34-25-26

Жарғы

Павлодар облысы
қаржы басқармасының
2014 жылғы _____________
№_____бұйрығымен
бекітілген

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының

шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Екібастұз қаласының №3 емханасы»

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

  1. Жалпы ережелер
  1. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы деңсаулық сақтау басқармасыныңшаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қаласының №3 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әpi — кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2003ж.10.02 «Облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының бірқатар мәселелері туралы» №19/2 қаулысына сәйкес құрылды және Павлодар облысы әділет басқармасының 2003ж.02.07 «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы» №1266 бұйрығына сәйкес тіркелді.
  3. Павлодар облысының әкімдігі кәсіпорынның құрылтайшысы (уәкілетті органы) болып табылады.
  4. Кәсіпорын мүлігіне қатысты субъект құқығы мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті орындау органы- Павлодар облысы әкімдігі іске асырады.
  5. Павлодар облысының деңсаулық сақтау басқармасы кәсіпорынның басқару органы (бұдан әpi — басқару органы) болып табылады.
  6. Кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі толық атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз қаласының № 3 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Мемлекеттік кәсіпорынның орыс тіліндегі толық атауы: ком­мунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Поликлиника №3 города Экибастуза» управления здравоохранения Павлодарской облас­ти, акимата Павлодарской области.

  1. Кәсіпорынның заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141201, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 42Г-үй.
  1. Заңды мәртебесі
  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген күнінен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді және құрылған болып есептеледі.
  2. Кәсіпорында өзінің дербес балансы, бланкілері, банктерде есепшоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорын атауы жазылған мөрі бар.
  3. Мемлекеттік кәсіпорын жергілікті орындаушы орган келісімімен басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) ретінде болуы және құруы мүмкін.
  4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе басқа тіркеуге жататын кәсіпорынмен жасалатын азаматтық-құқықтық келісім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылмаған болса тіркелген күнінен бастап жасалған болып саналады.
  1. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаттары мен мәні
  1. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің негізгі мәні медициналық қызмет түрлерімен бекітілген және белгіленген заң тәртібімен берілген лицензияларға сәйкес тіркелген тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету болып табылады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаттары болып табылатындар:

1) халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

2)қала халқына поликлиникада және үй жағдайында толық көлемде көп бейінді консультативтік, диагностикалық және емдік көмек көрсету;

  1. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Кәсіпорын әрекеттердің келесі түрлерін іске асырады:
  • Медициналық әрекет:
  • ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
  • стационармен алмастыру көмегі (күндізгі стационар);
  • алдын ала тексерулер;
  • иммунизациялау;
  • уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау (уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ, анақтама беру);
  • жүктілер, балалар, оның ішінде нәрестелер патронажы;
  • диспансеризациялау және динамикалық бақылау.
  • Облыстың тіркелген тұрғындар денсаулығын сақтау бағдарламасын орындау;
  • Қажетті көлемде тұрғындарды медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету;
  • Денсаулық сақтау шеңберінде өндірістік-шаруашылық әрекетті іске асыру;
  • Нарықты медициналық қызметтермен қанықтыру жолымен табыс табу, әлеуметтік мәселелерді шешу;
  • Науқастарды тегін емдеу үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражаттарды тиімді және мақсатты қолдану;
  • Науқастарды емдеу және диагностикалаудың қазіргі заманғы тәсілдері мен әдістерін тәжірибеге енгізу және уақытылы меңгеру;
  • Мемлекеттік кәсіпорын қызмет көрсететін аумақтағы науқастарды толық есепке алу, науқастар туралы жылдық есеп жасау;
  • Жалпы емдеу жүйесінің мамандарына консультативтік көмек көрсету;
  • Емдеу-диагностикалық қызметті әрі қарай жетілдіру жөнінде жыл сайынғы және перспективті жоспарларды әзірлеу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу;

12) Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілмеген медициналық қызмет түрлерін ақылы негізде көрсету;

13)      Иммундық-ферменттік зертхана, функционалдық диагностикалау, балалар және ересектер стоматологиясы қызметін кеңейту, логопед, гирудотерапия кабинетін ашу, ағзадағы кальций құрамын анықтау;

14) Кәсіпорындар мен ұйымдарға шарттық негізде медициналық көмек көрсету;

15) Мемлекеттік тапсырысты, ақылы қызметті және кәсіпорындармен шаруашылық шарттарды орындау есебінен Мемлекеттік кәсіпорын қызметін дамыту және қолдау үшін қажетті табыс алу.

16) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексімен тыйым салынбаған іс-әрекеттердің басқа түрлері;

17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы мен « Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы » ҚР Кодексіне  сәйкес тауарлар сатып алуды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді ұйымдастыру;

  1. Кәсіпорын атаулы Жарғыда бекітілмеген қызметтерді көрсетуге, келісімдер жасауға құқылы емес.
  2. Кәсіпорын ұйымдастырушы құжаттар мен Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы шектеулі әрекеттерді бұзып, қызмет көрсету мақсаттарына қарама- қайшы келетін істер мен келісімдер жасаса, басшының жарғылық құзырлығы бұзылса, өкілетті органдардың  немесе мемлекеттік мүлік бойынша өкілетті органдардың өтініш бойынша жарамсыз болып есептеледі.

17.Кәсіпорынмен жарғыға қайшы орындалған басшының іс әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және материалдық , тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

  1. Кәciпopынды басқару
  1. Жергілікті атқару органының мынадай өкілеттіліктері бар:

1) кәсіпорынды құру, қайта құру және жою туралы шешімдер қабылдайды;

  • Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізеді немесе коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, атқарушы органы уәкілеттенеді.
  • Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді;
  • Кәсіпорында филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;
  • Кәсіпорын мүлігін қолдану, оның ішінде оны кепілдікке, жалға, қайтарусыз қолдануға және сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
  • Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа заңнамасымен жүктелген басқа өкілеттікті іске асырады.
  1. Қазақстан Республикасы заңнамасы тәртібімен белгіленген басқару органы келесі функцияларды іске асырады:

1) Кәсіпорынды басқару сұрақтары бойынша актілер дайындайды, олардың іске асуын қамтамасыз етеді;
2) Кәсіпорынды құру, қайта құру және жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) Кәсіпорын Жарғысын бекітуге енгізеді
4) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын міндетті жұмыс көлемдері мен қызметтің басымдықты бағыттарын анықтайды;
5) Кәсіпорын дамуының жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша есептерін қарастырады, келіседі және бекітеді;
6) Кәсіпорынның даму жоспарларына бақылау және талдау жасайды.
7) Кәсіпорын мүлігін қолдану және сақталуына бақылау жасайды;
8) Кәсіпорын мүлігін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді;
9) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа заңнамасымен жүктелген басқа өкілеттікті іске асырады.

  1. Басшы Кәсіпорын органы, сонымен қатар қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайда бақылау кеңесі болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау жене оны аттестациядан өткізу Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте іске асырылады.
  3. Басқару органы кәсіпорын басшысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау арқылы еңбек қатынастарын ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексімен белгіленген талаптарға сәйкес бюджетке таза кіріс бөлігін уақытылы аударғаны үшін Кәсіпорын басшысының  жауапкершілігін анықтайды;

  1. Кәсіпорын Басшысы қаржы-шаруашылық әрекетке және Кәсіпорын мүлігінің сақталуына дербес жауап береді.
  2. Кәсіпорын Басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.
  3. Кәсіпорын Басшысы дара басшылық қағидаттары негізінде ерекет етеді және кәсіпорын қызметі жөніндегі барлық мәселелерді Қазақстан Республикасы заңнамасымен, сондай-ақ осы Жарғымен белгіленген құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы:

1) Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген шеңберінде Кәсіпорын мүлкіне басшылық етеді;
3) Шарттар жасасады және басқа келісімдер жүргізеді;
4) Сенімхаттар береді;
5) Банктерде есепшоттар ашады;
6) Кәсіпорын қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
7) Қазақстан Республикасынын еңбек туралы заңнамасына сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға қолдау шараларын және тәртіптік жаза қолданады.
Басшы ұсынысымен Басқару органы лауазымына тағайындалатын немесе босатылатын кәсіпорын жұмыскерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді;
8) Белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбек төлемінің түрлері, штаттық кесте, лауазымдық төлем мөлшерін, сыйақы беру жүйесін және Кәсіпорын жұмыскерлерін басқа марапаттауды бекітеді (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерін снамағанда);
9) Басқару органына өзінің орынбасарлары лауазымына тағайындау және босату үшін кандидатураларды ұсынады;
10) Өз орынбасарлары мен Кәсіпорындағы басқа басшы жұмыскерлер құзіреттілігін белгілейді;
11) Басқару органының келісімімен Кәсіпорын өкілеттігі мен филиалдарының директорларын жұмысқа қабылдайды және босатады;
12)  Кәсіпорын филиалдары мен өкілеттігі туралы ережені бекітеді;
13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа функцияларды іске асырады.

  1. Коммуналдық кәсіпорын мен коммуналды мүлікті басқару бойынша уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органмен)  арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.
  2. Коммуналдық кәсіпорын мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органмен)  арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен реттеледі.
  1. Бақылау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері
  1. Кәсіпорында мемлекеттік басқару Органының ұсынысымен бақылау кеңесі құрылуы мүмкін.
  2. Бақылау кеңесінің құрылу тәртібі, бақылау кеңесі құрамына сайланған тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар бақылау кеңесі мүшелерін конкурспен таңдау тәртібі мен олардың өкілеттігінің мерзімінен бұрын аяқталуы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген.
  3. Бақылау кеңесі мүшелерінің әрекетін бақылау және марапаттау төлемдерін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған.
  4. Бақылау кеңесінің әрекеті қолданыстағы заңнама мен бақылау кеңесінің бекітілген ережесімен реттеледі.
  1. Кәсіпорын мүлкі
  1. Кәсіпорын мүлігін құны оның балансында бейнеленетін Кәсіпорын активтері құрайды.
  2. Кәсіпорын мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлері арасында бөлініп-таратыла алмайды.
  3. Кәсіпорын мүлкі:

1) оған меншік иесімен берілген мүлік;
2) меншікті қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай қаражаттарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құралады.

  1. Кәсіпорын қарамағында әрекетті қамтамасыз ету үшін қажет мүлік болуы мүмкін, немесе бұл әрекет өнімі болып табылады.
  2. шаруцашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде қарастырылған тәртіппен меншік құқығын алу және тоқтату жағдайында іске асырылады.
  3. Шаруашылық жүргізуде тұрған мүлікті қолданудан түскен кірістер мен өнімдер, сонымен қатар Кәсіпорынмен шарт немесе басқа негіздер бойынша алынған мүліктер меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

39.Меншік иесімен Кәсіпорын иелігіне бекіту туралы шешім Кәсіпорында оның балансындағы мүліктерді бекіту кезінде немесе меншік иесінің шешімімен туындайды.

  1. Негізгі қаражатқа жататын мүліктерді сатып алу-сату, айырбастау шарты, сыйға тарту немесе өзге мәміленің шарты негізінде сатып алуға құқығы жоқ.
  2. Кәсіпорын мүлігіне шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249 бабында қарастырылған тәртіппен, сонымен қатар осы Жарғының 42,43 тармақтарында қарастырылған жағдайларда тоқтатылады.
  3. Осы Жарғыда 43 тармақта қарастырылған шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздемелерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы меншік иесінің шешімімен Кәсіпорыннан мүлікті тең құқылы алған жағдайда тоқтатылады.

Тең құқылы алу жағдайларына жататындар:
— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын қызметі жарғысының мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алу;
— артық, қолданылмайтын немес мақсатсыз қолданылатын мүлікті алу.

  1. Шаруашылық жүргізу құқығында тұрған мүліктерді алу туралы шешімде жергілікті атқару органы (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға өкілетті атқару органы) Кәсіпорынға алынған мүлікті басқа біреуге бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді.
  2. Кәсіпорын Басқару органының ұсынысымен жергілікті атқару органдарының жазбаша келісімімен филиалдар мен өкілеттіктер құруға құқылы.
  3. Кәсіпорын негізгі қаражатқа жатпайтын, шаруашылық жүргізу құқығында оған бекітілген жылжымалы мүліктерді өз бетімен басқара алады.
  4. Осы Жарғының 45 тармағында аталған мүліктермен жасалған келісімдерден түскен қаражатты егер басқасы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексімен немесе меншік иесімен белгіленбеген болса, Кәсіпорын өздігімен қолдана алады.
  1. Кәсіпорын әрекетін қаржыландыру
  1. Кәсіпорын әрекеті даму жоспарына сәйкес жеке табысы мен бюджеттік қаражаттар есебінен Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленге тәртіппен қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарын дайындау және бекіту тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

  1. Кәсіпорынның таза кіріс бөлігін бөлу жергілікті атқарушы органымен белгіленеді.

Белгіленген норматив бойынша Кәсіпорынның таза кіріс бөлігі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленге тәртіппен сәйкес бюджет кірісіне жатады.
Кәсіпорын сәйкес бюджетке өзінің таза кіріс бөліггін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыруға белгіленген мерзімнен он жұмыс күн ішінде аудару қажет.

  1. Кәсіпорын өзі өндірген өнімін өз бетімен сатады.
  2. Кәсіпорын өндіретін тауарларға (жұмыс, қызмет) баға оны Кәсіпорынмен өндіруге кеткен шығынның толық өтелуін, әрекетінің шығынсыздығын және жеке кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс.

51.Қазақстан Республикасы заңнамасымен шектелген, Жарғыда қарастырылмаған кәсіпорынның жеке әрекеті барысындағы кірістер, сонымен қатар көрсетілетін қызмет түрлеріне белгіленген бағаны көтеру нәтижесінде түскен пайдалар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджетке алынуға жатады.
 

8. Кәсіпорынның жарғы капиталы

52. Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеу кезеңіне дейін құрылтайшымен толық қалыптасқан Кәсіпорынның жарғы капиталының көлемі 463 910 941,00 теңгені құрайды.

  1. Кәсіпорынның есебі мен септілігі

53. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржы есептілігін дайындау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасына және қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес басқару органының келісімімен Кәсіпорын басшысы бекіткен есептік саясатқа сәйкес іске асырылады.

54. Кәсіпорынның жылдық қаржы есептілігіне енетіндер: дамыту жоспар мен қаржылық-шаруашылық әрекет туралы есеп, бухгалтерлік баланс, пайда және шығындар туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсініктеме хат.

55.Кәсіпорын бақылаушы кеңеспен жылдық қаржылық есеп аудитін өткізуге міндетті. Кәсіпорын аудиті бақылаушы кеңестің, басшының, тиісті өкілетті органдардың ( жергілікті атқарушы органдар)  бастамасымен Кәсіпорын есебіне өткізуге болады.

  1. Кәсіпорын жауапкершілігі

56. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі барлық мүліктеріне жауап береді.

  1. Еңбек ұжымымен қарым –қатынас

57 Коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.

  1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қарама-қайшылық болмауы тиіс.
  1. Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысы
  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.
  2. Еңбекақы төлеу түрлері, штаттық кесте, лауазымдық төлем мөлшері, сыйақы беру жүйесі және басқа марапаттауларды Кәсіпорын белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде өз бетімен анықтайды.
  3. Кәсіпорын басшысы, оның орынбасарлары, бас бухгалтерінің лауазымдық төлем көлемі, оларға сыйақы беру жүйесі мен басқа марапаттаулар Басқару органымен белгіленеді.
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жағдайы
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқару органының шешімімен жүзеге асырылады.

Кәсіпорын сонымен қатар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде қарастырылған басқа негіз бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Коммуналдық кәсіпорынды қайта құру және таратуды Басқару органы іске асырады.
  2. Таратылған кәсіпорын кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті жергілікті атқару орган қайта бөледі.

Таратылған кәсіпорынның кредиторлардың талапарын қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшалай қаражаты (осы кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда) сәйкес бюджет Kipiciнe аударылады.

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
  1. Кәсіпорын Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқару органы немесе облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы енгізеді.

Бас дәрігер   ____________________    Е.К.Ержанов






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа