9-13-51

Павлодарлықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,7 млрд теңге жинады

15.05.2019

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылдың сәуір айына дейінгі аралықта жиналған соманы атады. Қазақстан бойынша жалпы сома 167,2 млрд теңгені құрайды.

Павлодар облысының төлемшілері 7,7 млрд теңге енгізді. Өңірімізде қалалар арасында Павлодар (62,3%), аудандардан – Баянауыл (2,6%), Шарбақты (1,3%) және Павлодар аудандары (1,3%) үздіктер қатарында.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы аударып келеді. Төлем қызметкер кірісінің 1,5 % құрайды.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар бірыңғай жиынтық төлемін төлей алады. Оған төрт салық түрі – жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандыру жарнасы және әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына төленетін жарна кіреді. Бірыңғай жиынтық төлем қарамағына жұмыскер алмай, табыс табу мақсатында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтар арналған.

Бірыңғай жиынтық төлем ай сайын төленіп, республикалық және облыстық деңгейдегі қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2525 теңге), өзге елдімекендердің тұрғындары үшін (аудан орталықтары, ауылдар, кенттер)    0,5 АЕК (1263 теңге).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударымдар мен төлемдерді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, жалға жұмыс істеушілер, ерікті төлемшілер және мемлекет жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайды.

Осы күнге дейін келіп түскен қаржы Ұлттық банкте сақталуда және 2020 жылы сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтерді сатып алуға бағытталады.

Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз.

 





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа