CALL-орталығы
79-99-62

Тұмау – бұл жұқпалы ауру

09.10.2019

Тұмау – бұл жұқпалы ауру, ол адамға ең алдымен жөтелу, түшкіру және тығыз байланыста болған кезінде беріледі. Тұмаудың клиникалық белгілері өткір дамиды және бірнеше күннен екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Ең жиі безгек, жөтел, дененің әр түрлі учаскелерінде ауырсыну, бас ауруы сияқты симптомдар байқалады. Тұмау жұқпасы, әдетте, жеңіл ағыммен сипатталады және асқынуларға әкеп соқпайды, алайда, қарт адамдарда, денсаулығы нашар адамдарда ауру ауыр дамиды. Әсіресе, созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарда (мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, өкпе ауруларынан және қант диабетінен) ауыр.

Маусымдық тұмауға қарсы екпе – бұл тұмау вирустарынан туындайтын, соның ішінде ауыр нәтижемен жұқпа жағдайларының алдын алудың қауіпсіз және тиімді шарасы.

Ересек тұрғындар тіркелген жері бойынша БМСК ұйымдары жанындағы егу кабинеттеріне жүгіне алады. Тұмаудан кейін иммунитет 6-12 айға созылады. Ал айналымдағы вирустардың өзгермелі штаммдық құрамын ескере отырып, өткен маусымның екпелерімен жасалған иммунитет тиімсіз болуы мүмкін. Тұмауға қарсы вакциналармен егілген адамдар арасында тұмаумен ауру егілмеген адамдарға қарағанда 12 есе төмен. Тұмауға қарсы екпе тұмаумен аурудан 100% қорғауды бермейді, бірақ оның ауыр және асқынған ағымы мен өлімін болдырмайды. Жыл сайын екпе жасау – денсаулық үшін ешқандай қаупі жоқ. Жыл сайын тұмауға қарсы екпе кезінде, адамдардың,  оның ішінде, балалардың денсаулық жағдайының нашарлауы дәлелденген жоқ.

Салауатты өмір салты: зиянды әдеттерден, дұрыс тамақтанбаудан және дене белсенділігінің төмендігінен бас тарту– біздің иммундық жүйеміздің ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Координатор ЗОЖ Кудабаева А.Б.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа