66-14-03

Емхана қызметі

Кәсіпорын қызметінің пәні мен оның мақсаттары

 

Кәсіпорын қызметінің мәні қала тұрғындарына заңнамамен берілген тәртіпте және медицина қызметінде бекітілген түрлеріне берілген лицензияға сәйкес жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты– алғашқы медициналық-санитарлық және кеңес беру-диагностикалық көмек көрсету, тұрғындар денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындау.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін іске асырады:

1)  медициналық қызмет:

— сырқаттарды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;

— амбулаторлық деңгейде емдеу;

-стационаралмастыру көмегі (күндізгі стационар,үйдегі стационар);

-профилактикалық тексерістер;

-иммунизация;

— уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы (уақытша еңбекке жарамсыздық парағын, анықтамасын беру);

— жүктілер, балалар, оның ішінде жаңа туғандар патронажы;

-диспансеризация мен динамикалық қарау.

2) денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру:

— тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізілмеген медициналық қызметтерді ақылы түрде көрсету;

— кәсіпорындар мен ұйымдарға шарт негізінде медициналық көмек көрсету;

— кәсіпорындармен мемлекеттік тапсырысты, ақылы қызметтер мен шаруашылық шарттарын орындау есебінен кәсіпорын қызметін қолдау мен дамыту үшін табыс алу;

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру;

— науқастарға тегін қызмет көрсету негізінде  мемлеккеттік апсырыс бойынша алынған құралдарды мақсатты және тиімді шығындау

3) кәсіби курстар, лекциялар, семинарлар, тренингтер, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу, емдеу-диагностикалық және профилактикалық жұмыс орындарында дәрігерлерге тәжірибелік көмек көрсету мен кеңес беру үшін дәрігерлердің жоспарлы шығуын ұйымдастыру түріндегі ақпараттық-кеңес беру қызметтері:

— жалпы емдеу жүйесіндегі мамандарға кеңес беру көмегін көрсету;

— салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмысы;

4) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен жол берілген медициналық қызметтің өзге түрлері.

 

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа