CALL-орталығы
79-99-62

Емделушіні қолдау қызметінің

ШЖҚ «Екібастұз қ. № 2 емханасы» КМК пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау (ішкі аудит) Қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 58-бабының 3-тармағынажәне «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1577 қаулысына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрімен2015жылғы 27 ақпандабекітілген медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптама жүргізу мен ұйымдастыру бойынша  Жол картасының  1.4-тармағын іске асыру мақсатында пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылды.

Ішкі бақылау (аудит) қызметінің құрылымы мен құрамын емхана бас дәрігерікөрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне қарай бекітеді және  тіркелген 20 мың тұрғынға 1 сарапшы дәрігер есебінен.

Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі сараптама жүргізу тәртібі  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1577  «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес анықталады.

Ішкі аудит жүргізудің негізгі принциптері:
1) жүйелілік – медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама құрылым индикаторларының, үдеріс пен нәтиженің өзара байланысымен жүзеге асырылады;
2) объективтілік – медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды қолдана отырып жүзеге асырылады;
3) ашықтық – медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама құрылымдық бөлімше басшысыныңқатысуымен немесе бақылау нысаны болып табылатын медициналық қызметтер көрсету сапасына жауапты дәрігердің  қатысуымен жүзеге асырылады.

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастырумен, көрсетілетін медициналық көмектің сапасымен қанағаттанбаған жағдайларда олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаумен байланысты қатынастарды реттейді.

 

 

 

2. Медициналық көмек көрсету сапасына сараптама жүргізу тәртібі

 

 

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі келесі бақылау деңгейлеріне негізделген:

—  өзін өзі бақылау;

—  бөлімше басшысы деңгейінде бақылау;

— бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасарымен жүргізілетін бақылау.

Өзін өзі бақылау деңгейінде медициналық көмек сапасына сараптама жүргізуді дәрігер және медбике жүзеге асырады (сараптаманың бірінші сатысы).

Бөлімше  деңгейінде медициналық көмек сапасына бақылау жүргізуді бөлімше меңгерушісі және аға медбике жүзеге асырады (сараптаманың екінші сатысы).  Емханалық құрылымдық бөлімше меңгерушісі  бір ай ішінде кемінде 10%  аяқталған жағдайларға сараптама жүргізеді.

Ұйым деңгейінде сапа бақылауын бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

Бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары ұйымда  медициналық көмек көрсету сапасын жалпы қамтамасыз етуге құрылымдық  тәсілдемені анықтайды (сараптаманыі үшінші сатысы).

Медициналық көмектің сапасын анықтайтын өлшемге пациенттердің арыздары мен өтінішітері бойынша белгілер де енгізілген.

Сараптама бақылауға міндетті түрде келесі жағдайлар жатқызылады:

·        сәби өлімі;

·        ана өлім-жітімі;

·        еңбекке қабілетті жастағы адамдардың алғаш мүгедектікке шығуы (емхана);

·       алдыңғы сапасыз емдеудің салдарынан бір айдың ішінде сол ауруы бойынша қайта емделуге жату;

·        емдеу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартумен байланысты аурулар (немесе еңбекке жарамсыздық мерзімін);

·        диагноздардың сәйкессіздігі.

·        пациенттердің немесе олардың туыстарының шағымдары.

Басқа барлық жағдайлар медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережелерінің № 1 қосымшасына сәйкес жоспарлы сараптама бағалауына жатқызылады.  Медициналық қызметтер сапасын бағалаудың ішкі индикаторлары емхана қызметіне талдау жүргізу үшін қолданылады.

Нақты науқасқа медициналық көмек көрсету сапасына сараптама жүргізу оны диагностикалық және емдеу шаралары көлемі мен унифицированны жиынтығынан, сондай-ақ аурудың нақты нозологиялық нысандары кезінде емдеу қорытындылары мен мерзімдеріне қойылатын талаптарынан тұратын стандарттарымен сәйкестендіре отыра жүргізуді қарастырады.

Көрсетілетін медициналық көмек сапасына бақылау таңертеңгі мәжілістерде күн сайын жедел басқару, меңгерушімен өз бөлімшесін аралап шығу, медициналық құжаттарды ресімдеуге бақылау жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады.

 

 

3. Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау Қызметінің азаматтардың өтініштері мен арыздарымен жұмыс істеу тәртібі туралы

 

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау Қызметі мен азаматтардың және олардың туыстарының өтінішітері мен арыздарын (жазбаша, ауызша немесе телефон арқылы өтінішітері) қарастыру  медициналық көмекті тегін кепілдік берілген көлемі шегінде алу үдерісінде пациенттердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға көзделуі керек.

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау  Қызметі маманы азаматтардың шағымдары мен өтінішітерін қарастыру тәртібінде Қазақстан Республикасы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Конституциясын және ҚР басқа нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарымен жұмыс істеу кезіндегі негізгі принциптері келесілер болып табылады:

1. Қазақстан Республикасының заңдарын қадағалау;

2. Барлық өтініштер мен ұсыныстарға қойылатын талаптардың бірлігі;

3. Азаматтардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін сақтау кепілдігі;

4. Өтініштерді қарастыру кезінде бюрократизм танытуды жібермеу;

5. Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау  Қызметіне өтінішпен келген барлық тұлғалардың теңдігін сақтау;

6. Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау  Қызметі мамандары жұмыстарының ашықтығын сақтау.

Қазақстан Республикасы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отыра, қарастырылмай қалауы мүмкін өтініштерге келесілер жатады:

1. Домалақ өтініштер (емхана ғимаратындағы азаматтардың қауіпсіздігіне қатер туғызатыннан басқа);

2. Сұрақтың мәні баяндалмаған өтініштер.

Егер қарастыруға жатпайтын өтінішітер үшін негіздеме болатын шарттар жойылса, аталған өтініш  пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау  Қызметі мамандарымен қарастырылуы тиіс.

Өтініштерге жауаптардың мазмұны дәлелді болу, мемлекеттік тілде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берілген тілде болу, өтініш берушінің  қабылданған шешімді бұздыру туралы шағым беру құқығы бары туралы түсінік берумен, олардың дәлелдерін растайтын немесе жоққа шығаратын нақты фактілермен негізделуі керек.

 

 

 

 

4. Медициналық көмек көрсету сапасы деңгейін түзету үшін қолданылатын негізгі шаралар

 

Медициналық көмек көрсету сапасы деңгейін түзетудің негізгі түрлері:

1. Ағарту шаралары (сұхбаттар, дәрістер, семинарлар, шебер-сыныптары, біліктілікті жоғарылату циклдарындағы оқулар және т.б.);

2. Ұйымдастыру шаралары;

3. Тәртіптік шаралар.

 

5. Қорытынды

 

Медициналық көмек көрсету сапасы мен тиімділігін бағалауды ұйымдастыру жұмыста кемшіліктерді анықтау әдісі және оның деңгейін жоғарылату бойынша шара болып табылады.  Медицина қызметкерлерінің білім деңгейлерін жоғарылату және емдеу-диагностикалық үдірісіне ұтымды көзқарас қалыптастыру мақсатында, осы орайда әр анықталған кемшілік және сараптаманың әр кезеңінде сапаны бағалаудағы қайшылықтың әр жағдайы, сонымен бірге нормативтік шығындардан елеулі түрде ауытқушылық жағдайлары талқылану керек.

Медициналық көмек көрсету сапасы мен тиімділігінбағалау жүйесі үздіксіз жұмыс істеу керек, бұл өз алдына жұмысты басқару үшін қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

Медициналық көмек көрсету сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерін медицина қызметкерлерінің еңбктеріне дифференциалды ақы төлеуді есептеуде ақпарат үшін пайдануға болады.

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа