66-14-03

Байқау кеңесі

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы №224/6 «Денсаулық сақтау саласында шаруашылық жүргізу құқығында қызмет ететін мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы» Қаулысымен ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК-да байқау кеңесі енгізілді.

Байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу ережелеріне сәйкес №5 емхана республикалық газетте Байқау кеңесі мүшелерін іріктеуге конкурс жариялады.

Конкурс қорытындысы бойынша іріктеуден келесі үміткерлер өтті:

  1. Имангазинов Сағит Баймұханұлы — «Семей қ.ММУ» ПФ директоры;
  2. Король Наталья Олчебаевна – Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы, экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің бас маманы;
  3. Ержанов Қанат Құрметұлы – «Павлодар облысы бойынша дәрілік құралдарды сараптау орталығы» ЕМК директоры»;
  4. Ситказинов Айдар Кенжетайұлы – «Павлодар ауданының емханасы» КМҚК бас дәрігері;
  5. Тентекпаев Мұса Макарұлы – денсаулық сақтаудың ардагер қызметкерлері облыстың Кеңесінің төрағасы;
  6. Кабдуллин Айса Малдыбайұлы – «Дені сау ұрпақ» қоғамдық қорының директоры.

2014 жылғы 02 тамызда Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысымен «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №5 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында байқау кеңесінің құрамын құру мен бекіту туралы» бұйрық шықты.

Жеке өтініштері негізінде Байқау кеңесінің мүшелігінен келесі тұлғалар шығарылды: А.К.Ситказинов, А.М.Кабдуллин.

Бүгінгі таңда емханада Байқау кеңесі жұмыс істеп келеді.

 

 

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа