66-14-03

Бас дәрігердің парақшасы

Басшының беті

фото Жапарбеков

Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы – «Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері

Білімі — жоғары.

1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, Бакалавр академиялық дәрежесі бар менеджер біліктілігі тағайындалған.

Біліктілікті арттыру курстарын өткен:

  • 2010ж. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері», 234с.
  • 2012ж. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды тиімді басқару», 54с.
  • 2012ж. «Денсаулық сақтау менеджменті. Кадрлық ресурстарды басқару», 54с.

2012 жылдан бастап денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-дәрігердің жоғары біліктілік санатына ие.

Қызмет еткен жылдарында мынадай наградалар берілді:

  • Железин ауданы әкімінің мақтау қағазы,
  • ҚР Президентінің алғыс хаты,
  • Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының мақтау қағазы,2005ж.
  • Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің кәсіподақ облыстық филиалы төрағасының мақтау қағазы. 2010ж.
  • «Павлодар облысына 75 жыл» медалімен марапатталған, 2012ж.
  • ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
  • «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2014ж.

 

А.Н. Жапарбеков 1994 жылдан бастап фтизиатр-дәрігер қызметінен бас дәрігер қызметіне дейін жеткен :

  • 1994-1997жж. — Екібастұз қаласының тубдиспансерінде фтизиатр-дәрігер қызметін атқарған;
  • 1998-2001жж. — Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансер, фтизиатр-дәрігер;
  • 2001-2003жж. — «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМКК, медикаментозды түзеу бөлімінің меңгерушісі;
  • 2003-2006жж. — Железин ОАА МҚКК бас дәрігері;
  • 2006-2008жж. — Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының АМСК пен инновациялық технологиялар жөніндегі орынбасары;
  • 2008-2015жж. — «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталық» ММ-нің бас дәрігері;
  • 2015 ж. қазіргі уақытқа дейін «Павлодар қаласының №5 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.

 

Сайт қатысушыларына тілек:

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) тұрғындар денсаулығын жақсартудың тиімдірек тәсілі болып табылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары тұрғындардың сау өмірінің ең көбін алатын сырқаттарға ең алдымен назар аударады.

Денсаулық сақтау жүйесі халық денсаулығы үшін толықтай жауап бере алмайды. Азаматтар өз тәртібі мен әдеттері, ауырған кездегі емдеу ережелерін сақтау арқылы өз денсаулығы үшін жауапты болуы керек. Медицина қызметкерлерінің міндеті: салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша емделушілердің хабардар болуын қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру нәтижесінде Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің дамуында жағымды тенденциялар байқалады.

 

 

 

 

 






[yop_poll id="2"]
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа