66-14-03

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК қызметкерлері өздерінің еңбек қызметін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ЗРК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына сәйкес жүзеге асырады.

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаттарына қол жеткізу төмендегі тапсырмаларды шешу арқылы жүзеге асады:

— қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік атмосферасын қалыптастыру;

— сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға итермелейтін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара әрекеттілігін нығайту;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық қызметтестікті дамыту;

— сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау, бұлтартпау, ашу мен тер.

Осы Заңға сәйкес облыстық денсаулық сақтау басқармасы, оған қарасты ұйымдар қызметінде 2016 жылғы бірінші тоқсандағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін талдау өткізу бойынша жұмыс тобының ұсыныстарын орындау жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген.

Біздің ұйымның қызметкерлері және жеке тұлғалар сыбайлас жемқорлықтың кез келген белгілеріне төзбестік атмосферасын құру және  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылу туралы актіге қол қойды, қызметкерлер adaldyk.kz сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ашық келісімге қосылудың электронды тіркеуінен өтті.

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа