66-14-03

Онлайн-тіркеу орны арқылы қабылдауға қалай жазылуға болады

Онлайн-тіркеу орны арқылы қабылдауға қалай жазылуға болады

1378891786299

Онлайн-тіркелу орны арқылы қабылдауға жазылу үшін

http://depzdrav.gov.kz/content/view/9/1645 бетін ашу керек

«Қабылдауға жазылу» жұмыс режимін таңдаңыз. Әрі қарай бөліністі таңдау қажет («Ересектер емханасы», «Балалар емханасы», «Әйелдер кеңесі»). Бұдан кейін дәрігердің мамандануын таңдау қажет. Бұл кезде егер Сіз терапевтке, педиатрға немесе жалпы тәжірибе дәрігеріне жазылғыңыз келсе, дәрігердің нақты мамандануын көрсету керек  («терапевт-дәрігер», «жалпы тәжірибе дәрігері» немесе «педиатр-дәрігер»).Келесі қадамда Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді енгузу қажет, бұл жағдайды ЖСН көрсетсе де жеткілікті болады. Ал егер ЖСН белгісіз болса, Тегі, Аты, Әкесінің аты мен туған жылы көрсетілуі тиіс. Қауіпсіздік үшін жүйе Сізден экранда көріп тұрған сандарды енгізуіңізді сұрайды — оларды сәйкес жолақшаға енгізген дұрыс. «Жеке мәліметтерімді өңдеуге келісемін» дегенге белгі қойып, «Қабылдауға жазылу» түймешегін басыңыз. Төртінші қадамда Сізге таңдалған мамандық дәрігерлерінің кестесі көрсетіледі. Егер кестеде бос жазбалар болса, онда таңдалған дәрігердің «онлайн-жазылу» жолақшасында «Бос: жазба саны» деген жазу тұрады. Егер бұл жазу болмаса, таңдалған күнге жазыла алмайсыз. Егер «Бос: жазба саны» жазбасы болса, Сіз оны басып, бұдан кейін бесінші қадамда қабылдаудың нақты уақыты таңдалады. Қолжетімді уақытқа басқан кезде, Сіз онлайн-жазылудың барлық мәліметтерін тексеріп, «Ия, барлығы дұрыс!» түймешегін басасыз, бұдан кейін «Сіз қабылдауға сәтті жазылдыңыз!» жазуы шығады. Осымен жазылу процесі аяқталады.

Құрметті емделушілер! Сіздерге онлайн-жазылу үлкен сұранысқа ие екендігін және бос қатысымдар басқа емделушілермен сақталатынын есте сақтауларыңызды сұраймыз.






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа