CALL-орталығы
79-99-62

Мемлекеттік қызметтер

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» №272 бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласындағы емдеу мекемелері мемлекеттік қызмет көрсетудің келесі стандарттарын көрсетеді:

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

2.Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі:

Мемлекеттік қызмет қызмет көрсетушіге тікелей хабарласқан кезде немесе қоңырау шалған күні көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

Электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызмет  порталға енгізілген күні көрсетіледі.

Сонымен қоса мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

«Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Мемлекеттік қызмет қызмет алушыға тікелей хабарласқан кезде немесе қоңырау шалған кезде —  дәрігердің қабылдауына алдын ала журналға жазылу және дәрігердің қай күні, қай уақытта қабылдайтынын ауызша жеткізу қабылдайтын дәрігердің жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі;

Жұмыс кестесі: дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбіден – жұма аралығында сағат 8.00-ден 20.000-ге дейін, үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін!, жексенбіден  және Қазақстан Республикасы еңбек Кодексінің мереке күндеріне сәйкес;

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мемлекеттік  мекемелерге бекіту» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

Электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызмет  порталға енгізілген күні көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – қағаз түрінде (еркін үлгіде) жазылған хабарлама (талон) немесе электронды сандық қолтаңбамен қолы қойылған (ЭСҚ) электронды құжат түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету – тегін.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар: (немесе оның сенімді өкілінің): еркін үлгідегі өтініш; құжат, жеке куәлігі.

«ВИЧ-инфекциясына ерікті, құпия түрдегі және міндетті арнайы медициналық тексеріс» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі  №246 «Қазақстан Республикасы азаматтарын ерікті немесе құпия  түрде медициналық тексеруден өткізу және оралмандарды ВИЧ-инфекциясына №11145 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) тегін түрде өткізу мәселелері жөніндегі Ережені бекіту тәртібі туралы» бұйрығына сәйкес адамды иммунитет тапшылығы вирусына зерттеу туралы анықтама-сертификат.

Тексерудің қорытындысы керісінше көрсеткен жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының өз қолына беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету қызмет алушыларға — Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарға тегін, ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

Төлемақы қызмет ұсынушының кассасына қолма-қол төленеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетілетін медициналық мекемеден анықтаманың берілуі

Мемлекеттік қызмет қызмет көрсетушіге тікелей хабарласқан кезде немесе қоңырау шалған күні көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмыс уақыты аяқталуға 2 сағат қалғанға дейін (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 12.00-ге дейін) тапсырыс беруге болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету – қағаз түрінде

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақастан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау мекемесінің алғашқы дәрігерлік көмек түрін бекіту туралы (№6697 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) бұйрығына сәйкес учаскелік дәрігер немесе жалпы практикадағы дәрігердің қолымен, дәрігердің жеке өзінің немесе қызмет көрсетушінің мөрімен бекітілген №079/у және №035-2/у түрлері бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен медициналық мекеменің анықтамасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету – тегін.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен мемлекеттік мекеменің уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы парағын беруі».

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жұмысқа уақытша жарамсыздығы сараптамасын жүргізу, жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы парағын және анықтаманы беру Ережесін бекіту туралы» №183 бұйрығына сәйкес (№10964 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен мемлекеттік мекеменің жұмысқа уақытша жарамсыздығы парағы.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен медициналық мекеменің жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беруі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «жұмысқа уақытша жарамсыздығы сынағын жүргізу, жұмысқа уақытша жарамсыздығы туралы парағы пен анықтаманы (№1096410964 мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген) №183 бұйрығына сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен мемлекеттік мекеменің уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы берген анықтамасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету – тегін.

Г.Ізбасарова, «ШЖҚ №2 емхана» КМК пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы

 

 

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа