Павлодардағы донорлық мәселелері бойынша семинар
Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығында облыстың эпидемиолог дәрігерлеріне арналған семинар өтті.
ЖИТС ОО эпидемиологиялық орталығының меңгерушісі Г.Ж. Хасенова донорлық, реципиенттерді зерттеуді талдау мәселелері туралы айтты. Облыстық қан орталығының эпидемиолог дәрігері Н.И. Бабина аталмыш тақырып бойынша толықтырды.
АИТВ алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы ақпаратты перинаталдық орталықтың, облыстық тері-венерология диспансерінің, наркологиялық диспансердің, жұқпалы аурухананың, Май және Успен ОАА дәрігерлері ұсынды.
«Жаңалықтар» және «Новости» ақпараттық бағдарламасына ЖИТС ОО жұмысы туралы сюжет түсірген «ЕРТІС» облыстық телеарнасының түсіру тобы семинарға ерекше көңіл білдірді
Роза Апаева