34-25-26

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК этикалық кодексі

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК этикалық кодексі

(қызметкерлердің этикалық мінез-құлық ережелері)

 

Кіріспе

Медицина қызметкерінің кәсіби этика Кодексі (әрі қарай Кодекс) медицина қызметкерінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда этикалық қағидалары және мінез-құлық ережелері жиынтығын белгілейтін құжат болып табылады.

Осы Кодекс медицина қызметкері, қоғам және пациент арасындағы қарым-қатынасты белгілейді, тұлғаның және тұтас қоғамның құқығын, абыройын, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және де медицина қызметкердің қоғам алдында өз қызметі үшін жоғары моральды жауапкершілікті анықтайды.

Медицина қызметкер ретінде осы Кодексте жоғары және (немесе) орта арнайы медициналық білімі бар мамандар болып табылады.

Адамның өмірі мен денсаулығы – басты, негізгі құндылықтары. Медицина қызметкерінің қызметі адам өне бастаған кезінен оның денсаулығын сақтауға бағытталған және одан адамға деген адамгершілік қасиетті, оның тұлғасына құрметпен, тілектестікпен, ниеттестікпен, мейірбандылықпен және қайырымдылықпен, төзімділікпен, өзара сенімділікпен, тәртіптілікпен және әділеттілікпен қарауды талап етеді.

 

Мақсаты

Қызмет көрсетудің мақсаты болып пациентке кәсіби кепілдендірілген қол жетімді медициналық көмек көрсету мен денсаулығын сақтау және өмірдің белгілі бір сапасын ұстану бойынша жоғары деңгейлі күтулерін қанағаттандыру.

 

 

 

Сапа саласындағы саясаты және мақсаттары жүзеге асырылады:

 

Тұрғындарға көрсетілетін кепілдендірілген қол жетімді, қауіпсіз және жоғары сапалы медициналық қызметтердің жағдайын жасау, қолдау және үнемі жетілдірумен.

Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысумен.

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық стандартарға және қолданыстағы номативтік құжаттарға сәйкес сапаны басқарудағы жұмыстарды ұйымдастырумен.

Медицина саласында ғылыми дәлелдерге негізделген ғылыми және инновациялық технологиялар жетістіктерін сақтандыру, диагностика және емдеу процестеріне енгізумен.

Әрбір қызметкердің біліктілігін, білімін және тәжірибесін арттырумен.

Ұйымның құндылықтар жүйесі

•         Пациент  — назарда

•         Қауіпсіздік

•         Жауапкершілік

•         Алқалылық

•         Айқындық

•         Кәсібилік

 

Пациент  — назарда  – жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында әрбір жеке алынған пациенттің қажеттіліктерін бағалау. Пациенттің абыройы мен тұлғасын құрметтеу.

Жауапкершілік – жарияланған пинциптерді және жоғары стандарттарды қолдаушылық, пациенттермен қарым-қатынаста, және ұжымда жоғары деңгейлі сенімділікті және тәртіптілікті көрсету.

Алқалылық– үнемі өзін-өзі саралау және ынтымақтастық, және де жауапкершілік пен жұмыс көлемі теңдестігі негізінде сенім жүйесін құру.

Айқындық  – жеке және ұжымдық әрекеттерде әділеттілік және тәртіптілік принциптерін ұстану.

Кәсібилік – өзін үнемі дамыту мен үйрену негізінде барлық үздік білімдерін, мүмкіндіктерін және тәжірибесін пациент және ұжым игілігі үшін жоғары нәтижелерге жетуге бағытталу.

 

Өз қызметінде ЩЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК медицина қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, соның ішінде азаматтардың денсаулығын қорғау мен медициналық көмек алу құқықтарын, дәрігер антын, адамгершілік және мейірімділік принциптерін басшылыққа алады.

   Емхана қызметкерлерінің өз қызметіндегі міндеттері:

 

vөз біліктілігіне, қызметтік нұсқаулықтары мен міндеттеріне сәйкес қолданыстағы ресурстар шегінде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз етуде моральды жауапкершілікті сезіну.

vәрбір адамға жынысына, нәсіліне және ұлттық еректеліктеріне, тұрғылықты орнына, оның әлеуметтік жағдайына, діни және саяси сенімдеріне, және де өзге де медициналық емес факторларға қарамастан медициналық көмек көрсету.

vүнемі өздерінің  кәсіби білімдерін және ептіліктерін, дағдыларын жетілдіру.

vмедициналық қауымдастық қатарының тазалығын сақтау, өз әріптестерінің және де өзінің қателіктерін әділетті саралау.

vәділетсіз және біліксіз әріптестерінің және де пациенттің денсаулығына зиян келтіретін әр түрлі біліктілігі төмен мамандардың жұмысына кедергі келтіру.

vөз әрекеттерімен ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК беделін арттыру, оның мүддесін қорғау, емхана қызметкерлері беделін түсіруге жол бермеу.

vпациенттердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету.

vқызметкерлердің бірлігін нығайтуға жағдай жасау.

vеңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, өз қызметтік міндеттерін әділетті және сапалы орындау, ол үшін өз жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

vжоғары кәсіби жұмыс жасау үшін барлық күш-жігерін салу, қойылған міндеттемелерді шешуде оңтайлы және тиімді тәсілдерді қолдану, сенім білдірген мемлекет меншігіне ұқыпты қарау.

vұжымда өз ісіне қараумен және жеке әрекеттерімен тұрақты және позитивті моральды-психикалық жағдай жасауға атсалысу.

vқызметтік міндеттерін орындау кезінде іскерлік киім стилін ұстану.

vмедицина қызметкерінің қоғамдағы орнымен санасу, ол қоғамдық шараларға, әсіресе салауатты өмір салтын насихаттайтындарын қолдап және шамасына қарай қатысу.

vмедицина қызметкерімен қателік жіберілген жағдайда немесе оның әрекеті нәтижесінде күтпеген асқынулар туындаса, ол бұл туралы науқасты, аға әріптесін немесе басшысын, олар болмаған жағдайда, өзі қызмет ететін мекеменің әкімшілігін хабардар етуге, және де нұсқауларды күтпей, дереу өз әркетін, келеңсіздік салдарын түзетуге бағыттауға міндетті. Қажеттілігіне қарай туындаған қателіктің немесе орын алған асқынулардың мәні жөнінде басқа мамандарға әділ мәлімдеумен тарту қажет.

vжіберілген қателіктерге мұқият саралау жасап және олардың басқа дәрігердің клиникалық дағдысында осы сияқты жағдайлардың алдын-алу мақсатында әріптестерімен және басшылықпен талқылау.

vбасқа қызметкерлер тарапынан қызметтік этика ережелерінің бұзылу деректерін жібермеу және жол бермеу.

vқызметтік ақпараттардың теріс пиғылда пайдалану мақсатында қолдануына жол бермеу.

vмедицина қызметкері пациентті ақталмаған қатерге, әсіресе өз білімін адамгершілікке жатпайтын мақсатта қолданбауға тиіс. Емдеудің әрбір тәсілінде дәрігер бәрінен бұрын «Non nocere!» өсиетін басшылыққа алуы тиіс.

vкезек күттірмейтін көмек сөрсету жағдайларынан басқа, науқастың жағдайын қиындатпайтын шараларды қабылдауға міндетті кезде, дәрігер науқасты емдеуден бас тартуға, егер пациент екеуі арасында қажетті өзара сенімділіктің жоқтығына сенімді болса, еер өзін жеткілікті білікті немесе емдеуге қажетті мүмкіндіктерге ие болмағанда құқығы бар.

vдәрігер пациенттің дәрігер таңдау құқығын және емдеу-профилактикалық шараларын өткізуде шешім қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуі керек.

vдәрігер науқастың ем қабылдауға ерікті келісімін науқаспен жеке әңгімелесуден кейін алады. Бұл келісім саналы түрде қабылданған болуы керек, науқас емдеу тәсілдері, ем қолдану нәтижелері, әсіресе, мүмкін болатын асқынулар, басқа да балама емдеу тәсілдері туралы хабардар болуы керек. науқастың рұқсатынсыз емдеу-диагностикалық шараларын өткізуге пациент өмірі мен денсаулығына қатер төніп тұрған және оның жағдайын оңтайлы бағалай алмау жағдайларында ғана рұқсат етіледі. Бұндай жағдайларда шешімді алқалылықпен қабылдаған жөн. Психикалық аурулары бар тұлғаларды емдеу кезінде дәрігер ҚР заңдарын басшылыққа алуы тиіс.

vбаланы емдеу кезінде дәрігер ата-анасын немесе асыраушыларын толық хабардар етіп, емдеу тәсілінің немесе дәрілік заттардың қолдануына келісімдерін алуы тиіс.

vөтініштерді қарауда бюрократизм мен сарсаңға салуға жол бермеуге, қажетті шараларды белгіленген уақытта қабылдауға тиіс.

vөзінің әрекеттері және шешімдерімен қоғам тарапынан негізделген сынға себеп бермеу, сыни қуғыншылықты болдырмау, оған шыдаммен қарау, қателіктерін жоюға және кәсіби қызметін жетілдіруге сын қолдануы тиіс.

 

Медицина қызметкеріне жол беруге болмайтын әрекеттер.

 

Медицина қызметкерінің құқығы жоқ:

Øөз білімі мен мүмкіндігін адамгершілікке жатпайтын мақсатта қолдануға;

Øжеткіліксіз негіздерсіз медициналық шараларды қолдануға немесе орындамауға;

Øпациентті жазалау мақсатында, және де үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық әсер ету тәсілдерін қолдануға;

Øпациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын ұстануға мәжбүрлеуге;

Øмедицина қызметкерінің жеке ұғымдары және басқа да кәсібилікке жатпайтын дәлелдері диагностика мен емдеуге әсерін тигізуге;

Øпациенттің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы оған Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген, мемлекетік кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету аясында көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігінің төмендеу, түрлері және көлемінің азаю себебі болмауы тиіс;

Øнауқастардан көрсеткен қызметі үшін сыйлық және пациентке сыйлық беру өте орынсыз, себебі сыйлық бермеген және алмаған пациенттерге аз қамқорлық көрсетілетіндей әсер қалдыру мүмкін. Сыйлықтар көрсетілген қызметтері үшін беріліп, қабылданбау тиіс. Ақша күйіндегі және бағалы сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынады;

Øмедицина қызметкері дәрілік заттарды шығарушы фирмалардың және таратушылардың ұсынылған дәрілерін тағайындағаны үшін ынталандыру сыйлықтарын, медициналық ұйым аумағында компания логотипі немесе сауда атауы бар дәрілік препараттың, медициналық өнім құралдарын қолдануға;

Øмедицина қызметкері өз қызмет бабын, пациенттің эмиоциональды жағдайын пайдаланып, онымен жеке меншік келісімдерін жасауға, оның еңбегін жеке мақсатында қолдануға, және де оны бопсалауға және пара алуға;

Øмедицина қызметкері емдеу курсын тағайындау кезінде пациентке пайдаланылған дәрілік препараттар, медициналық өнімдер туралы дәйексіз, толық емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруге, соның ішінде пациентке арзан бағалы дәрілік препараттардың, медицналық өнімдердің барлығы туралы ақпаратты жасыруға.

 

Кәсіби тәуелсіздік

üМедицина қызметкерінің құқығы мен міндеті – өзінің кәсіби тәуелсіздігін сақтау.

üМедицина қызметкері жаңа туылған және егде адамдарға, әскерилерге және азамматық тұлғаларға, жоғарғы рангтегі басшыларға және қамауға алынған тұлғаларға медициналық көмек көрсете отырып, кәсіби шешімі үшін өзіне барлық жауапкершілікті жүктейді, сондықтан әкімшілік, пациент және басқа тұлғалар тарапынан кез-келген қысым көрсету әрекеттерін қайтаруға тиіс.

üМедицина қызметкері кез-келген жеке немесе заңды тұлғамен олардың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамаларына, этикалық ережлерге, қызметкердің кәсіби міндетіне қарсы келетін ынтымақтастықтан бас тартуы керек.

üМедицина қызметкері сараптамаларға, консилиумдарға, комиссияларға, кеңестерге және т.б. қатыса отырып, өз көзқарасын анық және айқын жариялауы, ұстаны, қысым көрсетілген жағдайда заңды немесе қоғамдық қорғауға жүгінуі тиіс.

 

Медицина қызметкері мен пациент арасындағы өзара қарым-қатаныс.

Пациенттің абыройы мен құндылығын құрметтеу.

 

§  Медицина қызметкері пациенттің абыройы мен құндылығын құрметтеуге тиіс, оған және туцстарына ілтипатты және шыдамды қарым-қатынас жасауы тиіс. Пациентке деген дөрекі және адамгершілікке жатпайтын әрекет жасау, оның абыройын таптау, және де кез-келген үстемдің көрінісі немесе пациенттердің бірін артық көру немесе жақтырмау медицина қызметкері тарапынан жіберуге жатпайтын іс-қимылдар.

§  Туысқандары мен жақын адамдарының науқас жағдайына мазасыздануын түсіністікпен қабылдауға, дегенмен осы кезде жеткілікті сәсіби себептерсіз пациенттің және отбасы мүшелерінің жеке жұмыстарына араласпауы тиіс.

§  Медицина қызметкері медициналық көмекті пациенттің еркіндігі мен абыройына титтей де қысымсыз көрсетуі тиіс.

§  Пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б. мүдделер қақтығыс туу кезінде медицина қызметкері пациент мүддесін, оның жүзеге асырылуы пациенттің өзіне немесе айналысына тікелей зардап шектірмеген жағдайда, артық көруі тиіс.

§  Пациент медицина қызметкерінің барлық медициналық және оған сенілген жеке ақпаратты құпия сақтайтындығы сенуге құқылы. Медицина қызметкері пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз, зерттеу және емдеу кезінде, медициналық жүгіну дерегін қоса алғандағы мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ.

§  Медицина қызметкері медициналық құпияның жариялауына кедергі болатын шараларды қолдануы тиіс. Пациент өлімі медициналық құпияны сақтау міндетінен босатпайды. Медициналық құпияны жариялау Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда рұқсат етіледі.

§  Пациент өз денсаулық жағдайы туралы жан-жақты ақпарат алуға құқылы, бірақ ақпарат алудан бас тартуына немесе денсаулық жағдайын хабарлауға болатын тұлғаны белгілеуіне болады.

§  Ақпаратты жасыруға салмақты негіз бар деп табылса, бірақ пациенттің дегенінен қайтпайтын талаптарын орындау үшін, дәрігер оған жан-жақты ақпарат беруге міндетті. Болжам науқас үшін жағымсыз деп табылса, оны сыпайы және сақтықпен, өмірін жалғастыруға үміт қалдырып, хабарландыру керек.

§  Пациенттің өз келісімін саналы түрде білдіруге мүмкіндеге болмаса, оны пациентті үнемі бағып-қағушы заңды өкілі білдіруі тиіс.

 

Дәрігерлік құпия

1.     Әрбір пациент жеке құпиясының сақталу құқығына ие, медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер, басқа да тең дәрежелі тұлғалар, науқаспен басқаша қарастырылмаған жағдайда, дәрігерлік құпияны пациент өлімінен кейін және де медициналық көмекке жүгіну дерегін сақтауы тиіс.

2.     Құпия науқастың медициналық көмекке жүгіну дерегіне және емделу процесінде алынған барлық мәліметтерге (диагноз, емдеу тәсілдері, болжам және т.б.) таратылады.

3.     Пациент туралы медициналық анықтама мына жағдайларда жариялануы мүмкін:

—       пациенттің анық айтылған өз келісімімен;

—       тергеу, прокуратура және сот органдарының негізделген талаптарымен;

—       құпияның сақталуы маңызды түрде пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың денсаулығы мен өміріне (қауіпті инфекциялы аурулар) қауіп төндіргенде;

—       ақпарат кәсіби қажеттілік болып табылып, емдеуге басқа мамандарды тарту жағдайында;

4.     Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауы тиіс.

5.     Медициналық ақпараттарды алуға рұқсатқа ие тұлғалар пациент туралы алынған барлық мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.

6.     Ғылыми зерттеулер, студенттерді үйрету және дәрігерлерді қайта даярлау кезінде дәрігерлік құпиясы сақталу тиіс.Науқасты туралы ақпаратты жаиялау тек оның рұқсатымен жүзеге асырылады.

 

Медцина қызметкерлері арасындағы өзара қарыс-қатынас

 

·        Медицина қызметкерлері арасындағы өзара қарым-қатынас сыйластықтан, сенімділіктен және пациент мүддесін қорғаудан құрылуы тиіс.

·        Медицина қызметкері әріптестерімен өзара қарым-қатынаста адал, әділ, тілектес, тәртіпті болуға тиіс, олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарап, және де оларға риясыз өз тәжірибесі мен білімін беруге дайын болуы керек.

·        Әріптесіне айтылған сын дәйектеоген және оған тіл тигібейтіндей қылып айтылуы керек. Сынға әріптес тұлғасы емес, кәсіби әрекеттері жатады. Әріптестерінің абыройын түсіру арқылы өз беделін арттыруға және олардың жұмысы туралы пациенттер мен туыстары қатысып отырған кезде жағымсыз пікірлер айтуға құқығы жоқ.

·        Медицина қызметкері өмір бойы өзін емдеу өнеріне үйреткендерге құрметін және алғыс сезімін сақтауға міндетті.

·        Медицина қызметкері өз әріптестерінің өзіне қалай қарым-қатынас жасағанын қаласа, оларға сондай қарым-қатынас жасауға міндетті.

·        Медицина қызметкері басқа дәрігердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтіруге немесе басқа да тәсілдермен беделін түсіруге құқығы жоқ..

·        Ауыр клиникалық жағдайларда дәрігерлер әріптестеріне әдепті түрде кеңестері мен көмектерін көрсетуге міндетті. Емдеу процесі үшін, ұсыныстарды ескеру немесе одан бас тартуға мүмкіндігімен, науқастың мүддесін басшылыққа ала отырып, тек ем беруші дәрігер жауапты. Дәрігер басқа әріптестерінің науқастарының оған ауысуына жағдай жасамауы тиіс.

Өлім жағдайындағы пациентті моральды қолдау.

 

Медицина қызметкері өлім жағдайындағы адамның азабын барлық қол жетерлік және жарияланған тәсілдермен жеңілдетуге міндетті. Медицина қызметкері пациенттің қалауы бойынша кез-келген діни конфессия қызметшісінің рухани қоодауын пайдалану құқығын кепілдендіруге міндетті.

 

Қорытынды

vОсы Кодекс барлық медицина қызметкерлеріне міндетті.

vКәсіби этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік дәрежесі этикалық комитетпен анықталады.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа