140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Медбике күніне арналған марапаттау

08.05.2019

IMG-20190508-WA0006

Әлемнің көптеген елдері Халықаралық медбике күнін атап өтуде. Қазақстан да қалыс қалмайды.

Бұл мереке атақты ағылшындардың бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде атап өтіледі. Қырым соғысы кезінде (1853-1856) ол әлемдегі алғашқы медбике қызметін ұйымдастырды. Соғыс жылдары тұрақты стереотип қалыптасты: медбике-ұрыс алаңынан жараланғандарды алып шығатын немесе операциялық үстелдің жанында тұратын санитар.

Шын мәнінде мереке жүз елу жылдан астам болса да, 1974 жылдың қаңтарында ғана бұл күнді 12 мамырда атап өтуге ресми шешім қабылданды.

8 мамыр күні медбике күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Біздің облыста 6536 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Ардагерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Көп жылғы адал еңбегі, Павлодар облысының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін медбикелер облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ең үздік мамандығы бойынша өңірлік конкурстың қорытындысы шығарылды.

Шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылды






Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қазақстанда жақында data.egov.kz ашылған деректер порталы жұмыс істейді. Портал қазақстандықтарға уақытты үнемдеуге және үнемі жаңартылған ақпаратты алуға көмектеседі. Портал data.egov.kz – бұл мемлекеттік органдардың жалпы қол жетімді деректері машинамен оқылатын түрде орналастырылатын алаң, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жинағына толық қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Осыған байланысты, сіз ашық және қолжетімді нысанда көргіңіз келетін неғұрлым мүдделі деректер бойынша сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз.
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа