140010, Павлодар қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 200. Бухгалтерия - 60-50-68, 51-80-63, қабылдау - 60-55-09, касса - 21-35-30.
60-55-09

Жарғы

Павлодар облысы
қаржы басқармасының
2016 жылғы «__» _____
№____
бұйрығымен бекітілген

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Павлодар ауданының поликлиникасы»
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
Ж А Р Ғ Ы С Ы

1. Жалпы ережелер

1. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар ауданының поликлиникасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі — Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлғасы болып табылады.
2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қарашадағы «Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының емдеу — алдын алу ұйымдары желісін қайта ұйымдастыру туралы» № 223/17 Қаулысына сәйкес құрылып, Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік кәсіпорын түрінің өзгеруіне байланысты Павлодар облысының кейбір медициналық ұйымдарын қайта атау туралы» № 367/8 қаулысына сәйкес қайта аталды.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің коммуналдық меншік субъект құқықтарын жергілікті атқарушы орган — Павлодар облысының әкімдігі жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынды басқару органы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады (әрі қарай-
Басқару органы).
6. Кәсіпорынның мемлекеттік тіліндегі атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар ауданының поликлиникасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорынның орыс тіліндегі атауы: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Поликлиника Павлодарского района» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.
7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140010, Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 200
2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

8. Кәсіпорын құрылған болып саналады және мемлекеттік тіркелу уақытынан бастап заңды тұлға құқықтарына ие болады.
9. Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы оқшауландырылған мүлкі, дербес теңгерімі, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес банктерде есепшоттары, бланкілері мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы көрсетілген мөрі бар.
10. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілеттігін құра алады.
11. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, міндетті мемлекеттік және басқа да тіркеуге жататын Кәсіпорын келісілген азаматтық-құқықтық мәмлелері, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылмаған басқадайы болса, тіркелген уақытынан бастап аяқталған болып саналады.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты

12. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің пәні болып табылады:
1) тұрғындарға алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету;
2) тұрғындарға емханада және үйде көп салалы кеңестік, диагностикалық және емдеу көмектерін толық көлемінде көрсету;
3) науқастарды тегін емдеу үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражаттарды мақсаттық және тиімді шығындау;
4) алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері мен заттарын уақытылы қолдану және тәжірибеге енгізу;
5) Кәсіпорынның қызмет көрсету аумағындағы науқастарды толық есепке алу, жылдық есепті құрастыру;
6) жалпы емдеу желісінің мамандарына кеңестік көмек көрсету;
7) емдеу-диагностикалық қызметті әрі қарай жетілдіру бойынша жыл сайынғы және болашақ жұмыс жоспарларын құрастыру;
8) саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде санитарлық – ақпараттандыру жұмыстары;
9) тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енгізілмеген медициналық қызметтерді ақылы негізде көрсету;
10) кәсіпорындарға және ұйымдарға келісімшарт негізінде медициналық қызметтер көрсету;
11) Кәсіпорынды қолдау және қызметінің дамуына қажетті табысты мемлекеттік тапсырыс, ақылы қызметтер және кәсіпорындармен шаруашылық келісімшарттары есебінен табу.
13. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаттары:
1) денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2) тұрғындарды алғашқы медициналық – санитарлық көмекпен қажетті көлемде қамтамасыз ету;
3) тіркелген аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындау;
4) нарықты медициналық қызметтермен қанықтыру жолымен әлеуметтік тапсырмаларды шешу болып табылады.
14. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап беретін қызметтерді жүзеге асыруға және келісімдер жүргізуге құқылы;
15. Мемлекеттік мүлік бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен айқын шектелген, қызметтерінің мақсаттарына қайшы келетін, не болмаса басшының жарғылық құзыретін бұзу арқылы жасалған келісім, Әкімдіктің немесе Өкілеттік органның, не болмаса прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Кәсіпорынды басқару

16. Жергілікті атқарушы орган:
1) Кәсіпорынды құру, қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, немесе бұған жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке иелік етуге өкілетті атқарушы органға уәкілеттік береді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорын атына бекітеді;
4) Кәсіпорын филиалдарын және уәкілдігін құруына келісімін береді;
5) Кәсіпорын мүлкін қолдану туралы, соның ішінде оны кепілдікке, жалға өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды.
6) Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен және осы Жарғымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басымдылық бағыттары мен жұмыстың (қызметтің) міндетті көлемін анықтайды;
2) Кәсіпорынның даму жоспары мен оны орындау бойынша есептерін қарастырады және бекітеді;
3) Кәсіпорынның даму жоспарын бақылау және талдауды жүзеге асырады;
4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен қолданылуына бақылауды қамтамасыз етеді;
5) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады және оның тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен және осы Жарғымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Кәсіпорынның органы оның басшысы, сондай-ақ оны құру кезіндегі қадағалау кеңесі болып табылады.
19. Басшысын тағайындау, оған аттестация жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органмен айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады.
20. Басқару органы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау арқылы Кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын ресімдейді.
Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен бекітілген жағдайлардан басқа, бюджетке таза кірістің айқындалған бөлігінің мезгілінде аударылуына Кәспорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.
21. Кәсіпорын басшысы кәсіпорын мүлкінің сақталуына және қаржылық- шаруашылық жұмысқа дербес жауапты болады.
22. Кәсіпорын басшысы кәсіпорында жемқорлыққа қарсы әрекет ету ісін ұйымдастырады және дербес жауапты болады.
23. Кәсіпорын басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалған, оның құзыретіне сәйкес, Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін өздігінен шешіп, дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді.
24. Басшы:
1) Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық органдарда оның мүддесін ұсынады;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шамада Кәсіпорын мүлкіне иелік етеді;
3) келісімшарттар жасасып, басқадай келісімдер жүргізеді;
4) сенімхат береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) Кәсіпорын қызметкерлерінің барлығына міндетті бұйрықтар шығарады және басқа да нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, жұмыстан босатады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады, егер басқа болса Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және берілген Жарғымен қарастырылмаған;
Басқару органымен қызметке тағайындау және одан босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасын басшының ұсынысы бойынша осы Жарғыда белгіленеді;
8) еңбек төлемін, штаттық кесте үлгілерін, Кәсіпорын қызметкерлерінің (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерден басқа) еңбек төлемі қоры шеңберінде, лауазымдық қызмет ақыларды, сыйлық ақылар мен басқа да сыйақылардың жүйесін өздігінен бекітеді;
9) басқару Органына өзінің орынбасарларын босату және тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарларына және Кәсіпорынның басқарушы қызметкерлеріне құзыреттілік белгілейді;
11) Басқару органның келісілуімен Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілеттігі туралы ережелерді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
25. Кәсіпорын мен жергілікті атқарушы орган арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. Кәсіпорын мен Басқару органы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

5. Кәсіпорын мүлкі

27. Кәсіпорын мүлкін, бағасы теңгерімінде көрсетілген, Кәсіпорынның активтері құрайды.
28. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады, сондай-ақ Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында салымшылар бойынша (жарғылық капиталдағы қатысты үлестерге, жарналарға) үйлестіріле алмайды.
29. Кәсіпорынның мүлкі есебінен қалыптастырылады:
1) меншіктенуші арқылы берілген мүлік;
2) өзіндік қызметі нәтижесінде алынған мүлік (қаражаттық табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да негіздерден.
30. Кәсіпорын қолданысында тек жарғылық мақсаттарымен қарастырылған қызметті қамтамасыз етуге немесе осы қызмет өнімі болып табылатын мүлік бола алады.
31. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің меншік құқықтарын және басқа да заттық құқықтарды алу және тоқтату шарттарында жүзеге асырылады, егер басқа болса берілген Жарғымен қарастырылған немесе берілген құқықтың мән-мағынасына қайшы келмейді.
32. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті қолданудан өнім мен табыстар, сонымен қатар Кәсіпорын келісімшарт немесе басқа негіздеме арқылы алған мүлік, меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына түседі.
33. Меншік иесімен Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдауға байланысты мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорынның теңгеріміне мүлікті бекіту кезінде пайда болады, егер басқа болса Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген немесе меншік иесінің шешімі бойынша.
34. Кәсіпорын оның негізігі құралдарына кіретін мүліктерді сату- сатып алу, айырбастау, сыйға беру келісімдері негізінде иесіздендіруге құқығы жоқ.
35. Кәсіпорын мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің меншіктік құқықты тоқтату үшін 249 бабы негізінде және белгіленген тәртіп бойынша, санымен қатар берілген Жарғының 36,37 тармақтарында қарастырылған жағдайларда тоқтатылады.
36. Берілген Жарғының 36 тармағымен қарастырылған, шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздемелерінен бөлек, жедел басқару құқығы меншік иесінің шешімімен Кәсіпорынды заңды мүліктен айыру жағдайларында тоқтатылады.
Құқықтық айыру жағдайларына негізінен жатады:
— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін, мүліктен айыру;
— қажетсіз, қолданусыз немесе мақсатты емес қолданудағы мүліктен айыру.
37. Жергілікті атқарушы орган Басқару органының келісімі бойынша кәсіпорынға бекітілген мүлікті алуға, немесе егер ол Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілмесе, құрылған басқа да заңды тұлғалар арасына бөліп беруге құқылы.
38. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктен айыру туралы шешімді жергілікті атқарушы орган (облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) Кәсіпорынға айрылған мүліктің басқа тұлғаға берілгенге дейін күту және сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілейді.
39. Кәсіпорын басқару органының ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органның жазбаша келісуімен құқылы:
1) филиалдар, уәкілеттіктерін құруға;
2) дебиторлық қарызға иелік етуге;
3) үшінші тұлғалардың міндеттері бойынша кепілдік алуға және беруге;
4) заемдар ұсынуға.
40. Кәсіпорын оған бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы негізгі құралдарға жатпайтын қозғалмалы мүлікке өздігінен иелік етеді.
41. Берілген Жарғының 39 және 40 тармақтарында көрсетілген мүлікпен шарттардан түскен қаржы, егер ол Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексімен немесе иелік етуші (жергілікті атқарушы органмен) белгіленбесе, Кәсіпорынмен өздігінен қолданылады.

6. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

42. Кәсіпорын қызметі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен бекітілген тәртіпте алынған меншікті табысы мен бюджеттік қаражаты есебінен дамыту жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Кәсіпорынның даму жоспарын дайындау және бекіту тәртібі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органмен анықталады.
43. Кәсіпорынның таза табысының бөлігін аудару нормативтері жергілікті атқару органымен белгіленеді.
Белгіленген нормативтер бойынша Кәсіпорынның таза табысының бөлігі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде белгіленген тәртіп бойынша, сәйкес бюджетке аударуға жатады.
Кәсіпорын таза табысының бөлігін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін, он жұмыс күнінен кеш қалтырмай, сәйкес бюджетке аударуды жүзеге асырады.
44. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді өздігінен жүзеге асырады.
45. Кәсіпорын өндіруші тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) бағасы олардың өндірісіне кәсіпорыннан шығындалған барлық шығындарды, оның қызметінің шығынсыздығын және өзіндік табыстары есебінен қаржыландыруды толығымен қамтамасыз етуі керек.
Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыс (қызмет) көлемі шеңберінде өндірілетін тауардардың (жұмыстар, қызметтер) бағасы Басқару органының келісі бойынша мемлекетік Кәсіпорынмен белгіленеді.
Сәйкес тауарлық нарықта монополиялық немесе басым жағдайда болатын табиғи монополия субъектілеріне немесе нарықтық субъектілерге жататын Кәсіпорындар жүзеге асыратын (жұмыстар, қызметтер) тауарлар құны Қазақстан Республикасының «Нарықтар реттейтін табиғи монополиялар туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі және басқа да заңдарының талаптары ескеріле отырылып белгіленеді.
46. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғымен қарастырылмаған қызметтерді жасау арқылы Кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырудан құрылған жүзеге асырылушы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгіленген бағасын жоғарталу нәтижесінде алынған табыстар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіп бойынша бюджетке қайтарылуға жатады.
Мүлікті оның бухгалтерлік есеп ережелері бойынша сәйкессіз қолдану фактілері анықталған жағдайда, ол да қайтаруға жатады.

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

47. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 21 210 000 (жиырма бір миллион екі жүз он мың) теңгені құрайды, Кәсіпорын мемлекеттік тіркелу кезінде толығымен қалыптасты.

8. Кәсіпорынның есебі мен есептемесі

48. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен қаржы есептемесін жүргізу Басқару органының келісілуі арқылы Кәсіпорын басшысымен бекітілетін Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және қаржы есептемесі туралы заңнамасына және қаржы есептемесінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
49. Кәсіпорынның жылдық қаржы есептемесіне: бухгалтерлік теңгерім, табыс пен шығын туралы есеп, қаражат құралдарының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме хат кіреді.
50. Кәсіпорын Қадағалау кеңесімен жылдық қаржылық есеп беру аудитін өткізуге міндетті. Кәсіпорын аудиті Кәсіпорын қаражаты есебінен Басқару органының, басшының, қадағалау кеңесінің бастамасы бойынша жүргізілуі мүмкін.

9. Кәсіпорынның жауапкершілігі

51. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді.

10. Еңбек ұжымымен қарым-қатынас

52. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ұжымдық келісімшартқа сәйкес анықталады.
53. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі керек.

11. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек төлемі

54. Кәсіпорынның еңбек төлемі қорының мөлшері жыл сайын Басқару органымен белгіленеді.
55. Еңбек төлемінің үлгілері, штаттық кесте, лауазымдық еңбекақы мөлшері, сыйлық ақыландыру және басқа да сыйақы жүйелері белгіленген еңбек төлемінің қоры шеңберінде өздігінен Кәсіпорынмен анықталады.
56. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтердің лауазымдық еңбекақыларының мөлшері, оларды сыйлық ақыландыру және басқа да сыйақылар жүйесі Басқару органымен белгіленеді.

12. Кәсіпорынды қайта құру және тарату

57. Кәсіпорынды қайта құру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі арқылы жүргізіледі.
Кәсіпорын сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған басқа да негіздемелер бойынша таратыла алады.
58. Кәсіпорынды қайта құру және таратуды жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.
59. Таратылған Кәсіпорынның несиегерлердің талаптарын қанағаттандырылған кейін қалған мүлік, жергілікті атқарушы органмен қайта бөлінеді.
Таратылған Кәсіпорынның несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін жүзеге асырудан қалған қаражаттарды қоса алғандағы ақшасы сәйкес бюджеттің табысына аударылады.

13. Кәсіпорын Жарғысына өзгертулер мен қосулар енгізу тәртібі

60. Кәсіпорынның Жарғысына өзгертулер мен қосуларды жергілікті атқарушы орган, немесе бұған облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылушы атқарушы орган енгізеді.

Басшы Г.М. Қайырбаева






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа