66-14-03

Емхана туралы

ЕМХАНА ТУРАЛЫ

№5 емхана 1965 жылы Украинская к-сі, 35-үй мекенжайы бойынша бірқабатты ғимаратта ашылған. 1984 жылға дейін емхананы А.П.Бабкина басқарды. Оның басқарған уақытында емхана штаты 500 адамға дейін өсті. 3 ғимарат пайда болды: ересектер бөлімшесі (Қамзин к-сі 5) мен балалар бөлімшесі (Қамзин к-сі 7).

Емхана жұмысына өзінің салмақты үлесін Н.К.Тұрақбаева, В.А.Прыткова, Р.А.Қазыбаева, В.А.Кузнецова сынды дәрігерлер қосты.

90-шы жылдары емхананы заманауи құрал-жабдықпен жабдықт басталды. 1984-1990 жылдар аралығында емхана С.Я.Байконың басшылық етуімен жұмыс істеді.

1990 жылдан бастап емхананы В.Н.Каштанов басқарды. Бұл кезеңде ультрадыбыстық зерттеу, күндізгі стационар кабинеттері ашылды.

1993 жылдан 2008 жылға дейін емхананы А.Д.Морозова, ал              2009 жылдан 2015 жылға дейін А.О.Төребаев басқарды.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін А.Н.Жапарбеков басшылық етіп келеді.

Бекітілген аумақта туберкулезге қарсы жұмыс күшейтілуде, перинаталды және сәбилер өлімін төмендету бойынша іс-шаралар атқарылуда. «Аналар мектебі», «Диабет мектебі», «Отбасын жоспарлау мектебі», «Денсаулықты нығайту орталығы» және басқасы жұмыс істейді. Емханада жақсы кәсіптік дайындығы бар, қызмет көрсетілетін тұрғындар арасында авторитетке ие мамандар қызмет етеді.

Пациентті қолдау мен ішкі бақылау қызметі  

Біздің медициналық ұйымда Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 58-бабына сәйкес Пациенттерді қолдау мен ішкі бақылау қызметі құрылған.

Егер де Сіз:

— тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасына риза болмасаңыз

Пациентті қолдау мен ішкі аудит қызметіне мына телефон бойынша: 78-32-44 немесе №418 кабинетке  

жүгіне аласыз. Сайт мекенжайы: depzdrav.gov.kz

Көрсетілген қызметтердің көлемі






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа