140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, 2-ші Южная 51 көшесі, қабылдау бөлімінің телефоны: 8 (7182) 60-50-66 , тіркеу орнының телефоны: 8 (7182) 60-51-07, 78-38-06, 60-63-30, 62-44-47
60-63-30

Серік Қапанұлыны Нұрлановты еске алу

19.09.2019

Рисунок1

Серік Қапанұлыны Нұрлановты еске алу

2019 жылғы 17 қыркүйекте балалар дәрігері травматолог-ортопед Нұрланов Серік Қапанұлы өмірден озды.

Нұрланов Серік Қапанұлы 1954 жылғы 5 қаңтарда Шығыс-Қазақстан облысының Семей қаласында туған.

1982 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша 1982 жылы тәмамдаған. Институтты бітіргеннен кейін Павлодар қ. Облыстық балалар ауруханасында дәрігер-интерн болып жұмыс істей бастады.

1983 жылдан бастап травматологиялық бөлімшенің дәрігер ординаторы болып жұмыс істеді.

         1998 жылдан бастап 20 жылдан астам Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесінің ауысымсыз меңгерушісі болды.

Бүкіл жылдар бойы Павлодар облысының штаттан тыс балалар травматолог-ортопеді болып табылды.

         Нұрланов С.Қ. жоғары санатты дәрігер болды, медициналық қызмет сапасын бағалау аясында тәуелсіз сарапшы болып табылды.

Серік Қапанұлы ашық жанды адам болды, Павлодар облысы және оның тыс жерлерінде тұрғындар мен әріптестер арасында үлкен құрметке және беделге ие болды, жас мамандармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлді және травматологиялық патологиясы бар балаларды емдеу – оның өмір бойы ісін жалғастырып келе жатқан дәрігерлер-травматологтардың бір емес ұрпағын тәрбиелеген.

Өзінің еңбек қызметі жылдары ішінде Серік Қапанұлы балалар травматологиясында оперативтік және консервативтік емдеудің түрлі әдістерін енгізді және жетілдірді. Көптеген оталар жүргізді және ондаған мың баланы емдеді.

         Көп жылдық еңбегі, балалардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін Серік Қапанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отличник здравоохранения» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен; «Құрмет» орденімен марапатталған. 2016 жылы Медицина қызметкері күніне орай «Алтын скальпель» номинациясында жеңімпаз болды, үздік дәрігер болып танылды.

         Дәрігердің күрделі жұмысы туралы Н.М. Амосов «Ойлар мен жүрек» кітабында былай әңгімелейді – «Оның шебер қолдары жүздеген балаларды қалыпты өмірге қайтарды. Қаншама бақытты балалардың көздері осы керемет травматолог-ортопедтің соңына қарап тұрды!» Осындай сөздерді бала дәрігері травматолог – ортопед Нұрланов Серік Қапанұлы туралы айтуға болады.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының ұжымы және Павлодар облысының бүкіл медициналық қоғамы туған-туыстары мен жақындарына көрнекті балалар травматологының қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Тамаша адам, балалар дәрігері ретінде Серік Қапанұлы туралы естелік әріптестері мен ризашыл пациенттердің жүректерінде ұзақ жылдарға сақталады.

Рисунок5

Рисунок6

admin-ajax.php

IMAG1520

Копия (2) IMG_4660






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа