасыз етеді;

9)Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

20.Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып, заңнамамен көзделген жағдайларда бакылау кеңесі болып табылады.

21.Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жагдайды коспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

22.Баскару органы Кәсіпорынның  Басшының еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстық белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.

23.Кәсіпорынның Басшыны Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

24.Кәсіпорынның Басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

25.Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын

қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

  1. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бүйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7)Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;

8)Белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9)өзінін орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Басқару органына кандидатуралар ұсынады;

10)өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11)тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Казақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен уәкілетті орган арасындағы коммуналдық мүлікті басқару бойынша (жергілікті аткарушы орган) өзара қатынас Казақстан Республикасының қоластындағы заңнамасымен реттеледі.

28.Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен уәкілетті органдарға сәйкес салалар арасындағы (жергілікті атқарушы орган) өзара қатынас Қазақстан Республикасының қоластындағы заңнамасымен реттеледі.

 

  1. Байқау кеңесімен шаруашылык жүргізу қүқығындағы Кәсіпорынды баскару ерекшеліктері

 

29.Кәсіпорында Басқару органның ұсынысы бойынша байқау кеңесі құрылуы мүмкін.

30.Байкау кеңесін құру реті, байқау кеңесі қүрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген.

31.Байкау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау Қазақстан РеспубликасыҮкіметімен

айқындалған.

  1. Байкау кеңесінің қызметі әрекет етуші заңнамамен және байқау кеңесінің бекітілген ережесімен реттеліп отырады.
  2. Кәсіпорынның мүлкі

 

33.Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде керсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

  1. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын кызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі:

1)оған меншік иесі берген мүліктің;

2)өз кызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3)Казақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінең қалыптастырылады.

36.Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген кызметін қамтамасыз ету үшін оган қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

37.Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттык кұкықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

38.Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Казақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

39.Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құкығы, оған катысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

40.Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға кұкығы жоқ.

41.Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылык жүргізу құкығы, Қазакстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік кұқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 40, 41- тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

42.Осы Жарғының 41 тармағында көзделген шаруашылык жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу қүқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып кою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

-шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылык қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

-артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын  мүлікті алып қою жатқызылады.

43.Шаруашылық жүргізу кұкығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық коммуналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

44.Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша филиалдар, өкілдіктер құруға құқылы.

45.Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.

46.Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 43 тармағында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

 

  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

47.Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

48.Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.

50.Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу қүкығындағы) өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның  қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (керсетілетін қызмет- тердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсе- тілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгілейді.

51.Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорыннын Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жүұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

52.Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 185 061 639(жүз сексен бес миллион алпыс бір мың алты жүз отыз тоғыз) теңге көлемімен қалыптасады, бұл тіркеу кезеңіне дейін Құрылтайшы толығымен қалыптастырған.

  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

53.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен каржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

54.Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі

55.Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

56.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

57.Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

  1. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

 

58.Кәсіпорынның еңбекақы төлеу корының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.

59.Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

60.Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін тиісті саланың Басқару органы белгілейді.

13.Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

61.Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органыңың шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасын Азаматтык кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

62.Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару органы жүзеге асырады.

63.Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған каражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

  1. Жарғыға озгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

64.Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.

 

 

Басшы_________________________(бас дәрігер) М.Н. Ахметов





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа