66-14-03

Медицина қызметкерінің әдеп кодексі

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ

КІРІСПЕ

Адамның өмірі мен денсаулығы — басты, маңызды құндылықтар. Дәрігер миссияны, мақсатты, принциптер мен құндылықтарды білуі тиіс.

Миссия

Біздің миссия:

Тиімді қолайлылық, жайлылық мен ыңғайлылық жағдайында заманауи диагностикалық, емдік, профилактикалық және медициналық-әлеуметтік технологиялар негізінде емделуші қажеттіліктеріне жауап беретін жоғарысапалы амбулаториялық медициналық көмек көрсету. Қызметіміздің басымдылығы профилактика болып табылады.

Біздің мақсатымыз:

  1.  Пациенттерге медициналық қызмет көрсетудің сапасын және емдеу, диагностикалау, алдын алу тиімділігін үздіксіз жетілдіру.
  1. Пациентке медициналық қызмет көрсетуде барлық этикалық нормалар мен құндылықтарды сақтайтын жоғары біліктілікті игерген, ар намысты, бәсекеге қабілетті кадрлар құрамын қалыптастыру.

Наши принципы:

  1. Қызметтің заңдылығы мен тәртібі — Біз ҚР Конституциясы, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»ҚР Кодексі, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және еліміздегі денсаулық сақтауды дамыту және жаңарту жалпы стратегиясы шеңберінде жұмыс атқарамыз.
  2. Пациентке қамқорлық —пациентті тексеру мен емдеуде бірізділікті сақтап, адам денсаулығына ұқыпты қарай отырып, дара және кешенді тексеруді қамтамасыз етеміз..
  3. Технологиялылығы — біз заманауи жабдықтармен жабдықталғанбыз, емдеудің кепілдендірілген сапасын қамтамасыз ету үшін ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, емдеудің тиімді әдістерін қолданамыз.
  4. Қызметкердің біліктілігін үздіксіз жетілдіру — медициналық қызмет көрсетудің сапасы әр қызметкердің біліктілігіне байланысты. Әр бір қызметкердің кәсіби өсуіне біз мүдделіміз. Әр қызметкер «ЕДО» ойдағыдай дамуына, біздің ортақ ісімізге өз үлесін қалтықсыз қосуына  сенеміз.
  5. Корпоративтік — біз ұжым мүшелерінің арасындағы, медициналық қызметкерлер мен пациенттер арасындағы өзара сыйластық пен сенімділік құрайтын ұжымдық шығармашылықты ынталандыратын, деонтология, этика және ұжымдық мәдениетті дамытамыз.
  6. Жетекшілік — қызметтің барлық саласында ақпараттандыру қызметін жетілдіру мен оның ұдайы дамуына осы өлшемнің маңыздылығына қарай біз жетекшілікті ынталандырамыз және дамытамыз.

 

Біздің құндылықтар: Ұйым құндылықтары – персоналдың моральдік және іскерлік қасиеттері, лауазымдық міндеттерді, бір реттік және тұрақты түрдегі тапсырмаларды орындау, іскерлік әрекеттесу және тұлғааралық қарым-қатынас кезіндегі қызметкердің мінез-құлқын реттейтін ұжым салттары.

  1. Кәсібилік
  2. Мейірімділік
  3. Емделуші құқықтарын қорғау
  4. Жетекшілік
  5. Үлкенге құрмет
  6. Ресурстарды тиімді пайдалану.

Осы моральдік принциптер биология мен медицинадағы жетістіктердің қолданылуын есепке ала отырып, Халықаралық дәрігерлік әдеп кодексі, Хельсин декларациясы, Адам геномы мен құқықтары жөніндегі ортақ декларация мен Адам құқықтары мен ар-намысын қорғау туралы конвенция ережелерін, ҚР Конституциясының 29-бабын, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің «ҚР медицина және факмацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі» 184-бабын ескере отырып, Дәрігердің әдеп кодексінде (әрі қарай – Кодекс) жүйелендіріліген.

Кодекс бөлімдері.

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Медициналық қызметкер және қоғам

III. Медициналық қызметкер және емделуші

  1. Медициналық қызметкерлердің алғалығы
  2. Дәрігерлік құпия
  3. Әдеп кодексінің әрекет ету шегі, оны қайта қарау тәртібі және бұзғаны үшін жауапкершілік.

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Медицина қызметкерінің әдеп кодексі (әрі қарай – Кодекс) емханада кәсіптік медициналық қызметін атқарған кезде медициналық қызметкерлер басшылыққа алуға ұсынылған әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерінің жинағы болып табылады.

2.Кодекс Қазақстан Республикасы медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс кодексі, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы (15.04.2013 жылғы жай-күй бойынша өзгерістер мен толықтыруларымен)» Кодексі №184 бабының негізінде әзірленген, медицина қызметкерлерінің азаматтар мен жалпы қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдік жауапкершілігін анықтайды.

3.Осы Кодекс денсаулық сақтау қызметкерлері, қоғам мен емделуші арасындағы қарым-қатынасты анықтайды, тұлғаның және жалпы қоғамның құқықтарын, намысын, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған.

  1. Медицина қызметкері мен қоғам

2.1. Медицина қызметкерінің кәсіптік қызметінің негізгі мақсаты  — адам өмірін сақтау, сырқаттардың алдын алу жіне денсаулығын қалпына келтіру, сонымен қатар емделмейтін сырқаттар кезіндегі бейнетін жеңілдету. Медициналық қызметкер өз міндеттерін Гиппократ антын, адамгершілік және мейірімділік принциптерін, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып атқарады.

2.2. Медициналық қызметкер өзінің шешімдері мен әрекеттері үшін толық жауапты болады, бұл үшін заңнамамен бекітілген тәртіпте медицина ғылымының бұрынан белгілі тиімді және жаңашыл жетістіктерін өз қызметінде пайдалана отырып, жүйелі кәсіби түрде жетіліп отыруға міндетті.

2.3. Дәрігер қызмет ететін адамгершілік мақсаттары жеке моральдік-әдеп ұстанымдары мен принциптері, жеке намысының заңмен қорғалуына, кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, материалдық қамтамасыз етуді талап етуге негіз береді.

2.4.Материалдық, жеке пайда мотивтері медицина қызметкерінің кәсіби шешім қабылдауға әсер етпеуі керек. Дәрігер қандай жағдай болмасын кәсіби тәуелсіздігін жоғалтпауы керек. Дәрігер кәсіптік шешімдерді қабылдаған кезде материалдық, жеке пайда, карьера, өзінің қалауларын қанағаттандыру мотивтері жоғары тұрмауы керек.

2.5. Медициналық қызметкер дәрілік препараттарды өндіруші және таратушы фирмалардан олардың ұсынған дәрілерін тағайындағаны үшін сыйлық алмауы керек.

2.6. Медициналық қызметкер дәрі тағайындаған кезде медициналық көрсеткіштер мен науқастың қажеттіліктерін басшылыққа алуы керек.

2.7. Медициналық қызметкер жасы, жынысы, нәсілі, ұлты, діни көзқарасы, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы, азаматтығы мен басқа да медицинаға қатысы жоқ факторларға, оның ішінде материалдық жағдайына қарамастан кез келген адамға медициналық көмек көрсетуі керек.

2.8. Медициналық қызметкер өзі қызмет ететін мекемеге қатысты өзіне тапсырылған міндеттерді адал атқару керек. Дәрігер емделушілер мен әріптестермен адал, өзге дәрігерлердің кәсіптік кемшіліктеріне қатысты өзінің ұстанымына берік болуы керек, өзінің қателіктерін мойындауы, сонымен қатар алдау мен алаяқтықты болдырмау керек.

2.9. Мемлекеттік емдік-профилактикалық мекемелерде дәрігер емделушілерге медициналық көмекті ТМККК аясында көрсетеді.Дәрігердің емделушіден немесе оның жақындарынан заңнамалық және нормативтік актілермен қарастырылмаған сый-сыяпат алуы қылмысты және құлықсыз болып табылады.

2.10.  Жас мамандарды оқытатын медициналық қызметкерлер өзінің іс-әрекетімен және өзінің міндеттерін орындауына деген қарым-қатынасымен лайықты еліктеу үлгісі болуы керек.

2.11. Медициналық қызметкер өзіне қолжетімді құралдармен (газет, журнал, радио, теледидар, әңгімелесу және т.б.) салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық және кәсіптік әдеп нормаларын сақтау үлгісін көрсетуі керек.

2.12. Медициналық қызметкер кәсіптік қызметімен қоса атқаруға келетін, медициналық қызметкердің намысын төмендетпейтін және емделушілер мен оның кәсіптік қызметіне нұқсан келтірмейтін өзге де қызмет түрлерімен айналыса алады.

2.13. Медициналық қызметкердің жеке тәжірибе құқығы заңмен реттеледі.

III. Медициналық қызметкер мен емделуші

3.1. Медициналық қызметкер көрсетілетін медициналық көмектің сапасына жауап береді. Өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуы керек, алайда осы жарлықтар аясында, сырқаттың ерекшелігін ескере отырып, науқастың қажеттіліктерін басшылыққа алып, әрбір жеке жағдайда тиімдірегі деп шешкен профилактика, диагностика мен емдеудің әдістерін таңдауға міндетті. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.

3.2.  Медициналық қызметкер онымен көрсетілетін медициналық көмек ең жоғары дәрежеде болуы үшін бар күшін жұмсауға міндетті.

3.3. Медициналық қызметкер емделушіні жөнсіз қауіпке душар етпеуі керек, әсіресе өзінің білімін ізгіліксіз мақсатта пайдаланбауы керек. Емдеудің кез келген әдісін таңдаған кезде медициналық қызметкер ең алдымен «Зиян келтірме!» уағызын басшылыққа алуы керек.

3.4. Науқастың жағдайын ауырлатпайтын шара қолдануға міндетті шұғыл көмек көрсету жағдайларынан басқа, медициналық қызметкер емделуші мен өзінің арасында қажетті өзарасенім жоқтығына сенімді болса, егер өзін біліксіз сезінсе немесе емдеу үшін қажетті мүмкіндіктері болмасағ науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Осындай және осыған ұқсас жағдайларда медицина қызметкері бұл туралы тікелей басшысын хабардар етуге және науқасқа білікті маманды ұсынуға барлық шараларды қабылдауы керек.

3.5. Медициналық қызметкер емделушінің емдейтін дәрігерді, мекемені таңдау, емдеу-профилактикалық шараларды өткізу туралы шешімдерді қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуі керек. Емделішінің емдеуге өз еркімен келісуін медициналық қызметкер әдетте науқаспен сөйлесу кезінде алады. Бұл келісім саналы түрде қабылдануы керек, науқасты емдеу әдістері, оларды қолдану салдары, әсіресе болуы мүмкін асқынулар, емдеудің басқа да ұқсас әдістері туралы міндетті түрде хабардар ету керек.Емделушінің келісімінсіз емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде және оның жағдайды адекватты түрде бағалай алмауы кезінде жүргізіледі.Мұндай жағдайларда шешімді алқалы түрде қабылдаған дұрыс.Психикалық сырқаттары бар тұлғаларды емдегенде медициналық қызметкер психиатриялық көмек көрсету мен оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы керек.Баланы емдеген кезде медициналық қызметкер оның ата-анасы немесе қамқоршыларына толық ақпарат беруге және қандай да болмасын емдеу әдісі немесе дәрілік құралды қолдануға келісімін алуға міндетті.

3.6. Медициналық қызметкер емделушінің ар-намысын құрметтеуге, оған мейірімділікпен қарауға, жеке құпиясына деген құқығын құрметтеуге, науқастың күйіне қатысты туыстары мен жақындарының қамқорлығын түсінушіліпен қабылдауға міндетті, бірақ бұнымен қоса жеткіліксіз кәсіптік себептерсіз науқас пен оның отбасы мүшелерінің жеке шаруаларына кірісуіне болмайды.

3.7. Медициналық қызметкер емделушіге өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын міндетеуге құқы жоқ. Дәрігердің жеке теріс түсініктері мен өзге де кәсіптік емес мотивтері диагностика мен емдеуге әсер етпеуі керек.

3.8. Егер емделуші өзінің келісімін саналы түрде білдіре алмаса, оны заңды өкілі немесе емделуші үнемі күтетін қамқоршы тұлға білдіруі керек.

3.9. Емделуші өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алуға құқылы, алайда ол одан бас тартуы немесе оның денсаулық жағдайы туралы хабарлауға болатын тұлғаны көрсетуге құқылы.

Ақпаратты емделушіден оған қатты зиян келтіруі мүмкін деген негіз бар жағдайларда жасырады.Алайда емделушінің анық айтылған талабы бойынша медицина қызметкері толық ақпарат беруге міндетті.Жағымсыз болжам жағдайында емделушіні мейлінше еппен, өмірінің ұзақтығына, мүмкін болатын жағымды жағдайларға деген сеніммен ақпараттандыру қажет.

3.10. Емделушінің қалауы бойынша медициналық қызметкер басқа медициналық қызметкермен кеңесу құқығына бөгет болмауы керек..

3.11. Медициналық қызметкер келесі жағдайларда басқа медициналық қызметкерге тапсыра отырып, емделушімен жұмыс жасаудан бас тартуы мүмкін:

— лайықты көмек көрсету үшін өзін жеткіліксіз білікті емес екенін сезінсе, қажетті техникалық мүмкіндіктері болмаса;

— медициналық көмектің бұл түрі дәрігердің ар-намыс принциптеріне қарама-қайшы болса;

— дәрігер емделушімен терапиялық қызметтестік орната алмаса.

3.12. Медициналық қызметкердің емделушімен сөйлесу кезінде өзін жарнамалауына жол берілмейді.

3.13. Емдеу кезінде қате жіберілсе немесе болжанбаған асқынулар болса медициналық қызметкер емделушіні, тікелей басшысын хабардар етіп, зиянды салдарларды түзетуге бағытталған әрекеттерге көшуі керек.

3.14. Кәсіптік міндеттерді медициналық қызметкер тек өзінің тегі арқылы ғана жүзеге асыруы керек, жалған есім мен ресми тағайындалған титулдарды, дәреже мен атақтарды пайдаланбауы керек.

3.15. Баланы емдеген кезде медициналық қызметкер оның ата-анасы немесе қамқоршыларына толық ақпарат беруге және қандай да болмасын емдеу әдісі немесе дәрілік құралды қолдануға келісімін алуға міндетті.

3.16. Өтініштерді қарастыру кезінде бюрократизм мен сөзбұйдашылыққа жол бермеуі керек, бекітілген мерзімде олар бойынша қажетті шара қолдану керек.

3.17. Медициналық қызмет көрсеткен кезде қабылдауға қатысы жоқ телефон бойынша және өзге де мәселелерге көңіл бөлмей емделушіге мұқият қарау.

 

 

  1. Медициналық қызметкерлердің алғалылығы

4.1. Медициналық қызметкер өмір бойы кәсібилікке үйреткен тұлғаға құрмет пен алғыс болу сезімін сағтауы керек.

4.2. Медициналық қызметкер медициналық қауымдастықтың абыройы мен дәстүрлерін қорғауы керек. Медициналық қызметкерлер бір-біріне құрметпен, ізеттілікпен қатынасуы керек.

4.3. Медициналық қызметкер көпшілік алдында басқа медициналық қызметкердің кәсіптік білігіне күмәндануына немесе қандай да бір жолмен беделін түсіруге құқығы жоқ.

4.4.Қиын клиникалық жағдайларда тәжірибелі медициналық қызметкерлер тәжірибесі аздау медициналық қызметкерлерге көмек көрсетуі және кеңес берулері керек. Бірақ емдеу процесі кезінде толық жауапкершілікті емдеуші дәрігер алады, олар науқастың қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, әріптестерінің кеңестерін қабылдауға немесе бас тартуға құқылы.

4.5.Денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігер-басшылары өзіне бағынысты медициналық қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыруларына қамқорлық жасауы керек.

4.6. Медициналық қызметкерлер өзге медициналық және қосымша персоналға құрметпен қарауға, олардың біліктілігін арттыруына үнемі қамқорлық жасауға міндетті.

 

  1. Дәрігерлік құпия

5.1. Әрбір емделуші жеке құпиясының сақталуына құқығы бар, және де медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер мен өзге тұлғалар науқастың өлімінен кейін де дәрігерлік құпияны, егер науқас басқаша шешпесе, тіпті медициналық көмекке жүгіну фактісін де, сақтауға міндетті.

5.2.  Құпия емделушіні емпдеу мен оның жүгінуі процесінде алынған барлық мәліметтерге таралады (диагнозы, емдеу әдістері, болжам және т.б.).

5.3.Емделуші туралы медициналық ақпарат мына жағдайда ашылуы мүмкін:

— емделушінің өзінің айқын жазылған келісімі бойынша;

— тергеу, прокуратура мен сот органдарының мотивті талаптары бойынша;

—  егер құпияны сақтау емделуші мен (немесе) өзге тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе (қауіпті жұқпалы аурулар);

— бұл ақпарат кәсіптік тұрғыдан қажетті болып табылатын басқа да мамандарды емдеуге тарту кезінде.

5.4.   Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғаларды кәсіптік құпияны сақтауы бойынша бақылауы керек.

5.5.  Медициналық ақпаратқа қолжетімділік құқығы бар тұлғалар пациент туралы алынған барлық ақпаратты құпияда сақтауы керек.

5.6.Ғылыми зерттеулер, студенттерді оқыту және дәрігерлерді жетілдіру процесінде дәрігерлік құпия сақталуы керек. Науқасты көрсету тек оның келісімі бойынша мүмкін.

 

  1. Әдеп кодексінің әрекет ету шегі, оны қайта қарау тәртібі және бұзғаны үшін жауапкершілік.

6.1. Дәрігердің бірінші төрешісі – өзінің ұяты. Екіншісі – қызметкерлердің әдеп нормаларын бұзу фактілерін талдауға және әкімшілік жазалау шараларын қабылдау үшін әкімшілікке жеткізуге құқылы әдеп комиссиясы

6.2.Егер әдеп нормаларын бұзу бір уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қозғаса, медициналық қызметкер заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

6.3.Жұмыскер оның мінез-құлқы ұжымдық көпшілік алдында талқылануы мүмкін екенін есте сақтауы керек.

6.4.Әдеп Кодексін қайта қарастыру мен түсінік беру.

Әдеп Кодексін қайта қарастыру ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК Әдеп комиссиясының шешімімен анықталады.

6.5. Нақты жағдайларда Кодекстің қандай да бір ережелеріне көпмағыналы түсінік берілетіні анықталуы мүмкін.Осындай жағдайға тап болған комиссия әдеп комитеті немесе конференция шешімін өздерінің түсіндірулерін ресімдейді. Түсінік беру оны Әдеп Кодексінің қосымшасы ретінде бекіткеннен кейін заңды күшіне енеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа