Емделушіні қолдау қызметінің

Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 58 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №173 «Медициналық қызметтер сапасының ішкі және сыртқы сараптамаларын ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде Медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау мен емделушілерді қолдау қызметі құрылды.

Бас дәрігер бұйрығымен қызмет құрылымы мен құрамы бекітілді. Сол

бұйрыққа сәйкес Қызметті емдеу сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігер орынбасары басқарады. Қызмет құрамына келесі мамандар енеді: дәрігер-сарапшылар, клиникалық фармаколог, эпидемиолог-дәрігер, БҚА мониторингі жөніндегі маман. Медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау мен емделушілерді қолдау қызметінің жұмысы бас дәрігер бекіткен ережеге сәйкес регламенттеледі.

 Мақсаты:

  • Емделушіні уақытында, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қажетті көлемде қамтамасыз ету;
  • «Осында және қазір» принципі бойынша емделушінің шағымын жылдам шешуін қамтамасыз ету.

Міндеті: Медициналық көмек көрсету сапасын басқару бойынша аурухана бөлімшелерінің қызметін бақылау.

Функциялары:

-Ішкі индикаторларды қолдану, денсаулық сақтау саласына қатысты стандарттарды енгізу, бөлімшелердің өз процесстері мен шараларын бағалау жұмыстарының тиімділігін анализдеу;

-Аурухана ішіндегі комиссия жұмыстарын анализдеу;

-Анализ барысында анықталған проблемалар жөнінде, басқарманың сәйкестелген шешімін орындау мақсатымен  басшыға ақпарат ұсыну:

-Медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөнінде персоналға әдістемелік көмек көрсету және үйрету;

-Қызметкерлердің пікірлерін қарастырып және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру шаралары туралы персоналды ақпараттандыру;

— Медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау;

-Емделушілердің проблемаларын (шағымдарын) 5 күнтізбелі күн аралығында шешіп, сауалнама өткізу арқылы емделушілердің медициналық қызмет сапасы және деңгейімен қанағаттандырушылық дәрежесін қарастыру.

-Кадр және материалдық-техникалық ресурстарын қолдану тиімділігі мен жағдайын бағалау

-Денсаулық сақтау саласының белгіленген стандарттарына (клиникалық аудит) сәйкестігіне емделушілерге медициналық көмек көрсету технологиясын бағалау және комиссиялық бағалауға қатысты жағдайларды тандау

-Кодекстің 7 бабы 1т. 77п. сәйкес бекітілген тегін кепілді медициналық көмек көлемін көрсету қағидасын сақтау

-жұмыста ақау жіберу жағдайларын алдын алу және жоюына және  медициналық қызметті көрсету тиімділігі мен сапасын арттыруына жағдай жасайтын бағдарламалық шараларын даярлау.

 

Құрметті емделушілер

     Егер:

-медициналық қызмет көрсету сапасы көңілізден шықпаса;

-медициналық қызметкерлері дөрекілік көрсетсе;

-тегін медициналық көмек көрсету кепілді көлемінің шеңберінде медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақша алу дерегі орын алса;

-медициналық көмек көрсету сапасы мен тәртібіне байланысты басқа да мәселелер бойынша Медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау мен емделушілерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Қызметті емдеу сапасын бақылау жөніндегі директор орынбасары

Тургульдинов Амркан Айдарканович басқарады.

Әкімшілік, 3 қабат, сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00-ге дейін.

 

 

Өтініштеріңізді өзіңізге ыңғайлы нысанда қабылдаймыз:

  • Сенім телефоны арқылы 62-84-74, 66-86-65;
  • Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың клиникалық-диагностикалық емхананың кіре берісінде, қабылдау бөлімшесінде, анықтама үстелінде, барлық клиникалық бөлімшелерде орналасқан Өтініштер жәшігі арқылы;
  • Аурухананың сайты арқылы: http://obs.depzdrav.gov.kz;
  • Электронды пошта арқылы: ob_pv@mail.ru

 

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы Павлодар облысында Бірыңғай ақпараттық Call-орталығы қызмет атқаратыны туралы хабарлайды. Медициналық көмек көрсету жөніндегі сұрақтарымен 66-24-99 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа