Жарғы

 

Павлодар облысы

қаржы басқармасының

2011 жылғы ______________

№_____бұйрығымен

бекітілген

 

 

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының

шаруашылық жүргізу құқығындағы

Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы

 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының

Жарғысы

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының “Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанын- дағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 тамыздағы “Пав-лодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының “Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы  № 151/6 қаулысына сәйкес құрылды.
  3. Кәсіпорынның құрылтайшысы  жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.
  4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.
  6. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк тiлдегi атауы: Пав­лодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны.

Мемлекеттiк кәсiпорынның орыс тiлiндегі атауы: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения “Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы” управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

  1. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140001, Павлодар қаласы, Щедрин көшесі, 63.

 

  1.     Кәсіпорынның заңды мәртебесі

 

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған және заңды тұлғаның құқықтарын иеленген болып саналады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның рұқсатымен құрып, сонымен қатар, өзін басқа заңды тұлғаның құрушысы (қатысушысы) ретінде көрсете алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.

  1. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының  заңнама- лық актілеріне сәйкес міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеуге немесе басқа да тіркеуге қатысты келісім-шарттар тіркелген күннен бастап, егер өзге жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көрсетілмесе, жасалған болып саналады.

 

  1. Кәсіпорын қызметі мен оның мақсаттары

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні:

1) заңды түрде белгіленген тәртіпте және медициналық қызмет түрлерімен бекітілген лицензияға сәйкес халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

2) тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемі шеңберінде азамат- тарды және оралмандарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, меди- циналық мақсаттағы  бұйымдармен қамтамасыз ету;

3) тегін медициналық көмекке кепілдік берілген енгізілмеген ақылы негіздегі медициналық қызмет көрсету;

4) Кәсіпорындар мен ұйымдарға шартты негізде медициналық қызметтер көрсету;

5) қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіби аурулар- дың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларды өткізу;

6) алдын алудың, диагностиканың және емдеудің заманауи әдістері мен құралдарын және Уәкілетті органмен рұқсат етілген дәрілік заттарды уақытымен қолдану;

7) Кәсіпорын қызмет көрсететін облыс аумағындағы науқастардың толық есебін жүргізу, науқастар туралы жылдық есепті жасау;

8) Кәсіпорынның медициналық қызметкерлерін мамандандыру және білікті- лігін арттыруды ұйымдастыру;

9) емдеу-диагностикалау қызметтерін одан әрі жетілдіру жөніндегі жыл сайынғы және болашақ жоспарларды әзірлеу, оларды кейінен Уәкілетті  органдар- мен бекітумен іс-шаралар өткізу;

10) алғашқы медициналық құжаттарды жүргізу, нысандар, түрлері мен көле- мі бойынша есеп беру;

11) уәкілетті органмен белгіленген тәртіп пен мерзімде уәкілетті органға – қоршаған ортаға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар, улану, психикалық және мінез құлқы бұзылыстар (аурулар) жағдайлары туралы, төтенше жағдайлар бойынша органдарына – қауіп пайда болу туралы және (немесе) төтенше жағдайлардың медициналық санитарлық қауіпі туралы, ішкі істер органдарына – жаңа жарақаттар, жаралану, қылмыстық түсіктер, қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы хабардар ету;

12) төтенше жағдайлар, әскери қақтығыстар мен лаңкестік жағдайындағы жұмысқа дайын болу;

13) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және нақты ақпарат беру;

14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтерді ұстану;

15) мемлекеттік тапсырыс бойынша науқастарды тегін емдеуге алынған қаражаттарды нысаналы және тиімді жұмсау;

16) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара әрекет ету және өз қызметіндегі сабақтастық жасау;

17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы- на сәйкес тауарларды, жұмыстар және қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдас- тыру;

18) Кәсіпорын қызметі мақсаттарына жету үшін әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындар арқылы шикізаттар, жабдықтар, дәрі-дәрмектер және басқа  да қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу;

19) материалдық-техникалық базасы жұмысының жақсарту бойынша жұмыс атқару;

20) медициналық кадрларды таңдау, орналастыру, аттестаттау және білікті- лігін арттыру, еңбектің жоғары өнімділігін арттыру және қызметкерлердің дема- лысын жақсарту үшін жағдай жасау, қызметкерлер еңбегінің нәтижесінің есебін жүргізу, ағымдағы іс-әрекеттерді қадағалау, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу;

21) Кәсіпорынның бюджеттен тыс қорын толтыру үшін аурухананың шаруашылық жүргізуінде бар ресурстарды қолдану;

22) халықтың денсаулығын қорғауға, денсаулықты дамытуға, медицина қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларға қатысу;

23) бюджеттен тыс құралдары мен мемлекеттік тапсырыстың шығындарын жоспарлау және талдау;

24) ресурсты үнемдеу саясатын жүргізу — төсек орын қорын орынды және тиімді қолдану, Кәсіпорынды ұстауға мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген қаражатты үнемдеу тәртібін жергілікті сақтау;

25) ақылы медициналық қызметтін тізімі мен көлемін ұлғайту арқылы аурухананы ұстауға қосымша бюджеттен тыс қаражатты алу;

26) медициналық оқу мекемелеріне клиникалық базаларды ұсыну болып табылады.

  1. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары:

1) тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыс халықына қажетті көлемде консультативтік-диагностикалық, стационарлық, стан- ционарды алмастыратын және санитарлық авиация көмегімен қамтамасыз ету;

2) облыстың ересек тұрғындарының денсаулығын сақтау бағдарламасын іске асыру;

3) нарықты медициналық қызметтермен толтыру арқылы әлеуметтік  мін -деттерді шешу;

4) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі негізінде медициналық көмек көрсетуді тиімді  сапасын арттыру;

5) қоғамның талабына сай келетін мамандырылған кадрлармен қамтамасыз ету;

6) халық денсаулығын нығайту, ана мен бала денсаулығын қорғау, әлеумет- тік маңызды аурулар мен жарақаттану ауыртпалығын төмендету;

7) ғылыми дәлелденген медицина негізінде жасалған диагностика мен емдеудің халықаралық стандарттары мен хаттамаларын енгізу;

8) бүкіл әлемдік денсаулық сақтау мекемелері енгізген тиімді  технология- ларына сәйкес заманға сай медицинаға арналған бұйымдармен құрал-жабдықтармен жабдықтау;

9) заңды және жеке тұлғалармен мемлекеттік тапсырыстарды, ақылы қызмет пен шарттарды орындау есебімен Кәсіпорын қызметін қолдау және  дамыту үшін қажетті табыс табу;

10) медициналық көмек қауіпсіздігін сақтау;

11) денсаулықты сақтау мен қалпына келтіру мәселелерін шешуге жеке көзқарас — жанама әсерлер мен асқынулардың ең төмегі қауіп-қатерімен  медициналық қызмет көрсетудің тиімді кепілі, аурулардың алдын алу негізінде халық денсаулығын жақсарту;

12) жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуда азаматтардың сенімі мен талабын қарастырып  қанағаттандырушылығын арттыру;

13) жаңа технологияларды, құрал-жабдықтарды, заманға сай басқару шешімдері мен қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру арқылы Кәсіпорынның жұмысын жетілдіру;

14) емделушілерге қатысты, сонымен қатар қызметтес және бәсекелестік мекемелеріне қатысты моральдық-әдептік нормаларын сақтау – емдеу мен алдын алу шараларының міндетті және біртұтас бөлігі болып саналады;

15) халық арасында санитарлық ағарту жұмысын жақсарту, заманауи  алдын алу бағдарламаларын кезең-кезеңмен енгізу;

16) кәсіпорынды басқару тиімділігін арттыру, Кәсіпорын жұмысында басқа- ру мен шаруашылық жүргізу нысаны мен әдісін жетілдіру;

17) Кәсіпорынның қызметіне медициналық көмек көрсетудің тиімді ұйым- дастыру нысандарын, алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу болып табылады.

  1. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске  асыру үшін қызметтің мындай түрлерін:

1) медициналық қызмет:

— денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған медициналық көмекті түрлі формаларда ұсыну: білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек;

— зертханалық диагностика;

— қоғам денсаулығын сақтау саласындағы қызмет: аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық тексерулерді өткізу, алдын алу екпелерін жүргізу және қызметтің өзге түрлері;

— денсаулық сақтау саласындағы сараптама: уақытша еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы, медициналық қызмет көрсету сапасының ішкі сараптамасы;

— денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;

— Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған медициналық қызметтің өзге түрлері;

2) есірткі заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет;

3) қызметтің түрлі бағыттары бойынша кәсіби курстар, дәрістер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және өзге де шараларды ұйымдастыру мен өткізу нысандағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету;

4) Кәсіпорынның қызметі бойынша бірлескен шаруашылық қызмет жөніндегі (консорциум) келісім-шарттың негізінде өзге заңды тұлғалармен бірлесіп уақытша ерікті тең құқықты одақтар ұйымдастыру;

5) шетелдік ұйымдармен негізгі қызметтің барлық бағыттары бойынша

тікелей шарттар мен келісім-шарттар жасау, ғалымдар мен мамандардың уақытша ұжымдарын құру, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар қызметіне қатысу;

6) денсаулық сақтау саласында ғылыми-білім беру іс-шаралар, көрмелер,

семинарлар, конференциалар, мәжілістер, форумдр, симпозиудар, тренингтерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;

7) денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

8) заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

  1. Кәсіпорынның қызмет пен оның мақсатына жауап бермейтін келісімдер- ді жасауға және қызметті іске асыруға құқығы жоқ.
  2. Кәсіпорынның қызмет мақсаттарына, Қазақстан Республикасының шек- телген заңдарына немесе басқарушы құжаттарына, не басшының жарғылық құзіреттілігінің бұзушылығымен қарсы жасалған келісім-шарты жергілікті атқарушы органның шағымымен, Кәсіпорынды басқару органымен, облыстық коммуналдық бюджетті пайдалануға уәкілеттенген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен, немесе прокурормен жарамсыз деп саналуы мүмкін.
  3. Басшының Кәсіпорынның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға  ба- ғытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып саналады және тәртіптік және материалдық жазаға әкеліп соғады.

 

  1. Кәсіпорынды басқару

 

  1. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) бір мекемеге қарасты заңды тұлғаларды басқару сұрақтары бойынша акт әзірлейді, оның іске асуын қамтамасыз етеді;

2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жасайды;

3) Кәсіпорынның Жарғысын бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгеріс пен толықтырулар енгізуді ұсынады;

4) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

5) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келісіп бекітеді.

6) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып, заңнамамен көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Басқару органы Кәсіпорынның Басшысының еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстық белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшысының жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорынның Басшыны Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорынның Басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  3. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Басқару органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы

Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері

 

  1. Кәсіпорында жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде байқау кеңесі енгізілді.
  2. Байқау кеңесін құру реті, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген.
  3. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған.
  4. Байқау кеңесінің қызметі әрекет етуші заңнамамен және байқау кеңесінің бекітілген ережесімен реттеліп отырады.

 

  1. Кәсіпорынның мүлкі

 

  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыс тарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 40, 41 тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  7. Осы Жарғының 41 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

— артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі Басқару органы тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық коммуналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

  1. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша филиалдар, өкілдіктер құруға құқылы.
  2. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.
  3. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 43 тармағында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

 

  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 83205907 (сексен үш миллион екі жүз бес мың тоғыз жүз жеті) теңге құрайды, бұл Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне Құрылтайшымен толық қалыптастырылды.

 

  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

 

  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

  1. Кәсіпорынның үкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
  3. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.

 

 

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  2. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен  толықтыруларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.

 

 

 

 

Басшы          С.У. Сыздықов             ______________

Т.А.Ә.                                қолы






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа