140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Мисс Келешек

05.03.2018

03-03-18-12-56-5

2 наурыз күні «Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мисс Келешек» байқауына Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының атынан өнер көрсеткен ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның психолог маманы, біздің әріптесіміз Гаухар Искакова қатысып, жүлделі III орынға ие болды.

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл сайыста әртүрлі саладағы маман қыздар өздерінің бақтарын сынады. Қыздардың барлығы дерлік осы сайысқа асқан жауапкершілікпен қарағандары, өздеріне сенім артқан кәсіподақтарының атын шығаруға ат салысты.

Сайыстың әр кезеңіне ерекше дайындықпен барған Гаухар Кусбекқызы бес саусағынан өнер тамған жас маман екенін көрсете білді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын пайдалана отырып, қазақы салт- дәстүрді жаңаша бағытқа икемдеп, әр түрлі қолөнер бұйымдарын қазылар алқасына ұсынды.

Гаухар Кусбекқызын жүлделі орнымен құттықтай отыра, Павлодар облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Аманжол Салықұлына, ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның бас дәрігері Арман Төлеусағиұлына және де барша ұжымға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Сөз соңында, ұжымымыздағы барша аруларымызды келе жатқан Көктем мерекесімен құттықтаймыз! Өмірлеріңіз нұрлы, күндеріңіз шуақты, әрбір атқан таңдарыңыз арайлы болсын деген тілек білдіреміз!!!





ВЫЗОВОВ НА ДОМ ЗАПИСАНО НА ПРИЁМ

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қазақстанда жақында data.egov.kz ашылған деректер порталы жұмыс істейді. Портал қазақстандықтарға уақытты үнемдеуге және үнемі жаңартылған ақпаратты алуға көмектеседі. Портал data.egov.kz – бұл мемлекеттік органдардың жалпы қол жетімді деректері машинамен оқылатын түрде орналастырылатын алаң, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жинағына толық қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Осыған байланысты, сіз ашық және қолжетімді нысанда көргіңіз келетін неғұрлым мүдделі деректер бойынша сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз.
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа