66-14-03

ЖММК

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі (ЖММК)

Стационарлық көмек нысанындағы ЖММК жергілікті деңгейдегідей республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда да көрсетіледі.

Консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК республикалық деңгейде көрсетіледі.

Жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда стационар жағдайында ЖММК көрсету үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді және оны пациентке береді. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жергілікті деңгейде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін пациенттің құжаттар пакетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссияға (бұдан әрі — ЖММК комиссия) қарауға жібереді.

ЖММК комиссияның шешімі стационарлық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету үшін азаматтарды республикалық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызудың және консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК көрсетуге жіберудің негізі болып табылады.
ЖММК комиссияның қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) пациенттің жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) пациенттің клиникалық диагнозы көрсете отырып медициналық ұйым маманының жолдамасы;
3) пациентті зерттеп-қараудың ең аз қажетті көлемінің нәтижелері (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, нәжістің ішекқұрт жұмыртқаларына талдауы, кеуде ағзаларының флюорографиясы, электрокардиограмма және HbsAg болуы);
4) өңірлік деңгейде мүмкін болатын клиникалық диагнозды, зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, амбулаториялық картадан/сырқатнамадан көшірме;
5) пациенттің клиникалық диагнозын растайтын зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері.
ЖММК комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және пациентті түрлері мен көлеміне және пациент тасымалдануына сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республикалық медициналық ұйымдарға жіберудің негізділігін анықтайды.

Пациентке мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталына бас тартуды тіркейді және жіберген медициналық ұйымға дәйекті бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін қайтарады.

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа