70-43-43

Ресурстық орталығындағы шебер-класс

15.05.2019

IMG_3835-14-05-19-03-22

Бүгін, ағымдағы жылдың 14 мамырында ШЖҚ»Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның ресурстық орталығында сәбилерге алғашқы қосымша тағам дайындау бойынша шебер-класс өтті. Шебер-класқа кішкентай балалары бар аналар шақырылды, олар үшін бұл тақырып қазір өзекті.

Медициналық қызметкер бала үшін дайындалатын ыдыстарды көрсетті, ата-аналар қызығушылық танытты. Олар қосымша тамақтар туралы көптеген сұрақтар қойып, жауап алды.

Әртүрлі балалар тағамдарын дайындаумен қатар, барлығы оның дәмін татып көруге, сондай-ақ өз баласына тағамнан татыруға мүмкіндік берді.

Бұл ресурстық орталық пациент пен медицина қызметкерлерінің тығыз қарым-қатынас жасауына және баланы тәрбиелеуде қажетті, яғни баланы емізу, алғашқы тамақтандыру, әкенің баланы тәрбиелеуде белсенді қатысуы және көптеген басқа білім алуына мүмкіндік береді.

Шебер-кластың соңында Айсәуленің анасы, Айнұр Сүлейменова өз әсерлерімен бөлісті. «- Мен бүгін осы шебер-класқа қатысуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Мен өзім үшін көп нәрсені білдім, тұз қоспай балаға арналған түрлі тағамдарды дайындауға болатынын үйрендім. Және бұл өте дәмді. Менің қызым сүйсініп дәмін татып көрді және оған ұнады деп ойлаймын. Өйткені ол тамақ ішуден бас тартқан жоқ. Менің қызым 8 айда және бұл тақырып мен үшін өзекті».

IMG_3836-14-05-19-03-22

Эта запись также доступна на: Русский





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа