140010, Павлодар қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 200. Бухгалтерия - 60-50-68, 51-80-63, қабылдау - 60-55-09, касса - 21-35-30.
60-55-09

Пациенттерді қолдау қызметі

ШЖҚ «Павлодар ауданының емханасы» КМК Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсанындағы «Медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен өткізу Қағидаларын беркіту туралы» № 1577 қаулысының негізінде, Пациенттерді қолдау мен медициналық қызметтер сапасын ішкі бақылау Қызметі құрылды.

Қызметті бас дәрігердің аудит жөнінде орынбасары Сәуле Олжабайқызы Ибраева басқарады.

Қызмет құрамына енетіндер:

–         Сарапшы дәрігері;

–         Эпидемиолог дәрігері;

–         Клиникалық фармаколог;

–         БАҚ мониторингілеу жөніндегі маман;

–         Келісім бойынша салалық мамандар.

Пациенттерді Қолдау Қызметінің мақсаты- мәселелік сұрақтарды айқындау мен медициналық көмек көрсету сапасын әрі қарай жақсарту.

Егер де Сіз:

–                    Медициналық көмек көрсету сапасына наразы болсаңыз;

–                    Медициналық қызметкерлер жағынан дөрекі қатынаспен кездессеңіз;

–                    Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі көрсетілетін медициналық қызметтер үшін, медицина қызметкерлері ақша қаражаттарын бопсалаушыдық фактілерімен кездессеңіз;

–                    Сонымен қатар медициналық көмек сапасы мен тәрбібіне қатысты, басқа да мәселелік сұрақтарға тап болған жағдайдаПациенттерді Қолдау Қызметіне жүгініңіз.

Сіз өзіңіздің аты-жөніңіз, байланыс телефондарыңыз бар жазбаша өтінішіңізді емхананың тіркеу орнындағы Өтініштер жәшігіне қалдыруыңызға болады. Сонымен қатар 87182 (66-86-70),

8-708-466-86-70 (сотовый и WhatsApp) телефондары бойынша қоңырау шалыңыз.

Пациенттерді Қолдау Қызметі Сіздің өтінішіңізді аз уақытта қарастырып, 5 күн ішінде Сіздің өтінішіңіздің нәтижелері бойынша мәлімет ұсынады.

Пациенттерді Қолдау Қызметіне пациенттердің өздері, сонымен бірге олардың туыстары да жүгінуге құқылы.

Бізге ұйымдағы медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға жол беретін Сіздің өтініштеріңіз, ұсыныстарыңыз, түсініктеріңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз.

Құрметпен,

Пациенттерді Қолдау Қызметі



 

скан Алгоритм рассмотрения фактов нарушения этики в ППР






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа