9-13-51

Техника қауіпсіздігі

03.10.2019

02.10.2019 жылы ШЖҚ «Баянауыл аудандық аурухана» КМК-да от жағушы қызметшілерге техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамаларды таныстыру жұмысы өткізілді.

Әрбір от жағушының өз жұмыс орнындағы  техника қауіпсіздігі бойынша ережелерді орындауы туралы талқыланды.

Ж.Р.Исмаганбетов сөз сөйледі .

Техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер міндетті :

  • жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмауға;
  • жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастырмауға;
  • қатты отынмен жұмыс істейтін пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қолданбауға;
  • жанатын заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пеш үстінен және мұржадан кемінде 0,5 метр қашықтықтан жақын жерде кептірмеуге;
  • құрамында қыздырылған және бықсыған материалдары бар күл және шлакты өрттің тұтану мүмкіндігі жоқ арнайы орынға шығарып, сумен сөндіріп, жоюы тиіс;
  • қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларының түтін шығатын құбырларын ұшқын сөндіргіштермен жабдықтауға және күйеден тазартып тұруға міндетті.

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа